Новости

Қазақ тілі қоғамының жыл қорытындысы


26.12.2022

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» Акционерлік қоғамындағы халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бастауыш ұйымы өз қызметінің бірінші жылын қорытындылады. Естеріңізге сала кетсем, компаниядағы бастауыш ұйым осы жылдың 30- наурызында құрылған болатын.13 адамнан тұратын бастауыш ұйым мүшелері бірауыздан өзінің көшбасшысы ретінде акционерлік қоғамның Бас директорының көмекшісі Өтеміс Арзұқұловты сайлады.

Қазіргі таңда аталған бастауыш ұйымда бес жүзден астам адам тіркелген. Қоғамға жаңадан қадам басқан бастауыш ұйымға өз септігін тигізетіндер саны көбеймесе, азаймайтыны анық. Ұйымға мемлекеттік тілді, мәдениетті, әдебиетті, Қазақстан тарихын зерделеуге, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтауға шын жүректен мүдделі қазақ және басқа ұлт өкілдері біріктірілді. Мұндағы мақсат мемлекеттік тілдің қолданыс аясын одан әрі кеңейту, оның қоғамдағы рөлін арыттыру, материалдық базаларын нығайту, электронды ресустарын дамыту. Сонымен қатар, тіл саласындағы заңнама мен мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру жұмыстарын өткізе отырып облыстық, республикалық деңгейдегі іс-шараларға «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның атынан ат салысу. Осы негізде қыркүйек айында "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ Бас директоры Ли Шуфэн «2022-2025 жылдар кезеңіне арналған қазақ тілін қолдану аясын кеңейту» жоспарын бекітті. Оны іске асыру үшін халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бастауыш ұйымына 2022-2023 жылдарға бағытталған жұмыс жоспарына сәйкес іс-шараларды өткізуге, жалпы 19 920 000 теңге көлемінде қаражат бөлінді. Жоспар аясында 20-қазан күні Жаңажол вахталық кентіндегі мәдениет үйінде республика күніне арналған мерекелік концерт өтті. Концерт барысында мұнайшылардың өздері өнер көрсетті. Салтанатты шараға қатысушылар «Алғыс хаттармен» және сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, мемлекеттік тілді кеңселер және қоғамдық орындар белгілі қазақ жазушыларының, ақындарының және елдің басқа да көрнекті қайраткерлерінің ұлағатты сөздерімен толықтырылды. Әр басқарма өздерінің бекітілген жоспарына сай ұжым арасында ауқымды жұмыстар жасап, 2022 жылды қортындылады. Ақтөбе облысының «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамына» «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-дағы бастауыш ұйымынан 2022 жылдың есебі бойынша 200 000 теңге жарғысы аударылды.











Қорытынды есеп барысында сөз сөйлеген халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Ақтөбе облыстық ұйымының төрағасы Роман Рахиев мекемедегі бастауыш ұйымның жұмысын жоғары бағалап, шетелдік компания болса да мемлекеттік тілге деген көзқарасын іспен дәлелдеп отырғанын атап өтті. Бір жылға толмас уақыт ішінде көптеген іс-шараларға мұрындық болып жүрген мекеме қызметкерлерін өз атынан «Алғыс хаттармен» марапаттады.











Облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Маржан Ағабекова аталған шараға шақырылғанына алғысын білдіре отырып «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» Акционерлік қоғамындағы құжат айналымы бойынша аударма ісінің жоғары деңгейде екенін айта өтті. Осыған дейін де қолдау білдіргендей алдағы уақытта да бірлесе жұмыс жасайтындарын, сонымен қатар, қазақ тілін еркін меңгергісі келетіндерге арналған сабақтарды тегін ұйымдастыруда ынтымақтастыққа және қолдауға дайын екендігін айтты.

Кәсіподақ төрағасының міндетін атқарушы Самат Сәтов халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бастауыш ұйымы құрылғалы, әріптестерімнің жоспарланған жұмыстарына жан-тәнімен кіріскені үлгі тұтарлық. Қоғамның іс-шараларын өткізу кезінде кәсіподақпен қоян-қолтық жұмыс жасап мемлекеттік тілдің өркендеуіне әрі қарайда бірге қарқынды қадамдар жасайтынымызға сенімдімін, деп сөзін түйіндеді.







«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Бас директорының орынбасары Болат Тленбаев мырза жиналысты қортындылай келе «қазақ тілінің мәртебесінің биік болуын қаласақ, әр адам оны өзінен бастау керек. Қазіргі таңда АҚ-дағы үлкен жиындардың негізін мемлекеттік тілде өткізіп келеміз. Келген қонақтарға және қоғамның жұмысына қолдау білдірген Басқарма басшылары мен ат салысып жүрген жауапты мүшелеріне алғысымды білдіремін», деп сөзін аяқтады.





«Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы»
«СНПС-АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ» АҚ-дағы
бастауыш ұйымы төрағаның орынбасары
Н.Нұртазин


















































































































































Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»