|
Новости1 Маусым – халықаралық балаларды қорғау күні 07.06.2023 1-маусым 1950 жылдан бастап, Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Біздің Қазақстан Республикасында балалар құқығы заңмен бекітілген. Әр бала, балабақшаларда, мектептерде мемлекет тарапынан тегін тәрбие мен білім алуға құқылы. Шын мәнінде балалардың әр күні мереке болуы тиіс. Олардың өмірінің қауіпсіз болуы, соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беру барлығы кез келген адамның міндетіне кіру керек. 1-маусым балалар күніне орай «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директорының атынан және «Кеңқияқмұнай» МГӨБ-ның атынан «Ақбота» бөбекжай-балабақшасына және «Зере» бөбекжай-балабақшасына сыйлықтар үйлестірілді. Сондай-ақ Кеңқияқ және Шұбарши ауылдарындағы 53 мүмкіндігі шектеулі балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында сыйлықтар табысталды. «Ақбота» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Жундибаева Г.С. және Шубарши ауылдық округінің әкімі Шүйіншалин М.Ж. және мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-на алғыстарын білдіріп, алғыс хаттарын табыстады. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. |
Система энергетического менеджмента. Уведомления |
Информация для энергопотребителей |
Транспортировка товарного газа |
CBK | Объявления | Информация для акционеров | Учредительные документы |