|
|
Новости
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ 23.12.2025 2025 жылғы 18 желтоқсан күні шалғайдағы Северная Трува кен орнының Ащысай вахталық кентінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – тұғырым» атты салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Аталған мәдени-көпшілік шара «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ басшылығының қолдауымен, компания жанындағы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бастауыш ұйымының ұйымдастыруымен өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, мемлекеттік тілді насихаттау және ұжым қызметкерлерінің рухани бірлігін нығайту. Салтанатты жиында құттықтау сөз сөйлеген «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ жанындағы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бастауыш ұйымының төрағасы, корпоративтік қауіпсіздік жөніндегі бас менеджер А.Д. Сақтағанов пен кәсіподақ комитетінің төрағасы Самат Сатов жұмысшыларды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, соңғы 15 жылда Ащысай вахталық кентінде алғаш рет осындай форматтағы концерттік іс-шара ұйымдастырылып отырғанын атап өтті.
Іс-шараның көркін арттыру мақсатында «Ағайынды Көшербаевтар» атауымен танылып жүрген әншілер арнайы шақыртылып, мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынды. Мерекелік бағдарлама аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, патриоттық және халық әндері шырқалды. Атап айтқанда:
Сондай-ақ халық әндерінен арнайы композициялар орындалды. Өнерпаздардың орындауындағы әндер көрермендер тарапынан ыстық ықыласқа ие болды. Мерекелік кеш соңында барлық қатысушылар сахнаға шығып, көрермендермен бірге «Атамекен» әнін хормен орындады. Аталған іс-шара қызметкерлерге рухани серпін беріп, Тәуелсіздік құндылықтарын ұлықтауға бағытталған тағылымды кеш ретінде жоғары деңгейде өтті.
СОСТОЯЛОСЬ ТОРЖЕСТВЕННОЕ МЕРОПРИЯТИЕ, ПОСВЯЩЕННОЕ ДНЮ НЕЗАВИСИМОСТИ18 декабря 2025 года в вахтовом поселке Ащысай отдалённого месторождения Северная Трува состоялось торжественное праздничное мероприятие «Тәуелсіздік – тұғырым» («Независимость — наша опора»), приуроченное ко Дню Независимости Республики Казахстан. Данное культурно-массовое мероприятие было проведено при поддержке руководства АО «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» и организовано первичной организацией Международного общества «Қазақ тілі» при компании. Основная цель мероприятия — популяризация национальных ценностей, продвижение государственного языка и укрепление духовного единства коллектива. С поздравительной речью выступили председатель первичной организации Международного общества «Қазақ тілі», главный менеджер по корпоративной безопасности А.Д. Сақтағанов, а также председатель профсоюзного комитета Самат Сатов.
Для придания особой торжественности были приглашены певцы «Ағайынды Көшербаевтар», представившие насыщенную концертную программу. В завершение праздничного вечера все участники вышли на сцену и вместе со зрителями хором исполнили песню «Атамекен». Мероприятие прошло на высоком уровне и стало значимым событием, направленным на прославление ценностей Независимости.
|
| Система энергетического менеджмента. Уведомления |
Информация для энергопотребителей |
Транспортировка товарного газа |
Водоотведение | CBK | Объявления | Информация для акционеров | Учредительные документы |





