Новости



Тіл мен Ұлт егіз ұғым


05.04.2022

Үстіміздегі жылдың 30 наурызында «СНПС-АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ» Акционерлік қоғамы ғимаратында ұжымның жұмысшылары мен қызметкерілерінің қатысуымен жалпы жиналыс өтті. 51 адам қатысқан шараға «Халқаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ұйымының Ақтөбе облыстық филиал төрағасы Роман Рахиев те келді. Бұл басқосуымыздың негізіне түрткі болған Ақтөбе облысы әкімдігінен биыл ақпан айының он бесінші жұлдызында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның Бас директоры Вэй Юйсян мырзаның атына келіп түскен хаты еді. Ол хатта 2021 жылдың 26 қарашасы күні Түркістан қаласында «Халқаралық «Қазақ тілі» қоғамының» құрылтайы өтті. Құрылтайда республика өңірлерінде жұмыс жасайтын компанияларда қоғамның бастаушы ұйымдарын құру міндеті жүктелді. Осыған байланысты жиналыстың күн тәртібінде 2 мәселе талқыланады. Оның бірі «СНПС-АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ» Акционерлік қоғамындағы «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының» бастауыш ұйымын құру. Екінші мәселе ұйымның басқарушы құрамын сайлау.




Жиын төрағасы Нұрлан Нұртазин «СНПС-АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ» Акционерлік қоғамында әлі күнге дейін «Халқаралық «Қазақ тілі» қоғамы» жоқ екенін, сол себептен қоғамды құру қажеттігін және де мемілекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру керектігін, тілдік орта қалыптастырудың маңыздылығын айтты. Біздің мекеменің іс-қағаздары толығымен қазақ және орыс тілдерінде жүргізілуде. Алайда, ақсап тұрған жерлерміз де жоқ емес. Мыссалы, электронды құжаттарды басқару жүйесі, ішкі ақпарат тарату және әлеуметтік жүйедегі AMG-Life мобильдік қосымшасы тек қана орыс тілінде таратылуда.

Кезекті сөз тізгінін алған «Халқаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ұйымының Ақтөбе облыстық филиал төрағасы Роман Рахиев – қазақ тілін, мәдениетін, әдебиетін, тарихын оқып-үйренуге, әдет-ғұрпын, тұрмыс-салтын сақтап, оны одан әрі дамытуға ықыласты қазақ және басқа ұлт өкілдерінің басын біріктіретін ерікті ұйым екендігін атап өтті. Ұйым 1989 жылы Алматы қаласында өткен 1-құрылтайда құрылған. Былтырғы мемлекет басшысы Қ-Ж.Тоқаев Жолдауында мемлекеттік тілдің елді біріктіретін күшке айналуы тиістігін мәлімдегені айтылды. «Ата Заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі» деген еді президент. Жүйелі жұмыстардың арқасында мемлекеттік тілді дамытуда қол жеткізілген табыстар аз емес. Дегенмен, мемлекеттік тілдің мәртебесіне қатысты ел ішінде көңіл толмаушылықтардың бар екендігі де рас.

Роман Рахиев шараға жиналғандарды Қоғамның ережесімен таныстырып, мекеме жұмысшыларының «Халқаралық «Қазақ тілі» қоғамын» құру жөніндегі ұсынысын қолдады. Бұл жұмысқа тілге жаны ашитын, білікті, ұжымда әріптестер арасында беделді азаматтардың болғанын қалайтынын білдірді. Сонымен қатар, мекеме қызметтерлерінің қоғам жұмысына белсене араласып, қолдау көрсетуін сұрады.

Ақылдаса келе «СНПС-АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ» Акционерлік қоғамындағы «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» басқарушы ұйымына мекеменің маман-қызметкерлерінен 13 адам сайланды. Сайланған азаматтардың ішінен қоғамның төрағасы лауазымына Өтеміс Арзуқұлов ұсынылды. Ұжым мүшелері бұл ұсынысты қолдады. Ол жиналысқа қатысқан әріптестеріне сенім білдіргені үшін алғысын айтып, мекемедегі қазақ тіліне байланысты олқылықтарды жоюға ынталы екенін білдірді. Ол өз сөзінде, бұл қоғамды құруға мекеме басшыларының да қазақ тілімізге деген көзқарасы мен қамқорлығын білдірсе керек екенін айтып, ұжымдастардан жұмысқа ат салысуын сұрады.




Тіл саясаты бөлімінің басшысы Күләндә Тұрғанбаева да жиналыс кезінде сөз сөйледі. Біздің ұжымда таратылатын ақпараттар легі орыс тілінде. Бізден шығатын журналдар мен бүктеме қағаздан бөлек, сайт пен әлеуметтік желілердегі күнделікті деректің өзі өзге тілде. Ал сайттағы, мобильдік қосымшадағы қызметтер бір тілде. Менің оған еш қарсылығым жоқ. Ақпараттың орыс тілінде болғаны орынды. Дегенмен, дереккөздің қазақ тілінде де жариялануы шартты екендігін атап өтті.

Ақтөбе облыстық «Халқаралық «Қазақ тілі» қоғамы» филиалының алқа мүшесі, профессор, филология ғылымдарының кондидаты Нұрдаулет Алдашов «СНПС-АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ» АҚ-да құрылып жатқан ұйымының қадамына сәттілік тілеп, қазақ тілі ең бірінші қазақтың өзіне қажет екенін шегелеп айтты.

Жиын төрағасы Нұрлан Нұртазин ұжым мүшелеріне алғысын білдіріп, сайланған азаматтардың жұмысына сәттілік тіледі.

Құрметті ұжымдастар, сіздер «Қазақ тілі» қоғамына мүше болу арқылы өз тіліміздің дамуы мен қалыптасуына үлес қосасыздар. Қазақ тілінің көркейуі біздің қолымызда. Сол себепті, баршаңызды ұйымға мүшелік етуге шақырамын! Тіл мен Ұлт егіз ұғым. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» дейді, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы.




Нұрлан Нұртазин,
«Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы»
«СНПС-АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ» АҚ-дағы
бастауыш ұйымы төрағаның орынбасары




















Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»