Новости

Кәсіподақ балалармен бірге!


14.06.2023

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ қызметкерлері балаларының жазғы демалысын «Мұнайшы» балалар лагерінде ұйымдастыру біздің Ұжымдық шарттың маңызды әлеуметтік бағыттарының бірі болып табылады.

Сондықтан бүкіл жазғы маусым бойы Лагерь жұмысының жоғары деңгейде өтуі Кәсіподақ үшін маңызды. Жеті маусымның әрқайсысына жауапты кәсіподақ қызметкерлері бекітіліп Лагерь қызметкерлерімен бірге әр түрлі мәдени шараларға қатысады. Лагерь жұмысы мен балалардың жағдайын қоғамдық бақылауға алады, ата-аналармен үнемі тығыз байланыста болады.

Осы жылы бірінші маусымға жауапты болып Жергілікті кәсіподақ ұйымының басшылығы Сәтов Самат өзі жауапкершілігіне алды.

Сәтов Самат бірінші маусымның ашылуына қатысып балаларды айтулы мерекемен құттықтады. Сонымен қатар «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директоры Ли Шуфэн мырзамен бірге 2023 жылдың жазғы маусымының салтанатты түрде ашылуына қатысты.





Бірінші маусым ішінде арнайы кәсіподақ қызметкерлерінен құрылған команда балалармен «Көңілді старт» сайысына түсті.

Кәсіподақ командасының құрамы: Туксубаев Алмат, Жетписова Әсел – Ақтөбемұнайсервис басқармасы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы мен есепшісі, Кұлмағамбетова Сауле, Насирова Диана – Қоғамдық тамақтандыру және сауда басқармасы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы мен есепшісі, Күлмурзина Ғайни «Октябрьмұнай» Мұнайгаз өндіру басқармасы бастауыш кәсіподақ ұйымының есепшісі, Балмағамбетов Аманғали, Кенетаев Марат, Қазбаева Динара - Жаңажол мұнайгаз өңдеу кешені бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, орынбасары және есепшісі, Игисенов Рүстем - Мұнай және мұнай өнімдерін сату басқармасы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, Альжанов Лескен – кәсіподақ командасының капитаны және Ғылыми зерттеу институты бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, Шабикова Жұлдыз – Жергілікті кәсіподақ ұйымының есепшісі, Ақкенжина Гүлжан – Басқару аппаратынан кәсіподақ белсендісі. Сонымен қатар Тұрғанбаева Күлянда – Басқару аппараты бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, видео\фото материалдардың барлығын дайындаған, түсірген, Көңілді стартқа қатысушыларды тартысты сайысқа қыздырып жүрген осы Тұрғанбаева Күлянда екенін ерекше атап өту керек.

«Көңілді старт» атауы айтып тұрғандай өте көңілді атмосферада өтті. Кәсіподақ қызметкерлері балалармен сайысқа түсіп балалық шағын еске алып өздеріне де, балаларға да нағыз мейрам сыйлады.

Тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша Кәсіподақ командасы балаларға естелік сыйлықтар табыстады.





Екінші маусымға жауапты Жаңажол мұнайгаз өңдеу кешені бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасы Балмағамбетов Аманғали Кәсіподақ, командасын Мұнайшы командасымен футбол алаңында кездесуге дайындап жатыр, олай болса жақсы материалдарымыздың жалғасы бар. Күтіңіздер!

Адам баласының ең бақытты шағы ол Балалық шағы!

Бақыт деген – сенің бала күндерің,

Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің.

Бақытын да, басқасын да білмеуің,

Бақытсыз-ақ ойнағаның күлгенің, деп әйгілі Мұқағали Мақатаев ақынымыз жырлағандай балаларымыздың балалық шағын Бақытты етуге «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ басшылығы мен кәсіподақ ұйымының үлкен үлес қосып жатқаны үшін біз де бақыттымыз!

Балаларымыздың болашағы жарқын болсын! Егеменді қазақ еліміздің мақтан тұтар ұлдары мен қыздары болып өссін!

Сіздер үшін, құрметпен: «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның Жергілікті кәсіподақ ұйымы























Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»