Новости

Балалар лагеріндегі арман матчы


28.06.2022

2022 жылдың 17 Маусым күні Нефтяник балалар лагерінде Қиялы қалашық тұрғындарымен Кәсіподақ командасы арасында тартысқа толы футболдан жолдастық кездесу өтті.

Кәсіподақтар командасы төмендегідей мықты құраммен келді:

1. Сәтов Самат – Жергіілкті кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары;

2. Қанбаев Батырбек - «Кенкиякмұнай» Мұнайгаз өндіру басқармасы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы;

3. Каукаков Бақыт – «Октябрьмұнай» Мұнайгаз өндіру басқармасы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы;

4. Кішкенебай Ібайдолла – Жаңажол мұнайгаз өңдеу кешені бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы;

5. Туксубаев Алмат – Ақтөбемұнайсервис басқармасы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы;

6. Игисенов Рустем – Мұнай және мұнай өнімдерін сату басқармасы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы;

7. Бегиманов Ерлан - Өндірістік-техникалық қызмет көрсету және жабдықтармен қамту Басқармасы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы;

8. Альжанов Лескен – Ғылыми зерттеу институты бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы;

9. Ұзақбаев Ержан – «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Жастар комитетінің төрағасы;

10. Тұрғанбаева Күланда – Басқару аппараты бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы командаларға қолдау көрсетіп, ойын барысын видеоға түсіріп, ата-аналарына балаларын көрсетіп бір қуантып тастады.

Жолдастық кездесудің бас демеушісі «Кенкиякмұнай» Мұнайгаз өндіру басқармасы бастауыш кәсіподақ ұйымы Нефтяник командасына спорттық киімдер және доп сыйға тартты. Ойын өте керемет, тартысты өтті. Кәсіподақтар командасының қақпасын Қанбаев Батырбек пен Туксубаев Алмат кезек қорғаса Қауқақов Бақыт, , Кішкенебай Ібайдолла қорғаушы ролін жақсы атқарды Игисенов Рустем, Альжанов Лескен, Бегиманов Ерлан мен Ұзақбаев Ержан шабуылда өнер көрсетті.

Жолдастық кездесудің қорытынды есебі 7:3 есебімен Нефтяник командасының пайдасына шешілді, дегенмен Кәсіподақтар командасы оңай шағыла қалатын жаңғақ емес, келесі екінші маусымда реванш алуға міндетті түрде барады.

Лагерьде демалысын өткізіп жатқан балалардың уақыттарын көңілді әрі есте қаларлықтай өткізуге Кәсіподақтар үлкен үлестерін қосып келеді. Жергілікті кәсіподақ ұйымы Президиумының шешімімен әр маусымға жауапты кәсіподақтар белгіленді.

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Ұжымдық шартының әлеуметтік маңызы бар басымдықтардың бірі болып табылады.

Сәтов Самат
























Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»