Новости

KIOSH 2022


01.06.2022

KIOSH 2022 – бұл еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы соңғы жетістіктерді көрсету, тәжірибе және білім алмасу, кездесулер мен талқылаулар үшін Қазақстанда құрылған жалғыз мамандандырылған алаң.

Мамыр айының 25-27 жұлдызы аралығында Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық конференция мен көрме өтті. Бұл шара 10-шы рет ұйымдастырылған. Көрме ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен өткізілді. Мұнда 30-дан аса қазақстандық және ресейлік мекемелер өз өнімдерінің заманауи жетістіктері мен ерекшеліктерін таныстырды.





Көрменің негізгі бөлімдері:

• Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік

• Тоқыма

• Денсаулық және еңбек гигиенасы

• Өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлар

• Оқыту және ғылым

• Экологиялық қауіпсіздік

KIOSH өз алаңында мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілердің, іскерлік орталардың және кәсіподақтардың өкілдерін жинап, нәтижелі диолог, жаңа байланыстар орнату, пікірлер және тәжірибе алмасу, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өзекті трендтер мен иновацияларды көрсету үшін қолайлы ахуал жасап отыр.

Еңбек өмірінің сапасы мен еңбек ресурстарының жинағы – жұмыскер үшін де, жұмыс беруші үшін де маңызы басым бағыттар. Бүгінде кез келген әлеуметтік бағыттағы кәсіпорын ең алдымен апаттылықты, жарақаттанушылықты, жұмыскердің кәсіби ауруын азайтуға мүдделі. Біздің «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның да алға қойған мақсаттарының маңыздыларының бірі осы. Сол себепті біздің компанияда өз жұмысшыларын осындай алаңдарға тәжірибе алмасуға іс-сапармен жіберіп тұрады. Осы іс-сапарымызға мұрындық болған ЕҚ, ҚОҚ ж ТЖ мен ЕҚ департаменттерінің басшыларына алғысымды білдіремін.









«Мың рет естігеннен, бір рет көрген артық» - демекші, Қ ж ЕҚ саламызға керек жаңалықтарды жадымызға түртіп алып, әріптестеріммен бөліспекпін. Осындай компаниялардың біріне ерекше тоқтап кеткім келеді. ЖЩҚ «КВАЗАР» - кәсіпорындар үшін кешенді инфрақұрылымдық шешімдерді жеткізуші және әзірлеуші. Бұл компанияның қондырғысы КАП «ЭСМО» Медициналық тексерудің электрондық жүйесі деп аталады. Толық автоматтандырылған және жаппай медициналық тексерулерді жүргізетін электрондық медициналық тексеру жүйесі. Ол медициналық өлшеулер жүргізу негізінде қызметкердің жұмысқа дайындығын бағалайды. Сонымен қатар, жүйенің қызметіне жұмыскердің қан қысымын өлшеу, алкогольді сусындарды пайдаланған немесе пайдаланбағанын анықтау, көз қарашығынанан қызметкердің есірткі қолданғанын немесе қолданбағанын білу және дене қызуын анықтау сынды жұмыстар кіреді. Электрондық медициналық тексеру журналына жазу түрінде жұмысқа жіберу немесе жібермеу туралы қорытындыны қалыптастырады. Бір қызметкерді тексеру үшін 60 секунд уақыт алады. Өздеріңіз білетіндей, компаниялар заңмен белгіленген кәсіптер тізіміндегі қызметкерлерді ауысым алдындағы медициналық тексеруден өткізуге міндетті.













Бұл жабдықты пайдаланған жағадайда компанияның өндірістік көрсеткіштерін оңтайландыруға, қызметкерлердің еңбек жағдайлары мен жұмыс тиімділігін жақсартуға, жазатайым оқиғалар мен қаржылық шығындар қаупін азайтуға септігін тигізер еді. Еңбекті қорғауды цифрландыру жұмыс орындарындағы жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі деп сенемін.


Мж/еМӨӨБ-ның Қ ж/е ЕҚ жөніндегі
бас техникалық жетекшісі
Нұрлан Нұртазин




















Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»