Новости

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ 25 жылдығына арналған шағын футболдан турнир


23.06.2022

2022 жылдың 17 Маусым күні Ақтөбе қаласы Мұнай және газ колледжінің спорт кешенінде «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» Жергілікті кәсіподақтың ауыспалы кубогі үшін ерлер арасында кіші футболдан турнир өтті.

Осы жылғы турнир «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның 25 жылдық мерекесіне арналды.

Турнирдің тарихына қысқаша тоқталып өтетін болсақ, бұл турнир өзінің бастауын 2018 жылдан алады.

Мұнай және мұнай өнімдерін сату басқарамасы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Игисенов Рустемның Жергілікті кәсіподақ ұйымына осындай турнир өткізу туралы ұсынысы Жергілікті кәсіподақ тарапынан қолдау тапқан болатын. Бастапқы уақытта Турнирге төрт-бес командалар ғана қызығушылық танытса, бүгінде Акционерлік Қоғамның барлық командалары толығымен қатысып жүргенін атап өткен дұрыс болар

Ауыспалы кубоктың ерекшелігі, кубок Жергілікті кәсіподақ ұйымында сақталып тұрады, әр жыл сайын жеңімпааз командалардың атаулары кубоқа арнайы зергерлік әдіспен жазылады және кубокке жазатын орын қалмаған кезде ғана Акционерлік Қоғамның мұражайына тапсырылатын болады.

2018-2019 жылдары екі жыл қатарынан ауыспалы кубоктың иегері Өндірістік техникалық қызмет көрсету және жабықтармен қамту басқармасының (УПТОиКО) командасы иеленсе, 2020 жылы Бүкіл әлемдік Пандемияның кері әсерінен турнирдімізді өткізуге мүмкіндік болмады. 2021 жылы «Кенкиякмұнай» Мұнайгаз өндіру басқармасының командасы мықты дайындықпен келіп ауыспалы кубоктың иегері атанды, осы жылы Кенкияқтың жігіттері өздерінің мықты екенін тағы дәлелдеп екінші рет кубокты жеңіп алды, ол туралы толығырақ төменде тоқталып өтеміз.

Осындай шаралардың барлығын тарих болып қалуына септігін тигізіп Акционерлік Қоғамның Бас директорының әкімшілігі видео/фото материалдар дайындады. Турнирдің ұйымдастыру сұрақтарына белсенді араласып, жоғары деңгейде өтуіне үлестерін қосқаны үшін Қазбекова Светланаға (УПТОиКО), Ұзақбаев Ержанға (УСНиНП), Альжанов Лескенге (НИИ), Сағи Русланға (ЖНГК), Муханбеталиев Ардаққа (СУ), Торебеков Нұршатқа (УАМС) алғыс білдіреміз.

Сонымен бұл жолы командалар алдын ала жасалған жеребе бойынша үш топқа бөлінді. Айта кететін тағы бір жағдай жеребе тарту рәсімінің өзі жылдан жылға кәсіби деңгейге көтеріліп келе жатыр. Жастар комитетінің төрағасы Ұзақбаев Ержан өткізген жеребенің әділдігіне ешкімнің күмәні болған жоқ оның үстіне жеребені өткізу тәсілі жағынан ФИФА, УЕФА секілді халықаралық футбол ұйымдарының жеребе өткізу тәртібінен ешқандай кем түскен жоқ.

Турнир ережесі бойынша командалар «А», «В» және «С» топтарына бөлінді. Әр топтан плейофф сатысына екі команда ғана жолдама ала алады.

«А» тобына Мұнай және мұнай өнімдерін сату басқармасы, Ақтөбеэнергомұнай командасы, Ғылыми зерттеу институты және Ақтөбемұнайсервис басқармасы командалары түсті. Бұл топтың фовариттері АЭН және АМС командалары болғанымен УСНиНП командасы да өте мықты екенін дәлелдеп соңына дейін тартысты. НИИ командасы өзінің жігерлігімен барлығымызды тәнті етіп келеді, барлық қызметкерлер саны 45 адам болса, оның ішінде жас жігіттер саны бес-алты ғана, олардың спортқа деген бейімділіктеріне қарамай барлығы барынша қатысады барлық спорттық шараларды жібермейді.

«В» тобына Мұнай және газ өндірумен айналысатын екі негізгі мекемелер «Кенкиякмұнай» және «Октябрьмұнай» түсті, олардың қатарына үшінші болып Құрылыс Басқармасы командасы түсті. Құрылыс Басқармасы топ ішінен шыға алмағанымен жақсы ойын көрсетті деп айтуға болады, өндірістік қызметтерге байланысты дайындық ойындарының жоқтығына қарамастан жақсы өнер көрсетіп оңай шағылатын жаңғақ емес екендіктерін футбол алаңында көрсете білді, егер жеребе жолдас болып басқа топқа түскенде, плейофф сатысына өту мүмкіндіктері туындауға болар еді, қанша айтқанмен «Кенкиякмұнай» және «Октябрьмұнай» командалары осы турнирдің бірінші және екінші орын иегерлері еді. Бұл топта «Октябрьмұнай» МГӨБ өздерінің «Кенкиякмұнай» МГӨБ командасындағы әріптестерін бір доп айырмашылығымен жеңіп топ жеңімпазы атанды.

«С» тобындағы ойындар өте қызықты өтті. Оны қызықты еткен Мамандандырылған көлік басқармасы командасының жігіттері, олар бірінші ойында осы турнирді екі дүркін чемпионы УПТОиКО командасымен 2:2 есебімен тең ойнаса, екінші ойында ең мықты ЖНГК командасынан 0:3 есебімен ұтылып жатып, ойын соңында үш гол салып есепті теңестіріп кетті.. УПТОиКО командасы өз кезегінде ЖНГК командасына қарсылық көрсете алмады.

Плейофф кезеңінде жұптар мына командалардан құралды:

1. Ақтөбеэнергомұнай басқармасы «Кенкиякмұнай» Мұнайгаз өндіру басқармасы командасымен кездесті. Ойын өте тартысты өтті. Үлкен тәжірбие, шеберлік пен бір бірін түсіністікпен құрылған ойын нәтижесінде КНГДУ командасы сенімді жеңіске жетті.

2. Келесі жұп ОНГДУ мен СТУ командалары болды. СТУ командасының топ ішіндегі берілмес ойындарын көріп бұл ойында да жеңіс кімге бұйыратынын алдын ал болжау өте қиын болды, дегенмен ойын барлығын орын орынына қойды. ОНГДУ командасы 7:1 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті. Мүмкін СТУ командасы топ ішіндегі ЖНГК, УПТОиКО секілді мықты командаларға бар күшін жойып алған секілді.

3. Үшінші жұптың ойынында нағыз сенсация орын алды. Осы турнирдың айқын фоварит командасы Жаңажол мұнайгаз өңдеу кешені командасы Ақтөбемұнайсервис басқармасы командасымен кездесті. Ойынды тамашалған көпшілік Жаңажол командасының жеңісіне сенімді болатын. Ойынның басқы жағы осылай сценариймен басталды, ЖНГК-ның тәжірбиелі жігіттері ойында өз тізгіндеріне алып басымдықпен ойнап гол салып алдыға шықты. Ойын соңына таман АМС командасы жеңіске деген құштарлығы мен жігері арқасына есепті теңестіріп, келесі шабуылдарға төтеп беріп ойын соңына дейін тең нәтижені ұстап қалды. Жеңімпазды ойын соңындағы айыппұл тебу арқылы анықтап, эмоцияға толы АМС жігіттері турнирдің ең мықты командасы ЖНГК командасын жүлделі орыннан тыс қалдырды.

Сонымен жүлделі үшін орынды үш команда сарапқа салды; Жаңажол мұнайгаз өңдеу кешені, «Кенкиякмұнай» мұнайгаз өндіру кешені және «Октябрьмұнай» мұнайгаз өндіру кешені.

Турнир жеңімпазы үшін талас екі мұнайгаз өндіру басқармалары арасында өтті. Екі командада бір топта болған, ол кезде ОНГДУ командасының мерей үстем болған болатын. Енді міне осы жерде КНДУ командасы реванш жасайтын тамаша мүмкіндікке ие болып оны іске асыра білді. Өте тартысты өткен ойында тек бір доп айырмашлығымен ғана КНГДУ командасы жеңіске жетті. Екінші орынды ОНГДУ командасы иеленсе, АМС командасы үшінші орынды қанағат тұтты.

КНГДУ командасы осымен екінші жыл қатарынан өзінің мықты команда екенін дәлелдеп тұр. Осындай мықты нәтиеженің кілті, ол ауызбіршілік, бірін бірі түсінушілік, үнемі дайындық және моралды түрде мотивация беруші Каиров Ермектің қасында болуы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Канбаев Батырбектің турнирдің басынан бастап аяғына дейін командамен бірге болуы ден санаймыз.

Турнирдің жеңімпаздары мен барлық қатысушыларына әр түрлі деңгейдегі кіші кубоктар, құрмет грамоталары және қаржылай марапаттар тапсырылды.

Турнирдің жоғары деңгейде өтуіне үлестерін қосып командалардың қасында болған Жұбаниязов Сәбит, «Октябрьмұнай» Мұнайгаз өндіру басқармасы бастығының орынбасары, бастауыш кәсіподақ төрағалары Канбаев Батырбекке, Туксубаев Алматқа, Жармағамбетов Жәнібекке, Игисенов Рүстемге, Бегиманов Ерланға сонымен қатар барлық мекеме басшыларына ризашылғымызды білдіреміз.

Материал дайындаған: Сәтов Самат
Фото материалдар дайындаған: Бас директордың Әкімшілігі






















Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»