Новости

"Нефтяник" лагерінде Жергілікті кәсіподақ ұйымының төртінші маусымға арналған кезекті мерекелік іс-шара өтті.


26.07.2022

Осы күндері "Нефтяник" балалар лагерінде төртінші маусым өтіп жатыр. Кәсіподақ ұйымы әр маусым сайын балаларға арнап мерекелік шаралар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырды.

Естеріңізде болса бірінші және екінші маусымда футболдан ғасырлық матч өткізсе үшінші маусымда кәсіподақ есепшілерінің қатысуымен көңілді старт сайысы ұйымдастырылды.

2022 жылдың 26 шілде күні "Нефтяник" лагерінде төртінші маусымға арналған кезекті іс-шара өтті. Бұл жолы Мамандандырылған көлік басқармасы бастауыш кәсіподақ ұйымы /"СНПС-Ақтөбе көлік компаниясы" ЖШС кәсіподақ ұйымы бас демеушілік жасады. Аталған кәсіподақ ұйымының төрағасы Каналин Дархан Мұрзабайұлы бастап келген Кәсіподақтар командасы атынан көңілді стартқа қатысқан барлық балаларға бейсболкалар және ішінде мектеп құралдары; сызғыш, автоқалам, қарындаш өшіргіш салынған пеналдар табысталды. Көңілді стартқа белсенді қатысқан - Балагүлова Айгүл, Мамандандырылған көлік басқармасы бастауыш кәсіподақ ұйымының есепшісі, - Казбаева Динара, Жаңажол мұнайгаз өңдеу кешені бастауыш кәсіподақ ұйымының есепшісі, - Аманбай Фарзанад, Құрылыс басқармасы бастауыш кәсіподақ ұйымының есепшісі, - Сақтаған Әлияға, Ғылыми зерттеу институтының кәсіподақ белсендісі, сонымен қатар Мамандандырылған көлік басқармасы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Каналин Дарғанға оның орынбасары Жакипов Радикке және Құрылыс Басқармасы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Габдрахманов Казбекке алғыс білдіреміз.

Адам баласының ең бақытты шағы ол балалық шағы екені барлығымызға мәлім, олай болса "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ басшылығы мен кәсіподақ ұйымы біздің балаларымыздың балалық шақтарының бақытты болуына өздерінің үлестерін қосып келе жатқанын мақтан тұтып айтамыз.

Материал дайындаған:Сәтов С.С.





















Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»