|
Новости
Тұғырына оралған мереке
26.10.2022 Мемлекет басшысының 2022-жылдың 16-маусымындағы Ұлттық Құрылтай отырысында берген ұсынысы бойынша 25-қазан ұлттық мемлекеттік мереке - Республика күні қайта жаңғыртылды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде,«Жаңа Қазақстан дегеніміз, бұл шындығында Әділетті Қазақстан» деді. Сол әділдіктің бір нышаны Республика күнінің ұлттық,мемлекеттік мерекелер қатарына қайта қосылуы. Тарихқа көз жүгіртсек, 1990-жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бұл күн Қазақстан Республикасының дербес тәуелсіздікті бекіткен тарихи алғашқы құжаты. Ағымдағы жылдың 20-қазанында Республика күніне орай «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-дағы филиал қызметкерлерінің қатысуымен мерекелік концерт өтті. Салтанатты шараның ұйымдастырушысыХалықаралық «ҚАЗАҚ тілі» қоғамының «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-дағы бастауыш ұйымы. 2022-жылдың 30-наурызы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» Акционерлік қоғамында «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының» бастауыш ұйымы құрылғанын айта кетейін. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ ұжымының қызметкелерін құттықтап, мерекелік көңіл-күй сыйлап, мемлекетік тілді насихаттап, патриоттық сезімге толы өнерімізбен бөлісу. Мерекелік концерт Қазақстан Республикасының гимнімен басталды. «СНПС – Ақтөбемұнайгаз» Акционерлік қоғамының Бас директорының көмекшісі «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының» бастауыш ұйымының төрағасы Өтеміс Арзуқұлов әріптестерін құттықтап, ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзімен жалғастырды. «Мемлекеттік тілдің ел бірлігінің факторы ретінде белгіленуі маңызды, алдағы уақытта да мемлекеттік тілді нығайтуға, халқымыздың дәстүрі мен мәдениетін жаңғыртуға қоғамдық саяси жұмыстардың тиімді жүйесін жасау қажет екенін атап өтті». Осы мақсатта Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Ақтөбе облыстық ұйымының басшылығы облыстық ірі кәсіпорындар басшылығымен бірлесе отырып, бірқатар игілікті жұмыстар атқаруда. Сонымен қатар, осы құрылғанқоғамымызды «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директоры Ли Шуфэн мырза қолдап, барша қазақ халқын және СНПС ұжымын Республика күнімен құттықтап жатқанын жеткізіп, сөзін түйіндеді. Сөз кезегін алған «СНПС – Ақтөбемұнайгаз» Акционерлік қоғамының кәсіподақ ұйымының төрағасының орынбасары Самат Сәтов көрермендерді Республика күнімен құттықтай отырып, осындай тамаша кеште әріптестерімен жүздескеніне қуанышты екенін білдіріп, егемендіктің алғашқы қадамы осы күні қабылданған декларациядан басталатынын атап өтті. Мерекелік іс-шараға 10 басқармадан 35 қызметкер қатысып ән, би, күй, мәнерлеп оқудан өнерлерін вахталық кенттегі мәдинет үйінде көрсетті. 200 орындық мәдениет үйінде ине шаншыр жер болмады. Концертіміз «Атамекен» әнімен аяқталды. Салтанатты іс-шарада өнер көрсеткендер «Алғыс хаттармен» марапатталып, ақшалай сыйақылар табысталды. Осы іс-шараға ат салысып, мерекелік концертке белсене қатысып, өнер көрсеткені үшін, әріптестерімеХалықаралық «ҚАЗАҚ тілі» қоғамының «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-дағы бастауыш ұйымының атынан алғыс білдіремін.
«Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» |
Система энергетического менеджмента. Уведомления |
Информация для энергопотребителей |
Транспортировка товарного газа |
CBK | Объявления | Информация для акционеров | Учредительные документы |