Новости

Республика күні - ұлттық мереке


27.10.2023

Ағымдағы жылдың 23-қазанында Республика күніне орай «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-дағы филиал қызметкерлерінің қатысуымен мерекелік концерт өтті. Салтанатты шараның ұйымдастырушысы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-дағы бастауыш ұйымы. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ ұжымының қызметкелерін құттықтап, мерекелік көңіл-күй сыйлап, мемлекетік тілді насихаттап, патриоттық сезімге толы өнерімізбен бөлісу.

Мерекелік концерт Қазақстан Республикасының гимнімен басталды. «СНПС– Ақтөбемұнайгаз» Акционерлік қоғамының Бас директорының бірінші орынбасары Т.С.Есенғұлов мырза әріптестерін ұлттық мерекеміз Республика күнімен құттықтап , "Бұл мереке - бүгінгі еңселі егемендігіміздің, тұғырлы тәуелсіздігіміздің, айбарлы азаттығымыздың айғағы ",- деп сөзін қорытындылады.

Сөз кезегін алған «СНПС – Ақтөбемұнайгаз» Акционерлік қоғамының Қауіпсіздікті үйлестіру жөніндегі бас инспекторы - «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» бастауыш ұйымының төрағасы А.Д.Сақтағанов көрермендерді Республика күнімен құттықтай отырып, өзін таныстырды. Бас директор Ли Шуфэн мырза мен Бас директордың бірінші орынбасары Есенғұлов Тақталифум Сәдуұлының ұсынуымен, осы жылдың қыркүйек айының 26-сынан бастап мекеме жанынан құрылған «Халықаралық Қазақ тілі» қоғамы» бастауыш ұйымының төрағасы болып сайландым. Негізі бұл бастауыш ұйым мекемемізде 2022 -жылдың 30-наурызында құрылған болатын. Бұл қоғамның басты мақсаты - қазақ тілін, қазақ мәдениетін, қазақ әдебиетін, Қазақстан тарихын оқып - үйренуге, әдет - ғұрпын, тұрмыс - салтын сақтап, оны одан әрі дамытуға ықыласты қазақ және басқа ұлт өкілдерінің басын біріктіретін ерікті ұйым. Міне, бүгін Сіздермен ұйым төрағасы ретінде Еліміздің айтулы мерекесі Республика күніне орай ұйымдастырылған салтанатты іс – шарада алғаш рет кездесіп, танысу мүмкіндігі бұйырып отыр екен, өте қуаныштымын! Алдағы уақытта ауқымды нәтижелі жұмыстарды бірлесіп, үлкен жауапкершілікпен орындайтынымызға сенім білдіремін деп сөзін аяқтады.

Мерекелік іс-шараға 10 басқармадан 30-ға тарта қызметкер қатысып ән, би, күй өнерлерін вахталық кенттегі мәдинет үйінде көрсетті. 200 орындық мәдениет үйінде бос жер болмады. Концертіміз «Атамекен» әнімен аяқталды. Салтанатты іс-шарада өнер көрсеткендер «Алғыс хаттармен» марапатталды.

Осы іс-шараға ат салысып, мерекелік концертке белсене қатысып, өнер көрсеткені үшін, әріптестеріме Халықаралық «ҚАЗАҚ тілі» қоғамының «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-дағы бастауыш ұйымының атынан алғыс білдіремін.

«Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы»
«СНПС-АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ» АҚ-дағы
бастауыш ұйымының төрағасының орынбасары Н.Нұртазин










































































































Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»