Новости

Нәзік жандылар үлес


04.03.2022

Біздің басқарма акционерлік қоғамда өндірілетін мұнай және мұнай өнімдерін сатумен айналысады. Мұнай және мұнай өнімдері тауар болып есептеледі. Жұмысшылардың маңдай терімен өндірген тауарының тиімді бағамен және уақытылы сатылуын біздің ұжым қамтамасыз етеді. Осы маңызды да күрделі қызметті 90-ға тарта маман атқарады. Оның 34-і нәзік жандылар. Әйелдер қауымының біздің ұжымда атқарар қызметі мен алар орынының маңызы тереңде. Нақтырақ тоқталсақ, жұмысқа қабылдану үшін кез-келген адам еңбек ресурстары бөлінің қызметіне жүгінеді. Ал мұндағы маманның міндеті жұмысқа тұруға өтінішпен келген қызметкердің қабілетін қарап, оның белгілі бір еңбекке қауқары келетінін не келмейтінін анықтау. Ал аталған қасиеттің барлығы еңбек ресурстары бөлімінің бастығы Нағима Бабаеваның бойыннан табылады. Одан бөлек, адамды бір көргеннен тани алатыны тағы бар. Ол осы саладағы көп жылдық тәжірибесінің арқасы. Оның көмекшісі және ізбасары Гаухар Құмалақова жас та болса өз ісінің шебері. Ал Айсұлу Байдуллина біздің басқармадағы еңбек жолын 2000- жылдары бастап, қазіргі таңда білімі мен сауаттылығының арқасында мұнайды жеткізу және сату бөлімі басшысының қызметін атқаруда. Сол жұмыстың тұрақты жүруне Светлана Московченко, Татьяна Подлесная, Айгерім Базарова, Гүлшат Айбосынова да ат салысуда. Ал осы күрделі жұмысты жоспарлап, орындалуын қадағалап, бағыт-бағдар беріп отыру Дилара Алимбекова ханымның құзырында.

Күнделікті тұрмыстық жағадайда өмірімізді газсыз елестету мүмкін емес. АҚ-да өндірілген газды сату басқарма бастығының орынбасары Валентина Гузенкоға жүктелген. Бұл азаматтың қызметіне деген адалдығы сонша, демалыс күндері де жұмыс орнынан табылады. Валентинаның тікелей басшылығына газ өткізу бөлімі де кіреді. Мұнда Ботагөз Игисенова, Әсел Аманова, Аяжан Өсербаева, Жұпар Жұмағазиева сынды еңбекқор қарындастарымыз қызмет атқарады. Біз газ бен мұнайды сатумен қоса оны тасымалдаумен де айналысамыз. Соның бірі темір жол арқылы. Темір жол бұл экономикамыздың күре тамыры. Ал сол жолмен уақытылы, бағытына сай, тұрақты өндіріске керек жабдықты жеткізу мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау бөлімінің міндетінде. Онда Зайра Утешева, Жайнагүл Жумашева қызмет атқаруда. Ал АҚ-да Анар Жанадилованы танымайтын адам жоқтың қасы. Олай дейтін себебім, 2007 жылдан бері жұмысшыларды «Жаңажол» кен орнына тасымалдау үшін жайлы да жылы вагондарға орналастыру қызметін атқарып келеді. Кез келген сатумен айналысатын басқарма есеп-қисапсыз болмас. Біздің кірісіміз бен шығысымызды реттеп, қадағалап отырған бас бухгалтеріміз Бағда Шайманова ханым және Гүлсім Азмұхамбетова, Светлана Малиновская, Лаура Сағындықова,Бибігүл Жиеналина,Кәмшат Есенғұлова, Марта Даргужиева да өз ісінің майталмандары.

Тауарды өткізу кезінде құжаттар келісім-шарт арқылы реттеледі. Келісім-шарттардың АҚ мүддесіне тиімді рәсімделуі мен заң аясында толтырылуы арқылы Жанна Левжинская мен Динара Қайсарова жоғары дәрежелі заңгер екендіктерін дәлелдеп келеді.

АҚ-ың ақпараттық анықтамасы жүйесіне көз жүгірткенімде, барлық басқармаларда өндірістік-техникалық бөлімдердің бастықтары ер адамдар екен. Ал біздің ұжымда осындай қызметті Галина Солодовникова ондаған жылдар бойы атқарып келеді. Ол маманның техникалық сауаттылық денгейінің өте жоғары екенін білдіреді. Осы бөлімге жетекші инженер Елена Аленченконың да қосып жатқан үлесі аз емес.

Кез-келген жұмыс нәтижелі болу үшін оны жоспарлау маңызды. Ал ол жоспарды экономикалық тұрғыдан санай білу және оның орындалуын қадағалау үлкен сауаттылықты қажет етеді. Ондай жауапкершілік жоспарлау-экономикалық бөлімінің басшысы Тамара Каркишко мен инженер Ольга Югайдың мойнында. Ал ұжымдағы мерекелік іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуін Ольга Оленберг қамтамасыз етеді. Бұл кісіні біз ғана емес, балаларымыз да жақсы көреді. Басқармамыздағы маңызды қызметкеріміздің бірі Құралай Бердімағамбетова. Ол өндірістегі экологиялық ахуалды қадағалап қана қоймай, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін бес саусағындай біледі. Айта кетейін, Құралай АҚ аралық тоғыз құмалақ ойынының бірнеше дүркін чемпионы.

Жоғарыдағы аталған аруларды және акционерлік қоғамның барша қыз-келіншектерін келе жатқан халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық тілеймін. Ой жеткен жерге қол да жетеді демекші, ойларыңыздағы орындалсын. Барша жақындарыңызды мейірім мен ыстық ықыластарыңызға бөлеп жүре беріңіздер. Аллам еселеп бақыт берсін, сол бақытты көретін уақыт берсін. Мен сіздерді мақтамаймын, мен сіздермен мақтанамын!

Ізгі тілекпен: Нұрлан НҰРТАЗИН














Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»