Новости

Ұлттық құндылықтар ұлықталған байқау


11.11.2024

Ұлттың басты құндылығы – ана тілі. Әрбір азаматтың санасында тіліне деген құрмет айқын қалыптасуы керек. Қолдану аясы кең тіліміздің қадір-қасиетін арттыру – бәрімізге ортақ міндет.

Соның айқын дәлелі ретінде, ағымдағы жылдың 6 қараша күні «СНПС-АМГ» акционерлік қоғамының жанынан құрылған «Халықаралық «Қазақ тілі» бастауыш ұйымының іс-шаралар жоспарына сәйкес, облыстық Тілдерді дамыту басқармасымен бірлескен, қаламыздағы төрт ЖОО студенттері (Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, С.Баишев университеті, Т.Бигелдинов атындағы ӘҚК Әскери институты, М.Оспанов атындағы БҚМУ-нің білім алушылары) мен «СНПС-АМГ» АҚ жастарының арасында Шығармашылық академиясының ғимаратында «Халық қазынасы» атты байқауы өтті.









Байқаудың мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу.

Байқаудың бағдарламасы үш кезең бойынша тапсырмаларды қамтыды. Бірінші - «Үй тапсырмасы», яғни арнайы жеребе арқылы таңдалған шығармаларға көрініс қою, екіншісінде алдын-ала берілген тақырыпты аша отырып, бейнеролик түсіру, соңғы тапсырмасында салт- дәстүр, тарих, әдебиет және музыкаға байланысты қойылған сұрақтарға жауап беру. Аталған байқауда өнер майталмандары мен ақындар әділ қазы алқасында төрелік етті.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, жүлделі І орынға 500 мың, ІІ орынға иеленген екі команданың әрқайсысына 350 мың, ал қалған екі команда үшінші орынды қанжығаларына байлап, олардың әрқайсысына да 200 мың теңгенің сертификаттары мен қатысушы командаларға дипломдар табысталды.

Тіл - ең қасиетті ұғым, халықтың қазынасы мен байлығы! Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі арта берсін!









Конкурс, прославляющий национальные ценности


Главная ценность нации - родной язык. Каждый гражданин должен сознательным образом уважительно относиться к родному языку. Наша общая задача - повысить достоинство нашего языка и расширить сферу его применения.

Наглядным доказательством этого явилось проведение конкурса «Халық Қазынасы» 6 ноября текущего года в здании Академии Творчества. Данный конкурс был организован в соответствии с планом мероприятий международной первичной организации «Қазақ тілі» при АО «СНПС-АМГ» совместно с областным управлением по развитию языков. В конкурсе участвовали студенты четырех вузов города (Актюбинский региональный университет им.К.Жубанова, университет им.С.Баишева, Военный институт им. Т.Бигелдинова, ЗКГМУ им. М.Оспанова) и команда работающей молодежи АО «СНПС-АМГ».









Цель конкурса - расширение сферы применения государственного языка, прославление национальных ценностей, воспитание молодежи в духе патриотизма.

Программа конкурса включала задания в три этапа. Первый этап - «домашнее задание», т.е. постановка сцен на выбранные, в результате предварительной жеребьевки, произведения. Второй-съемка видеоролика, раскрывающего заранее заданную тему. Последнее задание - ответы на поставленные вопросы, связанные с традициями, историей, литературой и музыкой.

В качестве жюри выступили представители искусства и поэты.









По итогам конкурса были определены победители и награждены дипломами и сертификатами. За призовое 1 место - 500 тыс. тенге. По 350 тыс. тенге - каждой из двух команд, занявших ІІ место. Командам, занявшим третье место, также были вручены сертификаты по 200 тыс. тенге каждой.

Язык - понятие священное и святое, сокровище народа, душа нации! Давайте вместе будем участвовать в повышении статуса государственного языка!




















Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»