|
Новости
28 - СӘУІР ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІ 27.04.2022 28-сәуір Дүнииежүзілік еңбекті қорғау күні. Аталған датаны 100-ден астам ел атап өтеді. Оның ішінде Қазақстан да бар. Осы күннің аясында «СНПС-АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ» АҚ-ы да ауқымды түрде насихаттау, ақпараттық-түсіндіріме жұмыстарын өткізіп тұрады. «СНПС-АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ» АҚ Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саясаты бойынша келесідей негізгі мақсаттар қойылған: - Қызметкерлердің денсаулығы мен өмірінен құнды ештеңе жоқ; - Компанияның негізгі құндылығы – оның қызметкерлері; - Әр қызметкер қауіпсіздік үшін жауап береді; - Компанияның табыстылығы қызметкерлердің қауіпсіздік талаптарын орындауына тікелей байланысты; - Компанияның негізгі мақсаты қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. «СНПС-АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ» Акционерлік қоғамның басты қағидасы: «Адам – ең бастысы, қауіпсіздік бірінші орында, негізгісі – алдын алу». Еске салсақ, Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні – жыл сайын 28 сәуірде атап өтілетін мереке. Сонымен қатар, қызметте қаза тапқан немесе жарақат алған жұмысшыларды еске алудың халықаралық күні. Тарихқа көз жүгіртсек, 1989- жылы кәсіподақтар мен жұмысшылар АҚШ пен Канада елінде жұмыс орнында зардап шеккендерді немесе қаза тапқандарды еске алу үшін «қайтыс болған жұмысшыларды еске алу күні» өткізілген кезден басталды. Ал 2003 жылдан бастап ХЕҰ (Халықаралық еңбек ұйымы) дүниежүзілік еңбекті қорғау куні деп айдар тақты. Бұл күнінің тақырыбы жыл сайын өзгеріп тұрады. Айта кетсем, 2020- жыл «Пандемияны тоқтату: жұмыстағы қауіпсіздік пен денсаулық адам өмірін сақтап қалады» деп жарияланды, ал 2021- жыл «Дағдарысты алдын ала болжау, оған дайындалу және ден қою, тұрақты қауісіздік жүйелеріне қазірден инвестиция салу» болып бекітілген еді. Оның мақсаты қауіпсіз жұмыс орындарын құру, өндірісте жарақаттану жағадайларының санын азайту, зиянды заттармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздікті арттыру болып табылады. Осының негізінде 2019-жылы Үкімет қаулысымен «Өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту жөніндегі 2019-2023- жылдарға арналған» жол картасы бекітілді. Өндірістік жоспарлар мен стратегиялық міндеттерді орындауда, зауыттарды жаңғырту жобаларын іске асыруда адам денсаулығына зиян келтіруге немесе қызметкерлерді жазатайым жағдайда опат қылуға болмайды. Сондықтан да қауіпсіз еңбек әрбір қызметкердің саналы түрдегі әрі өз еркімен таңдаған ісі болуы тиіс. Біз тек өз өміріміз үшін емес, сонымен қатар, қасымызда бірге жұмыс жасайтын адамдардың да денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті сезінуіміз керек. «Еңбек қауіпсіздігі мәселелерімен кім айналысу керек?» деген сұрақ үнемі туындайды. Біріншіден, бұл мәселені уақытылы шешуге жұмыс беруші мүдделі. Екіншіден, мекемедегі кәсіподақ ұйымының жұмыс жасау қабілеттілігінің болуы маңызды. Ал үшіншіден, қызметкерлерге осы жұмыстарға атсалысуымыз керек екенін түсінген абзал. Сонда ғана біздің жұмысымыз «Vision Zero» нөлдік жарақаттану тұжырымдамасына жетеді деп ойлаймын.
Мж/еМӨӨБ-ның Қ ж/е ЕҚ жөніндегі |
Система энергетического менеджмента. Уведомления |
Информация для энергопотребителей |
Транспортировка товарного газа |
CBK | Объявления | Информация для акционеров | Учредительные документы |