Новости

Көк тудың желбірегені


06.06.2023

4-маусымда мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті. Мерекеге орай облыста тақырыптық, мәдени шаралар ұйымдастырылды. Негізгі салтанатты шара тұңғыш президент атындағы орталық саябақта «Ту тұғыр» алыңында өтті. Шара барысында саябақта жүрген мыңдаған ақтөбелік әнұранды бірге шырқады. Олардың қатарында «СНПС АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ» АҚ-ның өкілдері де бар. Шара аясында облыс әкімі Ералы Тоғжанов құттықтау сөз сөйлеп, құқық қорғау органдары қызметкерлері сапқа тұрып, қаладағы мәдениет мекемелерінің оқушылары ән мен биден шашу шашты. Бір қуантарлығы- шара еш қоспасыз қазақ тілінде өтті. Тіл- ұлтты біріктіреді. «Туы биік елдің- тұғыры биік» деген дана халқымыз. Азат елдің символы саналатын рәміздерімізді әрқашан құрметтеп, қастерлей білу – Отан алдындағы ұрпақ борышы. Ғасырлар бойы бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіп, өз алдымызға дербес мемлекет болып қалыптастық. Тағдыр бізге ендігі уақытта тұғыры биік Туымызбен, ел тарихын әлемге танытар Елтаңбамызбен және патриоттық рухты көтеретін мемлекеттік Әнұранымызбен айбынды да мәңгілік ел болуға жазсын. Бірлігіміз жарасып, еліміздің жарқын болашаққа бастар жолында нық қадам жасап, ынтымағы жарасқан ел болайық!

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-дағы бастауыш ұйымы төрағасының орынбасары Нұрлан НҰРТАЗИН























Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»