Новости

Жаңа жылдық қайырымдылық шара

«Кеңқияқмұнай» МГӨБ-ң мұнайшылары ауыл балаларына 600 ден астам жаңа жылдық сыйлықтар сыйлады.


06.01.2023

Жаңа жыл-адамдардың жүрегіне жаңа үміттер ұялататын, жаңа мақсаттардың, тілектердің орындалуына сенім беретін ғажайып мереке, сонымен қатар сыйлық сыйлау уақыты. Дәстүр бойынша, жаңа жыл мерекесі қарсаңында көптеген жылдар бойы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ «Кеңқияқмұнай» МГӨБ мақсатты қайырымдылық акциялар өткізеді. Атап айтқанда, мереке күндері мұнайшылар ерекше қамқорлықпен назар аударуды қажет ететін балаларға барып, мерекелік көңіл күй сыйлады. Биыл «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ «Кеңқияқмұнай» МГӨБ-ң ұжымы Кеңқияқ, Шұбарши, Саркөл ауылдарындағы халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасынан шыққан 4 балабақшаның, 4 мектептің, 2 мәдениет үйінің және Кеңқияқ, Саркөл ауылдық округі әкімінің хаты негізінде мүмкіндігі шектеулі балаларға жалпы саны 680 дана тәтті сйлықтар табыстады, оның ішінде 500 сыйлық «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-нан берілді.




«Зере» бала-бақшасының аз қамтылған отбасыларының балаларына арналған сыйлықтар.

КМГӨБ бастығы Рафик Акманов өз сөзінде әлеуметтік жұмыстың маңыздылығын атап өтті: « -Балалар ғажайыпқа сенеді, біз ерекше қамқорлық танытып, олардың кішткентай жүректеріне жарқын болашаққа деген сенім ұялату мақсатымыз еді. Жаңа жыл қарсаңында 680 балаға жақсы көңіл-күй сыйлағанымызға қуаныштымын. Сондай-ақ "Кеңқияқмұнай" МГӨБ-ң ұжымы көптеген жылдар бойы жергілікті ауылдық елді мекендермен тығыз байланыста жұмыс жасайды, түрлі көмек пен қолдау көрсетеді. Кен орындарымыздың өндірістік және технологиялық дамуы мәселелерімен қатар, біз әлеуметтік әріптестік саясатына және мұнай-газ кен орындарының маңында тұратын халықты қолдауға үлкен мән береміз. Оның ішінде ауылдық округтердің коммуналдық даму мәселелеріне көмекке дайын екендігімізіді көрсетіп келеміз.»








Кеңқияқ ауылдық округінің мүмкіндігі шектеулі балаларына арналған сыйлықтар.

Жаңа жыл қарсаңында, желтоқсан айының 29-шы жұлдызында кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Кеңқияқ ауылдық округінің мәдениет үйінде «Кеңқияқмұнай» МГӨБ-ң қызметкерлерінің балаларына арналған ертеңгілік өтті. Балалар ойын-сауықтық бағдарламаны тамашалап, сыйлықтар алды.




Саркөл ауылдық оқругі мектебінің аз қамтылған отбасыларының балаларына арналған сыйлықтар.




Саркөл ауылдық оқругінің балабақшасының балаларына арналған сыйлықтар.

Балалар, тәрбиешілер, балалардың ата-аналары «СНПС-АМГ» АҚ және «Кеңқияқмұнай» МГӨБ-ң балалар жылынадағы осындай үлкен қайырымдылық шарасына өте қуанышты болып, ризашылықтарын білдірді.




Шұбарши ауылдық оқругінің балабақшасының балаларына арналған сыйлықтар.








Кеңқияқ мәдениет үйі мен Шұбарши мектебінің балаларына арналған сыйлықтар.

Материалды дайындаған:
«Кеңқияқмұнай» МГӨБ-ң қазақ тілі аудармашысы
Минура Қабеш



































Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»