Новости

Байқау – «Біз мемлекеттік тілде сөйлейміз»


15.12.2022

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» Акционерлік қоғамындағы халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бастауыш ұйымының 2022 жылғы МжМӨӨБ-ның жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 13-ші желтоқсанында Басқарма бөлімдерінің арасында «Біз мемлекеттік тілде сөйлейміз» атты байқау өткізілді. Байқаудың шарты бойынша команданың әрбір мүшесі бейнеролик түсіре отырып, берілген тақырып негізінде қазақ тілінде өз пікірін білдіруі тиіс. Шараның мақсаты мемлекеттік тілдің қолдану аясын одан әрі кеңейту және оның қоғамдағы рөлін күшейту болып табылады. Бұл байқауға 6 командадан құралған жалпы 50 тарта қызметкер қатысты.

1. Бухгалтерия-8 адам;









2. Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау бөлімі-8 адам;









3. Мұнайды жеткізу және өткізу бөлімі-6 адам;









4. Өндірістік-техникалық бөлім-5 адам;





5. Газ сату бөлімі-9 адам;









6. Құрама команда құрамында (еңбек ресурстары бөлімі, жоспарлау-экономикалық бөлімі, ЕҚ, ҚОҚ және ТЖ қызметі, мұнай өнімдерін жеткізу және өткізу бөлімі, заң бөлімі) – 7 адам.









Байқауға қонақ ретінде «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның Бас директорының көмекшісі, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бастауыш ұйымының төрағасы Ө.Арзуқұлов мырза шақырылды. Жоғарыда аталған командалардың бейнероликтерін көргеннен кейін, басқарма бастығының орынбасары Р. Иманов мырза берілген тақырыпты ашуда әр қызметкердің шығармашылығы мен күш-жігерін жоғары бағалады, сондай-ақ, бөлім басшыларына командалық жұмысы үшін алғысын білдірді.





Шара соңында сөз кезегі халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бастауыш ұйымының төрағасы Ө.Арзуқұлов мырзаға берілді. Ол «Басқарманың өткізіп отырған іс-шарасы үлгі аларлықтай. Бұл байқауды «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның арасында да өткізуге болады» деп сөзін түйіндеп, байқауды қорытындылады. Қатысушы командалар дипломдармен және жалпы сомасы 375 000 (үш жүз жетпіс бес мың) теңге көлемінде көтермелеу сыйақылармен марапатталды.







Сонымен қатар, Жаңажол жолаушылар вокзалындағы күту залы қазақтың ұлы тұлғаларының ұлағатты және өнегелі сөздерімен толықтырылды.





«СНПС-АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ» АҚ
«Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының» бастауыш ұйымының төрағаның орынбасары Н.Нұртазин





















































































































Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»