|
Новости
Кәсіби мереке. Мұнайшы күні Жаңажол МГК ұжымы – үлгі тұтарлық ұйымшылдық және үлкен ортақ тәжірибенің мысалы 23.08.2022 Қазақстан және Қытай Республикаларының мұнай-газ саласындағы өзара тиімді ынтымақтастығының 25 жылдығын мерекелеу жылында және кәсіби мереке – мұнайшы күні қарсаңында біз Жаңажол мұнай – газ өңдеу кешенінің тамаша, үлгі тұтарлық ұжымының өндірістік еңбек тынысы туралы баяндаймыз. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ өндірістік бөлімшесінің ұйымшыл командасының күш-қуаты туралы бейнелер палитрасын құрастыра отырып, біз Жаңажол МГК бірқатар басшыларының пікірлерін тыңдап, сұхбат алдық, олар өндіріс, серпінді жобалар, өндіріс кезеңдерінің табыстары, өз әріптестері туралы шын жүректен және тебіреніспен әңгімелеп берді. Жаңажол МГК-нің кез келген жұмысшысы шынай тұрғыда инженерлік сауаттылықтың, еңбекқорлықпен «мен» деген тамаша үйлесімін көрсете білетініне күмән келтірмейміз. Жаңажол МГК басшысы Бердалы Тасмағамбетов: Жаңажол мұнай-газ конденсаты кен орнын өнеркәсіптік игеруге біртіндеп енгізу 1982 жылы Газ Өндіру Зауыты құрылысын салу талабы туындады. Жаңажол ұңғымасының өнімдері меркаптандардың жоғары құрамымен ерекшеленеді, газ факторы маңызы айтарлықтай ерекше болатын. Алғашқы зауыт 1987 жылдың басында салынды және жыл аяғында пайдалануға беріліп, іске қосылды, оның өндірістік қуаты бір жылына 2 млн.тонна ұңғымалық өнімді құрады. 1997 жылы Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы біздің Акционерлік қоғамымыздың акцияларын сатып алғаннан кейін біздің компаниямыздың экономикасына инвестициялар белсенді түрде құйыла бастады. Жер үсті кәсіпшілік объектілерін белсенді жаңғырту аясында 1998 жылдан 2002 жылға дейінгі кезеңде біздің тұңғыш зауытымызды елеулі түрде қайта жаңғырту жүзеге асырылды. Бұл жерде жоба әзірлеушілерге ерекше құрметімізді білдіргіміз келеді: Ресейдің «Гипровостокнефть» институтының мамандары сол кездегі заманауи инженерлік шешімдерді ұсынды. Қайта жағырту ГӨЗ-ның қуатын жылына 2,5 млн.тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Компанияның кен орындарында көмірсутектерді жалпылай өндірудің табиғи өсімі 2000 жылы екінші ГӨЗ-ын салу туралы шешім қабылдау талабы туындады. Екінші зауытты CNPC құрамына кіретін Шыңжаң инженерлік-жобалау институты жобалаған. Зауыт 2002 жылдың көктемінде салына бастады, оның жобалық сызбасымен екі технологиялық желі іске асырылды. Мердігер құрылыс ұйымдары тобының таңғажайып құзыреттілігінің арқасында зауыт өте қысқа мерзімде салынды: 2003 жылдың қазан айында зауыт пайдалануға қабылданды. Мұнай дайындау бойынша жобалық қуаты жылына 3 млн. тонна, ілеспе газды дайындау бойынша - жылына 1,4 млрд. текше метрді құрады. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ ілеспе мұнай газын толық пайдаға жарату» стратегиялық бағдарламасын іске асыру, атмосфераға зиянды шығарындыларды түбегейлі азайту шеңберінде 2007 жылы № 3 ГӨЗ-ның бірінші кезегінің құрылысы басталды. Үшінші зауыт «Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы» мемлекеттік кешенді бағдарламасының маңызды құрамдас бөлігіне айналғанын атап өткен жөн. Біздің үшінші зауыт құрылыс кезегі бойынша пайдалануға берілді. Бірінші кезек 2008 жылғы қаңтарда, екіншісі – 2014 жылғы маусымда, үшіншісі – 2015 жылғы тамызда пайдалануға енгізілді. Алайда үшінші ГӨЗ-ы толық пайдалануға берілгеннен кейін, кәсіпшілік қуаттарды арттыру процесі тоқтаған жоқ. 2011 жылы № 4 Мұнай дайындау зауыты пайдалануға берілді. 4-МДЗ іске қосылғанға дейін бірінші және екінші зауыттарда мұнай дайындау қондырғылары барынша артық жүктелген режимдерде жұмыс істегенін мойындау керек. Төртінші зауыт бұл қондырғылардың жұмысын жеңілдетті, сонымен қатар 3-ГӨЗ-на тазартылмаған газдың қосымша көлемін беру 4-МДЗ іске қосылуымен басталды. Жаңғыртудың жоғарыда аталған көп жылдық кезеңдерін іске асырғаннан кейін, Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешенінің нақты өнімділігі бүгінгі таңда мынадай: • газ дайындау бойынша – жылына/8,4 млрд. текше метр; • мұнай дайындау бойынша – жылына/ 9 млн.тонна; • СКГ өндірісі бойынша – жылына/ 982 мың тонна; • күкірт өндіру бойынша – жылына/224 мың тонна.Мұнайшы күні қарсаңында осы жылдардағы біздің табыстарымыз және жетістіктеріміз Жаңажол МГК еңбек ұжымының арқасында орын алды деп сеніммен айтуға болады. Мен барлық әріптестерімізге кез-келген өндірістік және қызметтік-басқарушылық жағдайларда, әр қилы оқиғалар және жағдайларға қарамастан, жұмысшыларымыздың күнделікті баға жетпес еңбегіне, күш-жігері мен табандылығы үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді. Құрметті мұнайшылар! Біздің күш - қуатымыз сарқылмасын, еңбексүйгіштігіміз - шексіз, ал ерен еңбегіміз жоғары бағаланатын болсын! Мереке құтты болсын, құрметті кәсіби мұнайшылар!». Жаңажол МГК бастығының орынбасары, екінші зауыттың бастығы Талғат Бейсебаев: «Ақтөбе жобасындағы CNPC-дің прогрессивті инвестициялық қызметінің белгісі ретінде өткен, 25 жыл ішінде Жаңажол МГК мұнай және ілеспе газды дайындау жөніндегі технологиялық қуаттарды едәуір арттырды, бұл өндірілетін газ шикізатының көлемін пайдаға асырудың стратегиялық міндеттеріне толық жауап береді және «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның капиталды көп қажет ететін табиғат қорғау саясатының қағидаттарына сәйкес келеді. Жаңажол өңдеу кешенінің қуаттылықтарында мұнайды тауарлық күйге дейін дайындау, ілеспе газды күкіртсутектен және меркаптандардан тазарту, сұйытылған көмірсутек газын өндіру, газ конденсатын тұрақтандыру, тауарлық өнімді өндіру және жөнелту жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда біздің тауарлық газ Ақтөбе облысы және Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің тұтынушыларына магистральдық құбырлар арқылы беріледі. Сұйытылған газ Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізіледі, сондай-ақ экспортқа жіберіледі. Дайындалған мұнай «Қазтрансойл» ЖАҚ мұнай құбырына жеткізіледі. Өндірістік циклдің барлық кезеңдерінде озық әлемдік тәжірибеге сәйкес келетін технологиялар іске асырылды. Бұл технологияларға PARSONS, MERICHEM, UOP, Grace және басқа да халықаралық компаниялардың патенттік әзірлемелері кіреді. Қазіргі заманғы жабдықтар өңделген шикізаттағы күкіртсутектің жоғары мөлшерін ескере отырып жобаланған және жасалған. Кәсіпорында заманауи «Agilent», «Кристалл», «Mettler Toledo», «Horiba» жабдықтарымен жабдықталған аккредиттелген зертхана жұмыс істейді. Зауыт зертханасының міндеттеріне өндірістік циклдің барлық кезеңдерінде шикізаттың, ішінара және шығарылатын өнімнің сапасын қатаң бақылау, сондай-ақ жұмыс аймақтарындағы атмосфералық ауа сапасына мониторинг жүргізу кіреді. Газды дайындау барысының маңызды бөлігі - өндіріс, яғни газ күкіртін бөлу, онсыз тауарлық газды дайындау мүмкін емес. Күкірт өндірісінде шикізаттың кіріс ағынында күкіртсутектің 98% - дан астамын пайдаға асыруға мүмкіндік беретін жетілдірілген Клаус әдісі қолданылады. Күкіртті түйіршіктеуге арналған «Sandvik» (Швеция) компаниясы әзірлеген процесс пайдаланылады. Түйіршіктеу қондырғылары өлшеп-орау және қаттап жинау технологиялық желілермен жабдықталған. Сұйытылған газды алу дәрежесін арттыру мақсатында кешенде «Atlas Copco» агрегаттар базасында детандерлік қондырғылар жұмыс істейді, бұл газдан көмірсутектердің ауыр фракцияларын алу дәрежесін 95% - дан жоғары деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ өзінің шаруашылық қызметінің барлық кезеңдеріндегі жұмысы Қазақстан Республикасының әл-ауқаты мен гүлденуі жолындағы барлық жаңа жетістіктерге бағытталғанын көрсетеді. Компания тұрақты серіктес бола алды және сенімді серіктес болып қала береді, оның аймақ өміріндегі рөлі ешқашан елеусіз қалмайды деген сенімдемін. Жаңажол МГК бастығының жабдықтармен қамту жөніндегі орынбасары Нұрвек Каукаков: «Біздің компанияны сенімді инвестициялық басқарудың 25 жылы ішінде Қытай ұлттық мұнай корпорациясының мамандары акционерлік қоғамның өндірістік-шаруашылық жүйесін түбегейлі өзгерте алды. Мұнай өңдеу көлемі жылына екі млн. тонна және газ өңдеу көлемі жылына 800 млн. текше метр болатын, шағын мұнай-газ өңдеу зауытынан тұратын біздің филиалымыз, жылына тиісінше 9 млн. тонна және 8,4 млрд. текше метр болатын көмірсутектерді дайындайтын үлкен кешенге айналды. Тауар өнімдерінің қоржынында сұйытылған көмірсутекті газ бен түйіршіктелген газды күкірт маңызды орын алды. Өнімнің осындай маңызды жылдық көлемін өндіру үшін көптеген жабдықтарды, технологиялық және электр құрылғыларын пайдалану қажет және технологиялық процестерді басқарудың жаңа автоматтандырылған жүйелерін, телеметрияны, заманауи техникалық бақылау құралдарын қолдану қажет. «Honeywell» (АҚШ) және «Yokogawa» (Жапония) компанияларының заманауи шешімдері Жаңажол МГК-де басқаруды автоматтандыру және телеметрия процестерінде пайдаланылады, бұл серверлік торап және компьютерлер арқылы деректермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешен қондырғылары заманауи қашықтан басқару тетіктері арқылы газдандыруды бақылау аспаптары орнатылған. 25 жыл ішінде біздің Жаңажол МГК-де компрессорлық жабдықты пайдалану бойынша жаңа цехтар (КЦ) құрылды. Біздің 1-ГӨЗ-дағы 1-КЦ-та және 2-ГӨЗ-дағы 2-КЦ-та әлемдегі жетекші өндірушілердің заманауи компрессорлық агрегаттары, олардың ішінде «Ariel/Waqesha», «Caterpillar», «Jereh» орнатылған. Жалпы алғанда, газды тасымалдауға арналған кешен бойынша компрессорлық агрегаттардың 47 бірлігі пайдаланылады, ал технологиялық қондырғылар үшін техникалық ауа мен азотты тасымалдау үшін біз мамандандырылған компрессорлық блоктардың шамамен 44 бірлігін пайдаланамыз. Біздің көп еңбекті қажет ететін өндірістік жұмыста, әрине, екі компрессорлық цех ұжымдарының жоғары дәрежелі қызметкерлерінің ерен еңбегін атап өтпеуге болмайды. Инженерлік-техникалық қызметкерлер және жұмысшылар өздерінің күш-жігерлерімен, табандылығымен және кәсіпқойлығымен үздіксіз және қауіпсіз жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Өткенге көз жүгіртсек, өндіріс ардагерлерін, тәлімгерлерімізді және жаңашыл ұстаздарымызды атап өтетін болсақ, олар: Байболат Қосбармақов, Елеусін Мақашев, Серік Әбілбаев және т. б. Біздің аға-буын әріптестеріміздің көбі зейнеткерлікте, кейбіреулері әлі де қаланың оқу орталықтарында жас мамандарды оқытуды жалғастыруда. Компрессорлық жабдықтарға жоспарлы-алдын алу және күрделі жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізумен айналысатын «М-Техсервис» ЖШС және «Ақтөбемұнаймашкомплект» ЖШС сияқты сервистік мердігерлік компанияларымызды да атап өткіміз келеді. Жаңажол МГК қондырғыларындағы жөндеу аралық кезеңді ұлғайту үшін мердігерлер қызметінің маңызы өте маңызды. Біздің Жаңажол МГК-де тек компрессорлық жабдық қана пайдаланылмайды; кәсіпорынның теңгерімінде «Flowserve», «Corcen», «Milton Royy» және т. б. сияқты әртүрлі жетекші өндірушілердің 660 бірліктен астам сорап жабдықтары бар. Сорап жабдықтарын дұрыс техникалық күйде ұстау үшін цехтардың слесарлық бригадаларының еңбек сапасының маңыздылығы зор, сораптарды жөндеу бойынша ең жауапты жұмыстар кешеннің механикалық-жөндеу қызметіне (МЖҚ/РМС) жүктелген. Механикалық-жөндеу қызметі өз жұмысын абыроймен атқаратынын атап өткен жөн. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ өзінің дамуының барлық кезеңдерінде жаңа кәсіпшілік нысандарын салып қана қоймай, ескілерін қайта құру және жаңғыртумен де белсенді айналысқанын атап өткім келеді. Мысалы, біз «Yokogawa» компаниясы өндірген және 2003 жылы орнатылған Автоматтандырылған Өндіріс Жүйесіне ауқымды жаңғыртуды жүргізудеміз. Ұзақ кезеңнен жұмыс жасап тұрған АӨЖ-і моральдық және физикалық тұрғыдан ескірген. Жаңарту жұмыстары үш кезеңінен тұрады, олардың екеуі өткізілді. Бірінші кезең 2019 жылы жоғары қысымды компрессорлық станцияларда (КСВД) және 1-ГӨЗ төмен қысымды компрессорлық станциясында (КСНД), №3 қазандықта, №2 газ тарату станциясында, бу-сумен жабдықтау және кәріз учаскелерінде, сондай-ақ мұнай дайындау цехындағы мұнай дайындау қондырғыларында жүргізілді. 2020 жылы мұнай дайындау цехының мұнайды парафинизациялау қондырғыларында, сондай-ақ 1-КЦ-да газды терең тазарту учаскесінде жаңартудың екінші кезеңі жүргізілді. Жақын арада газ дайындау және 1-ГӨЗ күкірт алу цехы бойынша жаңғыртудың мәрелік кезеңін өткізуді жоспарлап отырмыз. Жүргізілген екі кезеңнің қорытындысы бойынша біз жүйенің жұмысындағы өнімділік пен жеделдіктің артқанын байқап отырмыз, ақпарат алмасу және өңдеу процестері оңтайландырылды». Жаңажол МГК кәсіподақ кәсіподақ ұйымы көшбасшысы Ұбайдолла Кішкенебай: «Мен, барлық әріптестерім сияқты, Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының Ақтөбе кен орындарындағы инвестициялық қызметінің нәтижелерін өте жоғары және оң бағалаймын. Елдегі экономикалық қиындықтар кезеңінде халық шаруашылығының көптеген салаларында, оның ішінде мұнай-газ кешенінде өндірісті қалпына келтіру мәселесі шиеленісіп тұрды. Қазақстандық «мұнайға» әлемдік басқарушы алып-инвесторлар тарту бағыты барынша прогрессивті және нәтижелі болды. CNPC мамандар тобы кәсіпшілік өндірісті жеделдетудің кешенді жоспарларымен қатар, жұмысшылардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру жоспарын әзірледі. Ішкі әлеуметтік ахуалды жақсарту стратегиясы еңбек ұжымының әрбір мүшесіне қамқорлық жасау деңгейін арттыру, оның ішінде вахтаға персоналды жеткізуді ұйымдастыру, сапалы тамақтандыру, вахтада және вахта аралық демалыс кезеңдерінде жұмыстан тыс тұрмысты жайластыру мәселелеріне негізделді. Егер 1997 жылы біздің кешенде 700-ге жуық адам жұмыс істесе, онда өндіріс көлемін біртіндеп ұлғайтып, жаңа технологиялық объектілерді пайдалануға бере отырып, жұмыс беруші Жаңажол МГК-нің штатын 1600 қызметкерге дейін ұлғайтты. Бүгінгі таңда екі зауытта жұмысшылар мен мердігерлерге қызмет көрсететін 2 асхана жұмыс істейді. Жаңажол МГК қызметкерлері компания есебінен 3 рет тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Қазіргі заманауи вагондарда вахташылар темір жол арқылы кен орнына және кері қарай Ақтөбе қаласына тегін жеткізіледі. Жұмысшылар вахта кезінде қазіргі заманғы талаптарына толық сәйкес келетін Жаңажол вахталық кентіндегі жайлы жатақханаларға орналастырылады. Кәсіподақ ұйымының бастамасымен Жаңажол вахталық кентінде жабық спорт кешені салынды, онда жаттығу залы, волейбол, баскетбол және шағын футбол ойнауға арналған алаң бар. Сонымен қатар, ашық шағын футбол алаңы жұмыс істейді, онда жазғы уақытта құмар мұнайшылар командалары арасында ойындар өтеді. Біздің қызметкерлеріміздің кәсіби біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысқа келетін болсақ, әрбір қызметкер кестеге сәйкес әр түрлі мамандықтар бойынша және міндетті түрде өндірістегі қауіпсіздік техникасы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтетінін атап өткім келеді. Әр түрлі оқу орындарында сырттай оқитын жас мамандар үшін жағдай жасалған. Сондай-ақ, акционерлік қоғам Жаңажол МГК қызметкерлерінің балаларының қытай мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуына ақы төлейді. Жұмыс берушінің «Ұжымдық шарт» шеңберіндегі іс-әрекеттері Жаңажол МГК жұмыскерлері үшін жақсы ынталандыру болып табылады. «Ұжымдық шарт» жеңілдіктер қоржынындағы тағы бір маңызды құрамдас бөлік, ол жұмысшылар отбасында жазатайым жағдай туындаған кезде, бала туған кезде, 50-55-60 жасқа толған кезде, кезекті еңбек демалысына шыққан кезде, зейнеткерлікке шыққан кезде ерекше материалдық көмек көрсету болып табылады. Акционерлік қоғам санаторийлерде емделуге мұқтаждар үшін диспансерлеу нәтижелері бойынша 100 000 теңге мөлшерінде көмек көрсетеді. Мұндай көмек қызметкерлер үшін өте маңызды және ұжым жұмыс берушінің әлеуметтік қамқорлық сапасын арттыруға деген ұмтылысын бағалайды. Жаңажол МГК қызметкерлері «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ спорттық өміріне жеке қатысуға әрдайым үлкен көңіл бөлетіні белгілі. Бірнеше рет Жаңажол МГК командасы мұнай-газ саласы қызметкерлерінің күніне орайластырылған «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ дәстүрлі корпоративтік спартакиадасының жеңімпазы атанды. Осы спорттық мерекеден басқа біздің балалар Жаңажол МГК цехтары және бөлімшелері қызметкерлерінің арасында түрлі жарыстарға қатысады. Мұндай жарыстар Тәуелсіздік күні, «Әз-Наурыз» және т. б. мерекелерге орайластырылған. Сондай-ақ, жыл сайын біздің кен орындарымыздың жанында орналасқан Жағабұлақ, Саға, Кеңқияқ кенттерінің тұрғындарымен волейболдан достық кездесулер ұйымдастырылады. Мен сізге айтқанымның бәрі біздің әлеуметтік жұмысымыздың және соңғы 25 жылдағы жетістіктеріміздің аз ғана бөлігін көрсетеді. Біздің жетістіктеріміз жұмысшыларымыздың меңзеген мақсатына ұмтылушылығы, ынта-жігерінің, білімі және рухани шабыттылығының, сондай-ақ компания және Жаңажол МГК-нің басшылығының шебер басқарушылық қабілетінің арқасында жүзеге асырылды». «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Медиа-офицері Юрий Шикарев: "Біздің мұнай-газ өңдеу кешеніміз өзінің ауқымы және технологиялық жабдықталу деңгейі бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы көмірсутектерді дайындайтын ең маңызды объектілер тобына кіреді. CNPC-тің инвесторы болып табылатын Жаңажол кешені және Шымкент мұнай өңдеу зауытында жүргізген орасан зор жұмысы, қытай корпорациясының қазақстандық мұнай-газ өңдеу кластерінің құрылымдық құрылысына айтарлықтай ықпалы туралы айтуға мүмкіндік береді. Зауытта әр жылдары біз ең жоғары мемлекеттік басшылар және мұнай-газ өнеркәсібінің еңбек сіңірген кәсіби-сарапшыларының көптеген іскерлік жұмыс сапарларымен келулерін қабылдағанымыз, Қазақстан экономикасы үшін Жаңажол МГК-нің нақты маңыздылығын айқындайды. Үшінші зауыт кезектерінің жұмысын бағалау және Жаңажолға жоғары тәжірибе алмасу үшін корпорацияның бас құрылымдарынан CNPC мүдделі мамандарының келгені ерекше болды. Өзімнің мыңдаған әріптестеріммен қатар, біздің компаниямыздың атын кеңінен танымал және құрметті ерен еңбегіміздің нәтижелері үшін ортақ корпоративтік мақтаныш сезімін сезінемін. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның Қазақстан-Қытай мұнайшылар командасы мемлекетпен және социуммен өзара тиімді ынтымақтастық жолында өзінің прогрессивті қадамын жалғастыруда».
Администрация Генерального директора |
Система энергетического менеджмента. Уведомления |
Информация для энергопотребителей |
Транспортировка товарного газа |
CBK | Объявления | Информация для акционеров | Учредительные документы |