Новости

«Кеңқияқмұнай» Мұнай газ өндіру басқармасының Кеңқияқ елді мекенінің көгалдануына қосқан үлесі


16.05.2023

Әрбір халықтың табиғатқа деген сүйіспеншілігі, мейір шапағаты, аялы алақаны сол табиғатқа деген қарым-қатынасы арқылы айқын білінеді. Біздің өмір салтымыз, табиғатқа көзқарасымыз, айналысқан шаруашылығымыз бойымыздағы асыл адамгершілік қасиеттеріміздің бәрі де табиғатқа деген жанашырлық сезімді айқын аңғартады. Тек қана «Табиғат ана» деген сөздің өзінде ғана қаншама сұлулық, ұлағат, тағылымы мол тәрбие, дарынды даналықтың үлгі өнегесі өмірмен өзектесіп, тағдырмен тамырласып жатқандығын көкірек көзімен де сезінуге болады.

Табиғатты қорғау деген – қазақтың байырғы өзінің ұлттық дәстүріндегі табиғатты аялау, экология - қазақ үшін тың нәрсе емес, ол біздің салт-дәстүрімізде бар, бұл ананың ақ сүтімен беріліп келген, туған табиғатын қорғап қастерлеуге негізделген ғылым.

Жылма жыл "СНПС-Актобемунайгаз" АҚ филиалдарының күшімен кен орындарындағы экологиялық ахуалды қалпына келтіру, жақсарту мақсатында экологиялық екі айлық өткізу үрдіске айналды. Сол үрдіспен биылғы жылы да сәуір айының 1 - ші жұлдызы мен мамыр айының 31 - ші жұлдызы аралығында жасалуы қажет жұмыстары көрсетілген тапсырмалар белгіленіп , экологиялық екі айлық өткізілуде.

Экологиялық екі айлықтың екінші кезеңі аясында , «КМ» Мұнай газ өндіру басқармасының басшысы Акманов Рафик Фаридовичтің бастауымен , басқарма бастығының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Сыдыков Туржан Такиловичтің ұйымдастыруымен ,басшы орынбасарлары, басқарманың бас мамандары ,мамандары мен инженерлерінің қолдап,атсалысуымен Кеңқияқ елді мекенінің «40 жылдық сахна алаңы» және «Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш» аумағына өз күштерімен 100 тал көшет сатып алынып , егу науқаны өткізілді.Көшет егу науқанына елді мекеннің байырғы тұрғындары мен зейнеткерлер де атсалысып, науқанның көрігін қыздырды. Туған жерімізді көркейту елді мекеннің әрбір тұрғынының азаматтық ұстанымына айналуы тиіс.









Вклад НГДУ «Кенкиякмунай» в озеленение поселка Кенкияк

Любовь каждого народа к собственной земле проявляется в его отношении с родной природой. Наш образ жизни, морально-этические нормы и нравственные качества напрямую выражаются в ведении нашей хозяйственной деятельности и ясно свидетельствуют о заботе во благо окружающей среды. Даже в слове «Мать-природа» можно нагладно понять, сколько красоты, мудрости, гармонии вложено в жизнь и судьбу общества уважающего и заботящегося об экологии.

Охрана природы – это традиционная и неотъемлимая часть существования казахов как этноса и нации. Вся жизнь кочевников была связана с природными циклами и науку о гармонии человека и окружающего мира казахи впитывали с молоком матери.

Сегодня, продолжая многовековые заветы мирного сосуществавоания казахского общества с окружающей средой, нефтяники Кенкияка помогают местным жителям в заботе о родных просторах. В филиалах АО «СНПС-Актобемунайгаз» проведение ежегодных экологических двухмесячников с целью восстановления и улучшения экологической обстановки на месторождениях стало доброй традицией. В нынешнем году перед коллективом НГДУ «Кенкиякнефть» также были поставлены задачи по очистке и озеленению прилегающих к месторождениям, производственным и административным зданиям, которые необходимо выполнить в период с 1 апреля по 31 мая.

В рамках второго периода экологического двухмесячника, по инициативе начальника нефтегазодобывающего управления «Кенкиякнефть» Рафика Фаридовича Акманова, при организации заместителя начальника управления по общим вопросам Туржана Такиловича Сыдыкова, при поддержке и участии дружного и трудолюбивого коллектива НГДУ, к «40-летию» поселка Кенкияк было закуплено и посажено 100 саженцев тополя пирамидального на территории сценической площадки и памятника ветеранам Великой Отечественной войны. Местные жители и, в особенности, старожилы поселка приняли активное участие в акции по посадке саженцев. Как отметили Кенкиякские нефтяники и сельчане благоустройство родного края должно стать гражданской позицией каждого жителя поселка.




















Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»