Новости

Наурыздың бастауы "Көрісу күні" мерекесі Жаңажол ауысым ауылында кең көлемде аталып өтті


18.03.2024

14-15 Наурыз күндері «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ басшылығы мен жергілікті кәсіподақ ұйымының бірлескен шешімімен Жаңажол вахталық ауылында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесінің бастауы болып табылатын «Көрісу күні» мерекесі кең көлемде аталып өтті.

14 наурыз - Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті-пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір–біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді.

Акционерлік Қоғамымыздың жоспарға қойған өндірістік көрсеткіштерінің орындалуының басты факторы ол – осы кен орындарында яанбай еңбек етіп келе жатқан еңбек ұжымы болып табылады. Осындай ұлтымыздың қасиетті мерекені еңбек ұжымының арасында атап өту туралы Жергілікті кәсіподақ ұйымының ұсынысын Акционерлік Қоғамның басшылығы қабыл алып үлкен мерекенің болуына қолдау көрсетті.

13 Наурыз күні Жаңажол вахталық ауылының Мәдениет үйінің алдында Қоғамдық тамақтандыру және сауда басқармасы 24 қанатты салтанаты жарасқан киіз үй орнатты.14 Наурыз күні Қоғамдық тамақтандыру және сауда басқармасының басшысы Утегенов Ардақ Садақбайұлының жеке бақылауымен еңбек ұжымына арнап далаға от жағылып түтінін бұрқыратып алты қазан Наурыз көже мен палау асылды, молынан бауырсақ пісірілді. 1 500 ден астам еңбек ұжымы дайындалған тамақтан дәм татып, әсем әннің толқынында би билеп нағыз мейрам өтті. «Көрісу мерекесі» айлардың сұлтаны Рамазан айына сәйкес келуі мереке үстіне мереке болып еңбеккерлеріміз бір – бірлеріне тілектерін білдіріп жатты.

Осы ретте осындай бүкіл халықтың ықыласына бөленген Қоғамдық тамақтандыру басқармасы мен «Фирма Вэст Сервис ЛТД» ЖШС ұжымына Акционерлік Қоғамның басшылығы мен Жергілікті кәсіподақ ұйымы атынан үлкен алғыс білдіреміз.

Мерекенің сәнін келтірген спорттық шаралар болды. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан жігіттеріміз ашық алаңда футболдан бәсекеде «Кенкиякмұнай» Мұнайгаз өндіру басқармасының жігіттері топ жарды. Екінші және үшінші орындарды сәйкесінше «Октябрьмұнай» МГӨБ және Жаңажол мұнайгаз өңдеу кешені иеленді.

Волейболдан Рахметуллаұлы Мұхамбетқасым бастаған Жаңажол мұнайгаз өңдеу кешенінің жігіттері топ жарды.

Одан кейін соңғы жылдары қызығушылық ие болып жоғары деңгейде дамып келе жатқан ұлттық ойынымыз Асық атудан өте тартысты жарыста Кенкияктың жігіттері тағы да ешкімге мүмкіндік бермей өздерінің мықты екенін дәлелдеді.

Мықтылардың сайысы Арқан тарту сайысы керемет эмоцияларға толы болып «Октябрьмұнай» Мұнайгаз өндіру басқармасының жігіттері жеңімпаз атанды.

Ең қызықты сайыс ол Қой көтеруден жарыс болды. Халықтың барлығы ду қол шапалақпен өткен жарыста Жаңажол мұнайгаз өңдеу кешенінің қызметкері Аманбаев Нұрбек 52 рет көтеріп өзінің мықты екенін танытып сол өзі көтерген қойды жүлде етіп жеңіп алды.

Спорттық жарыстардың жүлде қоры «Октябрьмұнайгаз», «Кенкиякмұнайгаз» басқармаларының және Жаңажол мұнайгаз өңдеу кешені кәсіподақ ұйымдарының қаржыландырумен өтті.

14 Наурыз күні кешкісін Ұлттық нақышта безендірілген Спорт кешенінде облыстық Өнер Орталығының өнерпаздарының әсем әндері мен мың бұрылған билерінің, сонымен қатар Ұлттық аспаптар оркестрінің тамаша әуендерімен екі сағатқа созылған мерекелік концерт қорытындылады.

Концертті «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы Сәтов Самат ашты. Бас директордың орынбасары – «Октябрьмұнайгаз» Мұнайгаз өндіру басқармасының бастығы Бекенов Руслан Хамзаевич еңбек ұжымын құттықтады.

Мерекелік концертті жоғары деңгейде өткізген Әкімшлік Департаментіне үлкен алғыс білдіреміз.

Мерекелік шараларға Жаңажол мұнайгаз өңдеу кешенінің бастығы Бесебаев Талгат Пулатович, Қоғамдық тамақтандыру басқармасының басшысы Утегенов Ардақ Садақбайұлы және Қауіпсіздік Департаментінің басшысы Кәрібеков Ибраим Укапович қатысты.

Жергілікті кәсіподақ ұйымы, Әкімшілік Департаменті және Қоғамдық тамақтандыру және сауда басқармасының жауапты еңбек ұжымдары мерекелік шараны абыроймен өтеп шықты

Біздің ең басты мақсатымыз орындалды. Ол енбек ұжымына мерекелік көңіл күй сыйладық, Ұлттық мерекемізді дәріптедік, ұлттық ойынымызды насихаттадық ең бастысы еңбек ұжымының ризашылығына бөлендік. Мұндай кең көлемдегі үлкен мереке Жаңажол кен орнында алғаш рет өткізіліп отыр екен.





Материал дайындаған: Сәтов Самат, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы. Видео дайындаған Төребеков Нұршат (ОНГДУ) оған көмектескен Әбжет Алау (КНГДУ)





















Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»