Новости

Сөз құдіреті

"СНПС-Ақтөбемұнгаз" АҚ-да мемлекеттік тілді дамыту және жетілдіруге арналған байқау өтті


05.08.2022

Үстіміздегі жылдың 3 сәуірінде "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ әкімшілігі ғимаратының мәжіліс залында "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ филиалдары жастарының арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін дамыту аясында және Қазақстан Республикасы мен ҚХР мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының 25 жылдығына орай ұйымдастырылған "Бір белдеу, бір жол!" атты байқау өтті. Бұл іс-шараға "СНПС-АМГ" АҚ-ның Басқару аппараты, ҚТжСБ , КМГӨБ, АМС, ҒЗИ, ҚБ, ОМГӨБ, ЖМГК, АМЭ және ӨТҚжЖЖБ жас мамандарынан құралған 10 команда қатысты.

Байқау 4 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең "Терминдер сөйлейді" деп аталды, қатысушыларға мұнай-газ саласында қолданылатын терминдерді қазақ тіліне аудару және қысқаша сипаттау қажет болды.

Екінші кезеңде командалар ұсынылған тақырыптардан өздері таңдаған сұрақтарға жылдам жауап беруі керек болды. Қатысушылар "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" тұлғалары," Қазақстан мұнайының тарихы"," Алаш арыстары" және "Жалпы сұрақтар" категорияларын таңдай алды.

Үшінші кезеңде командалар үй тапсырмасын дайындап келді. Бұл жолы қазақ фильмдерінен алынған үзінділерді дыбыстау қажет болды. Фильмге жасалған дыбыстаудың басты мақсаты жаңа Қазақстанның өзекті мәселелері, жастарды қолдау, мәдени мұраны сақтау және т. б. болды.

Қорытынды кезеңде командалар өз қолдарымен қоршаған ортаны қорғау, Қазақстан халықтарының достығы, энергия мен табиғаттың үйлесімі және бүкіл жер бетіндегі бейбітшілік сияқты тақырыптарды көрсететін қолөнер туындыларын жасауға тиіс болды. Байқауға қатысушылар Экология, Бейбітшілік және барлық адамдардың теңдігі мәселелерінің қаншалықты маңызды екенін нақты көрсетуі керек еді.

Байқауды ұйымдастырушылардың айтуынша, барлық қатысушылар жеңіске деген зор құлшынысын және қазақ тіліндегі іргелі білімдерін көрсетті. Жүлделі бірінші орынды Кенқияқ мұнайшылары – "Кеңқияқмұнай"МГӨБ командасы иеленді. Екінші және үшінші орынды тиісінше "Октябрьмұнай" МГӨБ және Ғылыми-зерттеу институтының командалары иеленді.

Сондай-ақ, ұйымдастырушылар Мұнай және газ өндіру департаментінің жетекші инженері Нұрбол Молдабаевты ерекше атап өтті. Ол викторинаның барлық сұрақтарына жауап бере алды. Өкінішке орай, оның басқару аппаратының командасы жүлделі орынға ие бола алмады.

Минура Қабеш – «Кеңқияқмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасы әкімшілік-шаруашылық бөлімінің қазақ тілінің аудармашысы:

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін дамыту аясында Әкімшілік департаментінің Тіл саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен жыл сайын ауқымды шаралар өткізіледі. Ағымдағы жылы бұл кезең Қазақстан Республикасы мен ҚХР мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының 25 жылдығымен тұспа-тұс келді. Осы айтулы күнге орай АҚ филиалдары жастарының арасында «Бір белдеу, бір жол» атты байқау өтті. Мен ең бірінші байқауды ұйымдастырушыларға, Күланда Құттымұратқызына алғыс білдіргім келеді. Бес кезеңнен тұрған байқау өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Жастар өздерін білім, логика, қолөнер, актерлік шеберлік сынды әр қырынан көрсетіп, ашылуларына мүмкіндік болды. Осындай мағыналы байқау ұйымдастыру, әрбір қатысушының өзіне артылған жауапкершілікті сезінуге, уақытын тиімді пайдалануға, жалпы жоғары білікті маман болып қалыптасуына үлкен септігін тигізеді деп айта аламын. Біз, «Кеңқияқмұнай» МГӨБ командасы байқау барысында алдыға қойған мақсатымызға толық жеттік. Ол КМГӨБ бастығы Р.Ф.Акманов мырзаның жастарға деген қолдауы мен сенімінің, ұжымымыздың құндылығы болып қалыптасқан әріптестеріміз арасындағы ынтымақ пен бірліктің, команда құрамындағы басқармамыздың әр бөлімнен жиналған жоғары білікті мамандардың: ӨТБ бастығының орынбасары Оңайбаев Сейілхан Амангелдіұлының, ЕҚ және ҚОҚБ инженері Байкадамова Индира Кдыровнаның, ЕҚБ 2 санатты инженері Елешова Салтанат Сайлаубаевнаның, №3 МГӨЦ бастығының орынбасары Юсупов Қайрат Альбековичтің, ӨАжИТЦ бақылауыш-өлшейтін аспап жөндеушісі Абитов Жандос Бауыржановичтің, МДАЦ технологиялық қондырғы операторы Сейт Батырхан Құлбатырұлының білімі мен тәжірибесінің арқасында. Халқымыздың берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білуі жеңістен жеңіске жеткізіп, жеріміздің кеңдігін, еліміздің елдігін сақтап қалуға үлкен тірек болды. Осынау құндылықты терең түсінген, 55 жылдан астам бай тарихымыз бар, «Кеңқияқмұнай» МГӨБ білікті мұнайшы мамандардың шығу орталығы болып отыр. Әріптестеріме алғыс білдіре отыра, қажырлы еңбегіміздің жемісі- бірлікте екенін атап өткім келеді.»

"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ басшылығы мен ұжымы корпоративтік мәдениет аясында мемлекеттік тілді дамытуға және дәріптеуге әрқашан ерекше көңіл бөліп отырады. Оған дәлел ретінде, ұлттық мерекелерді мерекелеуге арналған түрлі байқаулар мен іс-шараларға қатысып, өз білімімен және шығармашылығымен мұнайшылардың тату отбасын дәріптеуге дайын жүздеген жанашыр және талантты жас қызметкерлердің жиналып өз өнерлерін көрсетуі болып табылады.




















Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»