Новости

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Жергілікті кәсіподақ ұйымы ҚБ Мектепке жол акциясына қатысты


31.08.2022

"Балалар жылы" аясында "Қалалық Қазақ зағиптар қоғамы мәдениет үйі" ұйымдастыруымен өткен "Мектепке жол" Республикалық қайрымдылық акциясына "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ Жергілікті кәсіподақ ұйымы демеушілік көрсетті. Көру мүмкіндігі шектеулі балаларға мектеп құралдары, мектеп киімі тағы сол сияқты қажетті бұйымдар сатып алуға көмектесті. "Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын" деген қазағымызда ұлы сөз бар ғой, осы жерде өзінің жеке қаржысынан аталған Республикалық қайрымдылық акциясының жоғары деңгейде өтуіне үлесін қосқан "AMANAT" партиясының кеңес мүшесі, Облыстық мәслихат депутаты, "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ бас директорының бірінші орынбасары Тақталифум Сәдуұлы Есенғұловты атап өтпеуге болмайды. "Жақсылық жасаушының жолы ашық" деген қағиданы басшылыққа ала отырып көрсеткен қайрымдылық көмегіміз біздің еңбек ұжымымыздың әрқайсысының шаңырағына құт-береке болып еселеніп оралсын деп тілейміз.

Кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары Сәтов С.С.




















Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»