Новости


Міндеті мінсіздің мерейі үстем



19.03.2025

Ағымдағы жылдың 14 наурызында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның бас ғимаратында 2024-жылдың өндірістік-шаруашылық қызмет көрсеткіштерін орындау бойынша Бас директор Ли Шуфен мырзаның қатысуымен қорытынды жиналыс өтті. 2024-тің «Өндіріс үздігі» болып МжМӨӨБ-нан Левжинская Жанна Эдуардовна және Московченко Светлана Александровна марапатталды. Әріптестерімді шын жүректен құттықтаймын.

Соңғы жылдары АҚ-ға жас мамандардың жұмысқа алынуы көз қуантарлық жағдай. Бұл да біздің компанияның жастарды әуелі оқытып, оларды жұмыспен қамтамасыз ету жоспарлы саясатының арқасы. Осылай АҚ-да буын алмасу, жастарды еңбекке баулу үрдісі жалғасып келеді. Сыртынан бақылап қарап жүрмін, бәрі дерлік кем дегенде үш тілде еркін сөйлейді десем болады. Ұйымшыл, спортқа жақын. Қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, жастар комитетінің жұмысын жандандырып жатыр. Біздің компанияда адал еңбек, міндетті түрде бағаланады. Осы жас буынға үлгі ретінде МжМӨӨБ-дағы әріптестеріміз еңбек жолдарына тоқтала кеткенді жөн көрдім.

Левжинская Жанна Эдуардовна мамандығы құқықтану. Жанна ханым еңбек жолын 2000 жылдары Ақтөбе қаласы бойынша салық комитетінде, жиынтық талдау және түсіндіру жұмысы бөлімінің бас салық инспекторы болып бастаған. 2006 жылы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-на, Басқару аппаратындағы, құқықтық қызмет департаментінің, заң консультациясы бөліміне - жетекші заң консультантыболып жұмысқа қабылданып, бөлім бастығына дейін көтерілді. 2019 жылы МжМӨӨБ-ның заң бөлімінің бастығы болып тағайындалды.





Басқармадағы заң бөлімінің негізгі функциясы мен міндеті МжМӨӨБ қызметін толық заңдық сүйемелдеу болып табылады. МжМӨӨБ-ның қызметінің әрбір бағыты бойынша құқықтық бағалауды, консультация беруді және құқықтық көмек көрсетуді білдіретін шарттарды дайындау және оларды орындау барысында консультация беру, тәуекелдерді төмендету мақсатында талдау, қызметіне және міндеттемелердің туындауына байланысты, шағым-талап жұмысын жүргізу. МжМӨӨБ және Қоғамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қолданыстағы заңнаманы түсіндіру, қажетті түсініктемелер мен қорытындылар дайындау, заңнаманың, халықаралық құжаттардың, ішкі актілердің және т.б. сақталуын қамтамасыз ету. Заңға сәйкес филиалдың заңгерлері ішкі МжМӨӨБ қызметінің көптеген мәселелерін, оның ішінде шарттарды жасасу мен орындау және есептілікті жүргізу, наразылық-талап қою жұмысын жүргізу кезінде қызметтердің өзара іс-қимыл жасау тәртібі, қадағалау және бақылау органдарының тексерулер жүргізуі, ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету және құжаттарды беру, өкілдік ету және сенімхаттар мәселелері, өнімді, шикізат пен материалдарды өткізу тәртібі, өткізу режимі, МжМӨӨБ-ның бөлімдері туралы ережелер, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары және т.б.

Басты міндеті Қоғам өндіретін мұнайды және өзге де көмірсутек шикізатын тиімді өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету болып табылатын филиал қызметінің ерекшелігін ескере отырып, заң бөлімі жұмысының басым бағыты шарттық жұмыс болып табылады. Бұл бөлікте МжМӨӨБ-ның заңгерлері басқа бөлімдермен және қызметтермен бірлесіп шарттардың көптеген үлгілік нысандарын әзірледі, олардың талаптары мейлінше тиімді орындауды, тәуекелдерді төмендетуді және МжМӨӨБ мен Қоғамның мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді. Бөлім мамандары шығындарды азайтуға және жауапкершілікке негізсіз тартуға, санкциялар қоюға немесе ақшалай қаражатты есептен шығаруға байланысты шығындарды болдырмауға бағытталған міндеттерді шешуге тартылды, осыған байланысты дауларды шешуге қатысты. МжМӨӨБ қызметінің барлық кезеңінде бірде-бір сот дауына, заңды тұлғаны немесе оның басшыларын өндіріп алуға немесе жауапкершілікке тартуға жол берілмеген. Осы атқарылып жатқан жұмыстарға басшылық жасап жүрген Жанна ханымның еңбегі еленіп 2013, 2022 жылдары – «Өндіріс озаты», 2016, 2020, 2025 жылдары «Өндірістің үздігі» атағымен марапатталды. Мұнайды жеткізу және өткізу бөлімінің бастығының орынбасары, Московченко Светлана Александровна еңбек жолын 2001 жылы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-да бас директордың ағылшын тіліндегі аудармашысы болып бастаған. Біздің басқармаға 2009 жылы мұнайды жеткізу және өткізу бөлімінің 2-санатты инженер-декларанты болып ауысып келді. Қазіргі таңда, бір жерде тұрақты еңбек етіп, білімі мен сауаттылығының арқасында 2019- жылдан бастап мұнайды жеткізу және сату бөлімі бастығының орынбасарының қызметін атқаруда. Ішкі және сыртқы нарықтардағы мұнай бағасының конъюнктурасын зерделеу және талдау, мұнай жеткізудің жаңа бағыттарын әзірлеу, көлік шығындарын төмендету мақсатында іске асыру бағыттарын оңтайландыру, мұнайды сатып алу-сатуға арналған келісімшарттарды (дайындау және қол қою), мұнайды жеткізуді сүйемелдейтін келісімшарттар жасасу (қабылдау, сақтау, тасымалдау, құю, ҚР және РФ кедендік ресімдеу, инспекциялау, жөнелту, өзара алмасу және т.б.), түсімнің түсуін валюталық бақылау, мәміле паспорттарын ресімдеу, валюталық бақылау жөніндегі Кеден басқармасына есептілікті ұсыну, кедендік рәсімдер (экспорт-импортты ресімдеу, көлемдерді декларациялау. Бір сөзбен айтқанда АҚ-ның жұмысшыларының маңдай терімен тапқан мұнайын тиімді бағамен сатуға ат салысып отырған жандардың біреуі. Светлана ханым спортқа өте жақын жан, бірнеше дүркін қысқа қашықтыққа жүгіру бойынша мұнайшылар арасында жылда өтетін спартакиадалардың чемпионы. Ұл мен қыз өсіріп отырған абзал ана. Қоғамдық іс-шаралардың бел ортасынан табылатын адам. Өлең айтқанда тамсанып тыңдай бергің келеді. Аударма ісі және қаржы саласы бойынша біліктілігі өте жоғары маман, әсіресе ағылшын тілінде келісім шарттар Светлананың мұқият қарауынан өтеді. Светлана ханымның еңбекқорлығы мен біліктілігінің көрсеткіші деп - 2013 және 2021 жылдары – «Өндіріс озаты», 2014 және 2025 жылдары «Өндірістің үздігі» болып марапатталуын айта аламыз. Сонымен қатар, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның 25 жылдығы» күміс мерейтойлық медалінің иегері.









Ұжымда осындай қызметкерлердің бары көңілді қуантпай қоймайды. Ісіне адал, жұмысына жауапкершілікпен қарайтын әр тұлға біз үшін бағалы. Міндеті мінсіздің мерейі үстем!

МжМӨӨБ Қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша бас техникалық жетекші - Нұртазин Нұрлан Мұхамбетәліұлы











Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»