Новости

Аударма ерекшеліктері


04.03.2022

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ аудармашылары қазақ тілінде бірегей техникалық анықтамалықтар жасап, Компанияда ана тілді дамыту мен қолдану аясын кеңейту мәселесімен айналысады.

Вавилон мұнарасы туралы ескі өсиеттің астарлы әңгімесінде Жаратушы адамдарды тілдік принцип бойынша бөлу арқылы ұлы құрылысқа кедергі жасауды көздейді. Осылайша бір-бірінің сөзін түсінбеген құрылысшылар жұмыстарын жалғастыра алмай, аяқталмаған жобадан бас тартады. Бұл аңыздан түйгеніміз тілді түсіну арқылы ғана біз кез келген жұмыста жоғары бірлескен нәтижелерге қол жеткізе аламыз.

Қазақстан Республикасындағы мұнай-газ саласының ерекшелігі - елімізде әлемнің әр түкпірінен шетелдік инвесторлардың көп тартылуымен сипатталады. Әрине, жергілікті мамандардың шетелдік әріптестерімен қызмет барысында тығыз байланысуы үшін олардың әр түрлі өндірістік тапсырмаларды орындау кезінде тек жеке қарым-қатынаста ғана болмай, тиісті нормативтік құжаттамаларды дайындау кезінде де өзара әрекеттерін үнемі үйлестіріп отыру қажет. Қарапайым сөзбен айтқанда, әр түрлі тілдерде сөйлейтін әріптестердің ынтымақтастығы мүмкіндігінше түсінікті және үйлесімді болуы үшін «ортақ тіл» табу керек.

Шетелдік және отандық мамандардың қызмет барысындағы тығыз қарым-қатынасын жүзеге асыратын бірден-бір таптырмас маман - аудармашылар. Аудармашылар нормативтік құжаттамаларды өзге тілдерден мемлекеттік тілге аудару барысында инвесторлардың ҚР «Тіл туралы Заңын» жүзеге асыруды орындайды.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ қызметі қазақстандық тауарлар, жұмыс және қызмет өндірушілерімен тікелей байланысты. Қазақстан экономикасының жан-жақты дамуы жергілікті өнім сапасының артқанын көрсетеді. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ отандық өндірушілермен белсенді байланыста: кен орындарын игеруде, өндірістік операцияларда және құрылыста қазақстандық өндірістің өнімдері кеңінен қолданылуда. Компания қазақстандық өнімдер мен қызметтерді сатып ала отырып, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда бекітілген қазақстандық қамту бойынша міндеттемелерді мүлтіксіз орындайды.

2015 жылдан бастап «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу Қағидаларының талаптарына сәйкес және олардың өндірушілері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 133 қаулысымен бекітілген 4-тармаққа сәйкес тиісті Келісім-шарттарды екі тілде – орыс және қазақ тілдерінде ұсыну қажет болды, сондықтан «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Сатып алу департаменті Келісім-шарттардың үлгілерін дайындап, оларды мемлекеттік тілге аударуды қажет етті. Бұл маңызды жұмысты жүзеге асыру үшін «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас кеңсесіне АҚ-ның барлық филиалдарынан қазақ тілінің аудармашылары шақырылып, жұмысқа тартылды. Барлық жұмыстар орталықтандырылған түрде жүргізілді, Келісім-шарттардың әрбір тармағы Қазақстан Республикасының тиісті Заңдарына сәйкес аударылды. Аудармашылардың бірлесе жұмыс жасап, күрделі аударма мәселелерінің алқалы түрде талқыланып, тез шешімін табуы өте маңызды болды.



Сонымен қатар, қазақ тілінің аудармашылары Акционерлік қоғамның өндірістік-техникалық қызмет көрсету және жабдықтарды жинақтау басқармасымен (ӨТҚжЖЖБ) бірлесе отырып жұмыс жасады. Қазақ тілінің аудармашылары мемлекеттік тілдегі тауар-материалдық құндылықтар (ТМҚ) атауларынан тұратын, алуан түрлі салада қолданылатын үлкен база құрды, олар: мұнай-газ, электр, тұрмыстық техника; кеңсе жабдықтары; тамақтандыру жабдықтары; құрылыс және т.б. түрлі салалар. Осылайша, қазақ тіліндегі техникалық терминдерді күнделікті жұмыста қолдану үшін «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-да алғаш рет Тауарлар мен материалдар бойынша «Бірыңғай электронды анықтамалық жасалды». Бүгінгі күні бұл деректер базасын Компания қызметкерлері кеңінен пайдалануда.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ қазақ тілі аудармашыларының ұзақ және тыңғылықты жұмысының нәтижесінде Сатып алу департаменті, ӨТҚжЖЖБ үшін сапалы және қысқа мерзімде 128-ден астам Келісім-шарт жасалды (жалпы аударма жұмыстарының көлемі 9 мыңнан астам бетті құрады) және 75 мыңнан астам техникалық сипаттамалары бар Тауарлар мен материалдардың атаулары аударылды. Аудармашылардың белсенді жұмысының арқасында параллельді түрде мемлекеттік тілдегі үлкен техникалық сөздік пен Келісім-шарт үлгілерінің тізімі жасалды. Бұл - қиын әрі қызықты да эмоционалды процесс. Әр аудармашы аударманың өз нұсқасын ұсынады, түсіндіреді, өз баламасын қорғайды, нәтижесінде әр сөздің баламасы «Әділет» АҚЖ-на сәйкес тексеріліп, түпкілікті ортақ шешімге тоқталады.

Орасан зор жұмысты жедел және сапалы орындағаны үшін, жоғары кәсіби шеберлігі үшін барлық аудармашылар 2015 жылы Бас директордың көмекшісі Чен Цзунсян мырзаның алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ, 2019 жылғы қаңтарда Еңбек ресурстары департаментінің тапсырмасы бойынша, Аудармашылар ұжымымен төмендегі маңызды құжаттарды түзету және қалыптастыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді:

- «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ жұмысшыларының кәсіптері атауларының тізбесі;

- «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ ИТҚ лауазымдық атауларының тізбесі;

- «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бөлімшелері атауларының тізбесі.

Бүгінгі күні Аудармашылар жұмысы жалғасуда, дәлірек айтсақ, 2021 жылдың 04 қазанынан бастап 2022 жылдың 04 сәуіріне дейін «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» бас кеңсесіне Акционерлік қоғамның түрлі бөлімшелерінде жұмыс жасайтын аудармашылар тобы қызмет етуде, осы уақыт аралығында олар 7500 ТМҚ атауларын аударды. Жұмыс барысында тағы қосымша 4500 ТМҚ атаулары қосылды. Қазақ тілі аудармашылары өз жұмыстарын сапалы және уақытылы орындауда, сондай-ақ филиалдар мен Қоғам басшылығының барлық тапсырмаларын дер кезінде орындап отыр.



«Бүгінгі таңда біздің қызметіміздің аясы кеңейді. Егер бұрын біз мәтіндерді, бұйрықтарды, баяндамаларды механикалық аударумен шектелетін болсақ. Қазіргі күні бұл өз мәнінде Тіл саясаты және аударманың қуатты бөлімі. Аудармашылар тәжірибе жинақтап, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтіп, қазақ тіліндегі газет-журналдарға жазылу жұмыстарын белсенді жүргізіп, жыл сайынғы ауқымды іс-шаралар жоспарын әзірлейді. Жалпы, ұжымымыз жылдан-жылға кәсіпқойлығы артып келеді. – дейді, Тіл саясаты және аудармалар бөлімінің басшысы Күләнда Тұрғанбаева.

2019 жылдың тамыз айында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ басшылығы Әкімшілік департаменті жанынан Тіл саясаты және аударма бөлімін құру туралы шешім қабылданды. Бөлім үш адамнан тұрады: бөлім меңгерушісі, жетекші аудармашы – 1 бірлік, бірінші санатты аудармашы – 1 бірлік. Сондай-ақ «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ филиалдарында 7 қазақ тілі аудармашысы жұмыс жасайды, оның ішінде қазақ тілінің 1 санатты аудармашы – 2 адам, 2 санатты аудармашы – 4 адам және санатсыз – 1 адам. Аудармашылардың негізгі құрамы әйелдерден тұрады. Нәтижесінде - «Неге аудармашылардың басым көпшілігі «әйел адамдар?» деген сұрақ туындайды.

- Біздің команда негізінен 9 әйел және 1 ер адамнан тұрады. Менің ойымша, әйелдер санының басым болу себебі, жұмыс үлкен табандылықты қажет етеді. Мұндай табанды еңбекті талап ететін жұмысқа ер адамдар төзе бермейді. Жалпы қалыптасқан ұстаным бойынша, ер адамдар негізінен техникалық университеттерде, ал әйелдер гуманитарлық университеттерде білім алады,- дейді атаулы Компанияда 24 жыл тәжірибесі бар Күләнда Құттымұратқызы Тұрғанбаева.

Бөлімнің негізгі міндеті – аударманың нысандары мен әдістерін жетілдіру, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының орындалуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасындағы Тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Тіл саясаты және аудармалар бөлімінің басшысы Күләнда Тұрғанбаева атап өткендей, бұл міндетті жүзеге асыру мақсатында бірқатар әлеуметтік-мәдени шаралар өткізілуде.

– Бүгінгі таңда бөлім «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңын, Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша филиалдардың, басқармалардың, қызметтердің жұмысын үйлестіруде. Қоғамда біртұтас тіл саясатын жүзеге асыруға, мемлекеттік тілді қолданудың сұранысы мен беделін арттыруға бағытталған іс-шаралардың жобалық жоспарларын ұсынуды қамтамасыз етеді. Басқарма Ақтөбе облысында Мемлекеттік тілді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға атсалысып, жыл сайынғы облыстық тілдер фестиваліне белсене қатысады. Мұнда мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған фестивальдар, байқаулар, олимпиадалар және басқа да шаралар өткізіледі.



Қазақ тілінің аудармашылары тек механикалық аудармамен ғана шектелмейді, түпнұсқаның мағынасын мейлінше дәл беретін сөзді немесе сөз тіркесін таңдап, қолдануға тырысады, мемлекеттік тілдегі іскерлік корреспонденцияны сауатты, түсінікті, стилистикалық жағынан тексерілген және қолданушыға ыңғайлы етіп жасауға тырысады. Аудармашылар сонымен қатар өздеріне түскен құжаттарды түзетеді, өңдейді, қажет болған жағдайда Қоғам акционерлерінің және «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің отырыстарында 3 тілде (қазақ, орыс, қытай) ілеспе аударма жасайды.

Тіл саясаты және аудармалар бөлімі Облыстық тілдерді дамыту басқармасымен, Республикалық терминологиялық комиссиямен, Облыс әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиямен тығыз байланыста. Бұл мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу бойынша жұмыстардың бір түрі.

– Мемлекетіміздің инновациялық дамуымен жыл сайын іс жүргізу және құжат айналымы саласына өзгерістер енгізіліп, қазақ тілінен орыс тіліне аудару техникасы, латын әліпбиі енгізілуде. Құжаттама мен техникалық терминдерді мемлекеттік тілге аудару барысында техника мен технологияның қарқынды дамуына байланысты біз күнделікті жұмыста түрлі қиындықтарға кездесеміз. Бірақ, кәсіби маман ретінде біз олардың оңтайлы шешімдерін тауып отырмыз, – дейді Тіл саясаты және аудармалар бөлімі басшысы Күләнда Тұрғанбаева.



Осындай мүмкіндікті пайдалана отырып, Тіл саясаты және аударма бөлімінің басшысы Күләнда Тұрғанбаева әріптестерін келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

- Құрметті ұжым әйелдері, Сіздерді көктемгі 8 наурыз мерекесімен құттықтағым келеді! Заманауи әлемде әйел отбасы ошағының сақтаушысы ғана емес, сонымен қатар тамаша маман, іскер әйел. Тіл саясаты бөлімінің атынан, Басқару аппараты кәсіподақ комитетінің төрағасы ретінде Акционерлік қоғамымыздың барша әйелдеріне денсаулық пен бақыт, амандық, көктем шуағы, жылулық пен береке тілеймін!

Біз, Бас директор әкімшілігі атынан аудармашылардың құттықтауларына қосыламыз, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында барша әйелдер қауымына бақыт пен денсаулық, қуаныш пен махаббат тілейміз. Сіздерді әрқашан жақын, жақсы адамдар қаумаласын! Өздеріңізге қымбат адамдармен «Ортақ тіл» табуыңызға тілектеспіз!

Антон Пережогин
Бас директордың әкімшілігі
Күләнда Тұрғанбаева Тіл саясаты және аудармалар бөлімінің басшысы
























Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»