|
Новости
Кеңқияқ кентінде Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының 25 жылдығына және мұнайшылар күніне арналған іс-шара өтті 21.09.2022 Бүгінгі таңда мұнай саласы үнемі дамып келе жатырған стратегиялық және инновациялық дамыған өндіріс болып табылады, өйткені мұнай – Қазақстанның бүгіні мен болашағы. Биылғы жылы "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ құрылғанына және Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының мұнай-газ саласындағы жемісті ынтымақтастық орнатқанына 25 жыл толып отыр. Айтулы мерейтой күніне орай "СНПС-АМГ" АҚ-нан мерекелік іс-шаралар өткізу үшін қаржы бөлінді және мұнайшылар күніне байланысты Кеңқияқ ауылында ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Алғашқы Кенқияқ кен орнын игеруде, тұрғын үй мен басқа да әлеуметтік игіліктердің жетіспеушілігіне қарамастан, балық қиыншылықтарды жеңіп шыққан ардагер мұнайшылардың есімдері мен еңбектерін ұмытуға болмайды. "Кеңқияқмұнай" МГӨБ басшылығымен 18.09.2022 жылы зейнеткерлер мен ардагер мұнайшыларға арналған мерекелік банкет ұйымдастырылды, әр зейнеткерге 10 мың теңге ақшалай сыйлық бөлінді. Кеңқияқ кентінің мұйшы-ардагері А. Есенғұлов мұнайшы ардагерлерді мерекемен құттықтап, акционерлік қоғам мен "Кеңқияқмұнай" МГӨБ басшылығына алғыстарын білдірді. Мұнайшылар күні мен Қазақсатан Республикасы мен ҚХР мұнай-газ саласындағы серіктестігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға Темір ауданының әкімі С.Аманбаев қатысты. Қазақстанның ең ірі стратегиялық серіктестерінің бірі –Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының 25 жылдық мерейтойына арналған мерекелік кеште аудан әкімі «Кеңқияқмұнай» МГӨБ ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлестеріне тоқталып, мерекеге орай мұнай-газ кешенінде ұзақ жыл еңбек еткен сала үздіктері Б.Канбаев, Е.Бришев, А.Акмагамбетов, З.Нуртазина, М.Туякова «Темір ауданына сіңірген ерекше еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Құрметті қонақтарымыздың бірі Язит Куспанов Кеңқияқ кәсіпшілігінің тарихын айтып беріп, мұнайшыларды мерекемен құттықтады. "Кеңқияқмұнай" МГӨБ зейнеткері Назар Сумагулов ардагерлерді мерекемен құттықтап, басқарма басшылығы мен кәсіподақ ұйымына алғысын білдірді. Салтанатты іс-шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласты. "Кеңқияқмұнай" МГӨБ басшылығы Кеңқияқ кентінің тұрғындарына Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе филармониясының әртістерін шақырды. Мерекелік концерт "Кеңқияқмұнай" МГӨБ кеңсесінің жанындағы алаңда өтті. Қыркүйек айының 18-ші жұлдызында мұнайшылар күні мен Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы жемісті ынтымақтастықтың 25 жылдығы аталып өткен мереке халықтың есінде қалады. Мұнайшылар бұл атаулы күнді лайықты табыспен қарсы алды. Халық мерекелік концертке риза болып, алғысын білдірді. Өндіріске жаңа технологияның енгізілуіне байланысты мұнай өндіру өсті, бұл халықтың әл-ауқатын жақсартуға, мұнай кентінің бүгінгі келбетін өзгертуге бағытталған үлкен жұмысты толықтырады. Кенқияқ мұнайшылары ел экономикасына әрқашан өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін мақтанышпен айта алады.
Минура Қабеш, |
Система энергетического менеджмента. Уведомления |
Информация для энергопотребителей |
Транспортировка товарного газа |
CBK | Объявления | Информация для акционеров | Учредительные документы |