Новости

«Кәсіподақ» және «Нефтяник» командаларының арасындағы супер ойынының екінші кезеңі өтті


11.07.2022

2022 жылдың 05 шілде күні Нефтяник лагерінің футбол алаңында Супер ойынның екінші кезеңі өтті, яғни Кәсіподақтар командасы мен Нефтяник командасы екінші рет кездесті.

Естеріңізде болса бірінші ойында Кәсіподақ командасы ірі есеппен жеңілген болатын, бұл жолы олай болмады.

Бұл жолы Кәсіподақ командасы бірінші ойыннан тәжірбие жинап керемет ойын көрсете білді.

Тартысқа толы кездесуде ойынның негізгі бөлігі 2:2 есебінен тең аяқталды.

Нефтяник командасы жастар болғандықтан көп шабуылдады, бірақ Кәсіподақ қақпасын қорғаған Габдрахманов Қазбек - Құрылыс Басқармасы кәсіподақ ұйымы төрағасы нағыз ерлік көрсетіп көптеген қауіпі шабуылдарға тойтарыс берді.

Өз кезегінде Кәсіподақ командасының мықты шабуылшылары Альжанов Лескен (Ғылыми зерттеу институты), Игисенов Рүстем (Мұнай және мұнай өнімдерін сату басқармасы), Бегиманов Ерлан (Өндірістік техникалық қызмет көрсету және жабдықтармен қамту басқармасы) және кәсіподақтарға көмекке келген Ақтөбемұнайсервис Басқармасы кәсіподақ белсендісі Туребеков Нұршат шабуыл шебінде жақсы өнер көрсетті.

Қорғаныс шебінде Қауқақов Бақыт, Туксубаев Алмат, Кішкенебай Ібайдолла, Сәтов Самат аянбай терлерін төкті.

Жоғарыда айтқанымыздай ойынның негізгі бөлігі 2:2 есебімен тең аяқталып, жеңімпаз ойын соңындағы қақпаға айып доптар тебу нәтижесімен ғана анықталды.

Қанша айтқанмен, жастар жастықтарын көрсетіп тартысты ойынның жеңімпазы Нефтяник командасы атанды.

Әрине Кәсіподақ командасы берілмейді дайындықтарын бұдан әрі шыңдап Нефтяник командасымен үшінші рет кездесуге баратынын ресми түрде жариялайды. Дайын болыңыздар.

Барлығын видео/фотоға түсіріп тарихта қалуына үлкен үлесін қосқан Тұрғанбаева Күляндаға алғыс білдіреміз.

Супер ойынның екінші кезеңінің бас демеушісі «Октябрьмұнай» Мұнайгаз өндіру басқармасы бастауыш кәсіподақ ұйымы Нефтяник командасына спорттықкиімдер, доп, кубок, медальдар мен алғыс хат табыс етті.

Материал дайындаған: Сәтов Самат




Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»