Новости

Тіл жанашыры


21.10.2024

2024 жылдың 18 - қазанында Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ-нің «Мәңгілік ел» залында «Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту және оның қоғамдағы рөлін арттыру мәселесі» тақырыбында республикалық семинар өтті.

Шара республикалық тіл басқармалары мен тілдерді оқыту орталықтары арасында тіл саясаты бойынша тәжірибе алмасу семинары форматында өтті. Ұйымдастырушылар - Ақтөбе облысының әкімдігі және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті.

Семинар барысында Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары аясындағы тілдік кемсітушіліктің алдын алу және мемлекеттік тілдің дамуын ынталандыру мәселелері талқыланды.





Алқалы жиынның жалғасы тіл жанашырлары мен белсенділерді марапаттаумен жалғасын тапты. Осы орайда «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ қауіпсіздікті үйлестіру жөніндегі бас инспекторы, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» бастауыш ұйымының төрағасы Сақтағанов Абай Дидарұлы облыс әкімі Асхат Шахаровтың «Алғыс хатымен» марапатталды. Бұл - бастауыш ұйымының мекеменің ішінара ғана емес, облыс көлемінде сапалы жұмыс жасап жатқандығының дәлелі. Абай Дидарұлының төрағалық қызметінде жылға жуық уақыт болса да жұмыстың ілгері жылжу қарқыны ауыз толтырып айтарлық деңгейде. Осындай қазақ тіліне жанышырлық танытып, көркейту мен насихаттау мақсатында жұмыс жасайтын азаматтар барда ана тіліміздің шығар шыңы биік екеніне кәміл сенімдіміз!





«СНПС-АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ» АҚ
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының»
бастауыш ұйымының төрағаның орынбасары Н.Нұртазин




Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»