Новости

«Ақтөбе» газеті: ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР: МҰНАЙШЫЛАР ҚОЛДАУЫ

«СНПС-Ақтөбемұнай-газ» акционерлік қоғамы биылғы жылы да Ақтөбе облысының село тұрғындары үшін бірнеше әлеуметтік бағыттағы жобаларды жүзеге асырды.


29.09.2023



«СНПС-Ақтөбемұнай-газ» акционерлік қоғамы биылғы жылы да Ақтөбе облысының село тұрғындары үшін бірнеше әлеуметтік бағыттағы жобаларды жүзеге асырды. Қытай Ұлттық мұнай-газ корпорациясының басқаруымен Ақтөбе кен орындарындағы табысты инвестициялық қызметінің 25 жылдық мерейтойын өткен жылы атап өткен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы ұжымы көмірсутегінің жоспарлы көлемін өндіру бойынша өздерінің қарқынды жұмыстарын жүзеге асыруды лайықты жалғастырып келеді.

Компания акционерлері мен басшылығы технологиялық ұмтылыстар мен жоғары инжиниринг аспектілеріне назар аударумен қатар, тұрақты негізде корпоративті әлеуметтік жауапкершілік аумағында игілікті қадамдарды жүзеге асыру мәселелеріне де нақты көңіл бөліп келеді.

Ақтөбе облысындағы жетекші мұнай-газ компаниясының меценаттық саладағы белсенділігі біздің аймақта да, одан тысқары жерлерде де кеңінен танымал.

Компания ондаған жыл бойы Ақтөбе экономикасының бюджеттік молшылығын жасауға лайықты үлес қосып келеді, оның ішінде «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ лицензиялық мұнай-газ өндіру алаңдары әкімшілік шекараларында орналасқан Мұғалжар, Байғанин және Темір аудандарының бюджеттерін құрылымдауға да көмегін тигізуде.

Мұнайшылар ұжымы атаулы әлеуметтік жобаларға демеушілік қолдау жасау мәселелеріне де ұдайы көңіл бөліп келеді: сыртқы қайырымдылық шараларының жүзеге асырылған акцияларының жүздеген мысалы компания тарихының жарқын беттері болып жазылды және қазақстандықтардың жадында сақталып қалды.

Биылғы жылы Компания селолық елді мекендердің тұрғындарына көмек берумен тікелей байланысты бірнеше демеушілік акцияларын жүзеге асырды.

Көпір ауыл тұрғындарының көңілінен шықты

Саға селосы Мұғалжар ауданындағы Батпақкөл селолық округі құрамына енеді. Ол жұртшылыққа танымал Жаңажол вахталық поселкесінен бірнеше километр жерде орналасқан. Жергілікті тұрғындардың көптеген отбасы мүшелері «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бөлімшелерінде еңбек етеді. Саға секілді мұнайлы жерге жақын орналасқан елді мекендер тұрғындарының өтініштеріне акционерлік қоғам басшылығы қашанда ықыласпен қарайды.

Саға орналасқан бұл жердің рельефтік ерекшелігі ағынды және жаңбыр суларының үнемі Жем өзеніне құятын табиғи сайы болуымен ерекшеленеді. Каналдың ені — 17 метр шамасында, тереңдігі 2 метр деңгейін құрайды. Ауыл үйлері осы сайдың екі жақ бетіне орналасқан. Кешегі уақытқа дейін ауыл тұрғындары, оның ішінде мектеп оқушылары мен қарттар екінші бетке сай арқылы су кешіп өтіп жүрді. Ақырында ауыл тұрғындары аталған проблеманы шешу жөнінде «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ мұнайшыларына өтініш жасады. Компания басшылығы қысқа мерзім ішінде қуатты аспалы металл құрылымдарынан стацмонарлық көпір — сенімді жолаушылар өткелін жасап берді.

— Жұмыстың басталуы мен аяқталуы небәрі 7 күнге созылды. Төрт күн Жаңажолдағы өзіміздің базамызда көпір құрылымын жинап, үш күн ішінде тікелей сай арқылы көпірді орнаттық.

Қажетті қадалар қағылып, қоршаулар орнатылды. Пайдалануға берілген өткіншілер көпірінің ұзындығы — 22 метр, ені 2 метр құрады. Көпір салуға қолда бар материалдар мен жабдықтар пайдаланылды. Саға ауылының тұрғындары мен ауыл әкімшілігі біздің жұмысымызға ризашылығын білдіріп, алғысын айтты, — дейді өз жұмыстары туралы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ құрылыс басқармасының бас инженері Миржан Қаражанов.

Енді Саға ауылының тұрғындары қауіпті сайдан қорқынышсыз және қолайлы жүріп өте алады.





Кемершидегі спорт алаңдары

Байғанин ауданындағы Кемерши селосының 1 мыңға жуық тұрғыны бар. Мұнда орта мектеп жоқ, мәдени-демалыс инфрақұрылымы әзірге нашар дамыған. 2022 жылы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ село орталығында балдырғандарға арналған әткеншегі, сырғанақтары және атлетикалық құрал-жабдықтары бар спорттық ойын алаңын жасап берді. Бұл алаң пайдалануға берілгеннен кейін жергілікті тұрғындар мұнайшылардың балалар үшін шағын футбол алаңын жасақтап беруін сұрады.

— «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ жобалары бойынша қоғамдық тыңдау барысында Кемерши селосының тұрғындары 2023 жылдың мамыр айында компанияның шағын футбол ойындары үшін арнаулы алаңша салып беруіне өтініш жасады. Акционерлік қоғам басшылығы бұл өтінішке жедел үн қатып, Алматыдан құрылымды жеткізіп, Кемерши селосында оны құрып беру үшін мердігер тапты. Бұл балалар демалысын қызықты өткізу үшін біздің қалаларымызда соңғы жылдары орнатыла бастаған жасанды шалғын жабындысы бар алаң іспетті, — дейді «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ жетекші инженер-экологы, жұртшылықпен үйлестіру жұмысына қатысушы Қуанбай Боранбаев.

Осылайша Кемерши ауылының тұрғындары үшін «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ есебінен спорттық ойын алаңы іске қосылып, бүгінде шағын футбол алаңын жасақтау аяқталуға жақын.





Сумен қамту — маңызды міндет

Байғанин ауданының әкімшілік орталығы — Қарауылкелді селосы — соңғы жылдары тұрақты даму қарқынына ие, мейлінше көп тұрғыны бар елді мекен. Мұнда аграрлық ауыл шаруашылығы саласын, оның ішінде мал шаруашылығын өркендетуге ерекше көңіл бөлінуде. Ірі қараның көбеюіне байланысты фермелерде ауызсудың жетіспеушілігі туындады. Бұдан бірнеше ондаған жыл бұрын салынған ескі су айдайтын скважиналар аграрлық шаруашылықтар мен ауыл тұрғындарын қажетті су мөлшерімен қамтамасыз ете алмады, сөйтіп, қосымша су көздеріне қажеттілік туындады.

Байғанин ауданының әкімі Қайрат Орынбасарұлы Отаровтың өтініші бойынша «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ басшылығы 2023 жылы бұл проблеманы шешуге байланысты елеулі қадамдар жасады.

Компания Қарауылкелді және Оймауыт селолары үшін екі гидрогеологиялық скважинаны дайын күйінде қолдарына ұстатты. Осы мақсат үшін мұнайшылар өзіміздің аймақтағы жоғары құзыретті гидрогеологиялық ұйым ретінде жақсы танымал «Ақпан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мамандандырылған мердігер ретінде жұмысқа тартты.

Су алу үшін скважиналарды бұрғылау жөніндегі жұмыстар бірнеше ай ішінде белгіленген жоспарға сәйкес жүргізілді. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ жұмыс процесі барысына тұрақты бақылауды жүзеге асырып отырды.

— Оймауыт селосында 600 метрге дейін байқау-сынамалық жұмыстар жүргізілді. Скважиналардың барлық стволдары бойынша әртүрлі коллекторларда анализ жасалғаннан кейін 150 метрден 300 метрге дейінгі аралықтағы интервал неғұрлым тиімді пайдалану горизонты деген шешім қабылданды. Скважинаға 133 мм диаметрлік сүзгімен пайдалану колоннасы жіберілді, — дейді аталған жұмыстар барысына тікелей бақылау жасаушы, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Бас директоры әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Юрий Шинкарев.

— Қарауылкелді ауылы маңында орналасқан екінші скважинаның жобалық тереңдігі — 120 метр. Оған 219 мм сүзгімен құбыр колоннасы түсірілді. Екі скважина да тексерілді, талап етілетін су ағыны жіберіліп, балшықтан тазарту жұмыстары жасалды. Жаңа скважиналардан алынатын су санитарлық-эпидемиологиялық стандарттардың барлық нормаларына сай келеді.

Байғанин ауданының басшылығы жаңа су айдайтын скважиналардың іске қосылуына байланысты ризашылығын жеткізді. Аудан әкімі «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ басшылығына скважина құрылыстары үшін ғана емес, сондай-ақ көп жылғы ынтымақтастық қызметі және меценаттығы үшін алғыс білдірді.

— Компания біздің ауданымыздың әлеуметтік дамуына тұрақты түрде өз үлесін қосып келеді. Жалпы алғанда, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ біздің ауылдарымызда бірнеше әлеуметтік нысанның құрылысын жүргізді. Оның ішінде 2018 жылы балаларға арналған шығармашылық үйі бой көтерді, — деп атап көрсетті Байғанин ауданының әкімі Қайрат Отаров.

— Соңғы төрт жыл ішінде мұнайшылар ауданның бірнеше округінде мал суару үшін 4 артезиан скважиналарын бұрғылады. Біз мұны аудан экономикасын дамытуға, оның ішінде мал шаруашылығын сумен жабдықтау бағдарламасын табысты жүзеге асыруда үлкен көмек болды деп есептейміз.





Тұтастай алғанда жоғарыда аталған қайырымдылық жобаларына ғана «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ өз бюджетінен 120 миллион теңгеден астам қаржы жұмсады. Компания өзінің өнеркәсіптік қызметін жүргізіп отырған аудан тұрғындарының игілігіне қатысты шаруа болғанда мұндағы әрбір жұмсалған теңге жалпы әлеуметтік үйлесімділікті нығайтудан туындайтын оң тиімділікпен ақталатыны сөзсіз. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ акционерлері мен ұжымы өздерінің ашық ынтымақтастық және инвестициялық өзара іс-әрекеттері бағытына бұрынғыдай адал күйінде қала береді.

Компанияның қайырымдылық мақсатындағы іс-шаралары тұрақты өсіп келеді. Әлемдік нарықтағы катаклизмдер мен көмірсутегі нарығындағы белгісіздіктерге, өңделетін мұнай-газ кен орындарының табиғи сарқылуына қарамастан, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ өзінің бюджетінде атаулы әлеуметтік акцияларды демеушілік-қайырымдылық қолдауға тұрақты түрде қаржы қарастырып отырады.

Жалпы алғанда «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ өзінің жауапты әлеуметтік саясаты нәтижесінде Ақтөбе облысының тұрақты дамуына және жергілікті жұртшылықтың тіршілігінің жақсаруына өз үлесін қосып келеді.

Ұзақ жылғы жетістіктері жоғары үкіметтік деңгейде Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы өзара тиімді инвестициялық ынтымақтастықтың жарқын мысалы деп танылған компания бұрынғыдай Ақтөбе облысының жетекші мұнай-газ операторы болып қала береді.

Сара Талан

«Ақтөбе» газетінің сайтындағы мақалаға сілтеме



















Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»