Новости

«Нефтяник» лагерінде отбасылық көңіл көтеру сайысы өтті


18.07.2022

Үстіміздегі жылдың 14 шілде күні Нефтяник лагерінің үшінші маусымында Отбасылық Көңілді старт сайысы өтті.

Кәсіподақ командасынан бұл жолы сайысқа Кәсіподақта қызмет атқаратын қыздары қатысты. Қыздарға Басқару аппаратының кәсіподақ белсендісі Абдуллин Алмас көмектесті.

Сайыс өте керемет өтті, қыздарымыз жүгірді, секірді, биледі, еңбектеді, қаптардың ішімен өтті, барлық сайыстан ешқандай қиындықсыз өте білді. Аталыкова Светлана, Жергілікті кәсіподақ ұйымының бас есепші, Балагулова Айгүл СНПС-АТК бастауыш кәсіподақ ұйымының есепшісі, Кульмурзина Ғайни- "Октябрьмұнай" Мұнайгаз өндіру басқармасы бастауыш кәсіподақ ұйымы есепшісі әлі де спортқа икемді екендерін көрсетсе, Қазбаева Динара Жаңажол Мұнайгаз өңдеу кешені бастауыш кәсіподақ ұйымының есепшісі, Жетпісова Әсел Ақтөбемұнайсервис бастауыш кәсіподақ ұйымының есепшісі, Агисова Диана - Қоғамдық тамақтандыру және сауда басқармасы бастауыш кәсіподақ ұйымының есепшісі, Сакабанова Айнұр - Құрылыс басқармасы бастауыш кәсіподақ ұйымының есепшісі, жүгіруден балалардан кем түспеді. Кульмагамбетова Сауле Қоғамдық тамақтандыру және сауда басқармасы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы жүгірген мен секіргеннен бөлек Тик Ток мелодияларына әдемі билерімен таң қалдырды. Тұрғанбаева Күлянда барлық өткен іс шараларды тарих бетінде қалу үшін видеоға түсіріп жүрді.

Естеріңзге сала кетейік Жергілікті кәсіподақ ұйымы балаларымыздың жазғы демалысы есте қаларлықтай өту үшін өздерінің үлестерін қосып келеді, бірінші және екінші маусымдарда Кәсіподақ төрағаларынан құрылған команда футбол ойындарын өткізген болатын. Акционерлік Қоғам балаларының жазғы демалысын Нефтяник лагерінде ұйымдастыру біздің Ұжымдық шарттың әлеуметтік кепілдіктердің негізгілерінің бірі болып табылады және алдағы уақытта Нефтяник лагерінің материалдық базасының жоғары деңгейде болуы үшін Компания басшылығымен бірлесіп жұмыстарды жалғастыратын болады.

Балаларымыздың балалық шағы бақытты болсын деп тілейміз. Сіздер үшін, "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ Жергілікті кәсіподақ ұйымы!

Материал дайындаған : Сәтов Самат


















Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»