Өрлеу жобасы іске қосылды
31.08.2017
“Дюпон Қазақстан” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен СНПС Ақтөбемұнайгаз арасындағы екі жақты келісімнің іргесі бес жыл бұрын қаланды. Өзара келісім нәтижесінде “Дюпон Қазақстан” СНПС Ақтөбемұнайгаз компаниясында еңбекті және денсаулықты қорғауды, өндірістік қауіпсіздікті жақсартуды басқарудың жаңа методикаларын оқыту,үйрету, енгізу жөнінде кеңес беруге келісті. Осылайша үш фазадан тұратын жұмыс басталды.
Бұл жоба алғашқыда үш басқармада енгізілетін болды. Келісімде көрсетілгендей “Дюпон Қазақстан” өз жобасын енгізуді мынадай мақсаттармен бастады:
- Өндіріс мәдениетін жақсарту;
- Бөлімшелерде өндірістік травматизмді біртіндеп азайту;
- Компания мен инвестордың беделін арттыру;
- Компанияның құнды активтерінің сақталуы.
Жасалып жатқан жұмыстар туралы толығырақ Юрий Шикарев айтып берді. Юрий Шикарев Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс маманы, бас директордың администрациясында қызмет етеді.
- Біздің ұжым – бұл бір команда. Жалпы кәсібилігіміз- жеке жетістіктерімізден құралған. Өндірістік қауіпсіздік саласындағы біздің жарқын көрсеткішіміз - "қауіпсіздік жайлы тәжірибе алмасуда" жатыр. СНПС Ақтөбемұнайгаз компаниясының барлық бөлімшелерінде, цехтарда, бригадаларда апта сайын қауіпсіздікке қатысты жиналыстар өтеді. Бұл жиналыстарда мамандар басқа өндіріс орындарында болған жағдайларды сараптап, ондай оқиғалардың болмауы үшін қандай жұмыстар жасау керектігі жөнінде өз ойларын ортаға салады.
“Өндірістегі қауіпсіздік тәжірибесімен алмасу” – шынымен де мықты құрал. Ол мұнайшыларға өндірісте болатын төтенше жағдайлардың алдын алуға көмектеседі,- дейді Юрий Шикарев.
Жобаның құрамына мынадай элементтер кіреді:
Қауіпсіздікті басқару тетіктерін дамыту, машықтану;
Еңбек және өндірістіктік қауіпсіздіктің біріктірілген басқару жүйесі құру;
"Мінез құлық топтамасы" (" Қауіпті бағалау", "Мінез құлық аудиті"),
Қауіпсіздіктің ішкі атқару тәртібін жасауға және енгізуге кеңес көмек көрсету. Ақпараттық қатынастарды жақсарту. "Тез жеңіске жету", "Энергия көздерін оқшаулау" әдістерін енгізу.
СНПС Ақтөбемұнайгаз бөлімшелеріне енгізілетін бұл жоба "Өрлеу" деген атауға ие болды.
"Өрлеу" жобасының құрамын енгізу шеңберінің алғашқы сатысында атқарылған жұмыстар:
"Өрлеу" жобасының алғашқы сатысында СНПС Ақтөбемұнайгаз мекемесінің барлық мамандары оқытылды. Бұл оқыту 2012 жылдың күз айларында жүзеге асты. Әсіресе 1 фазасының шеңберінде жоғарғы, орта буын басшылықтағы мамандар, инженер- техникалық қызметкерлері "Дюпон Қазақстан" кеңесші-мамандарымен еңбек, өндірістік қауіпсіздікті тиімді басқарудың жолдары оқытылып, үйретілді. Осы оқытылып үйретілген үшінші бөлімшенің мамандарының ішінен "Өрлеу" жобасының құрамына мүшелікке мамандар іріктеліп алынды.
"Өрлеу" жобасының құрамы құрылғаннан кейін қазан айынан бастап жоғарыда көрсетілген бөлімшелерде еңбек және өндірістіктік қауіпсіздіктің біріктірілген басқару жүйесін құру жұмысы басталды яғни еңбек және өндірістіктік қауіпсіздік Комитеттері құрылып, бірінші құрылтай жиналыстары өтті. Әрбір аталған бөлімшелерде басқаруымен әртүрлі бағытта қызмет атқаратын мынадай кіші комитеттер құрылды. Олар “Мінез құлық аудиті", "Қауіпті бағалау", "Ақпараттық қатынастар", "Жеке қорғаныс құралдары" деп аталды. Осы кіші комитеттердің мүшелері тағайындалып, ішкі ережелері әзірленіп, бекітілді. Кіші комитеттердің мүшелері ішкі атқару тәртібін жасап, өз бөлімшелерінде енгізе бастады. Қараша айында бөлімшелерде линиялық басшылардың басқаруымен әрбір өндірістік цехта, қызметте, участокте Каскадтық Комитеттер құрыла бастады. Олардың ішкі ережелері әзірленіп, бекітілді. Жиналыстары бекітіліп, алғашқы отырыстарында біршама тақырыптар талқыланды.
"Өрлеу" жобасы мен оның құрамы, "Алтын Ереже", "Қауіпсіздік қадамдары" туралы
Қараша айынан бастап "Дюпон Қазақстан" кеңесші-мамандары мен "Өрлеу" жобасының кеңесші-мамандары қосылып "Өндірістік қауіпсіздікті басқару негіздері"," Мінез-құлық қауіпсіздігі аудитін" қалай өткізу жөніндегі сабақтары өткізіліп, үйретілді. Инженер техникалық маманның жұмысшымен "Мінез-құлық қауіпсіздігі аудитін"жүргізгеннен кейін толтырылатын Мінез-құлық қауіпсіздігі аудит картасы әзірленіп, бекітілді. Жұмысшының мінез-құлық қауіпсіздігін сақтауы, сақтамауын көрсетіп,қауіпті жағдайларды уақытылы тоқтатып және осы істеген жұмыстарын картаға толтырып отырады. Бұл картаның жүргізілуін, уақытылы толтырылуын кіші комитеттердің мүшелері мен "Өрлеу" жобасының кеңесші-мамандары қадағалайды. 2013 жылдың басында яғни қаңтар, ақпан айларында " Қауіпті бағалау" тақырыбында сабақтар өткізілді, Қауіпсіздікті бақылау парақшасы және жұмыс қауіпсіздігін талдау парағы бекітіліп, енгізілді. Оның жүргізілуі, уақытылы толтырылуы кіші комитеттердің мүшелерімен , "Өрлеу" жобасының кеңесші-мамандарымен қадағаланады. Мінез-құлық қауіпсіздігі аудитін, " Қауіпті бағалауды" жүргізу," Жеке қорғаныс құралдарын" таңдау, бақылау, беру, күту және алмастыру тәртіптері әзірленіп, бекітілді. "Ақпараттық қатынастар" кіші комитеттері мүшелерімен жобаның бөлімшелерде қалай енгізіліп жатқаны жөнінде ақпарат беріп отыру үшін жоспарлар жасалып, оны жұмысшы қызметкерлерге жеткізіп отыру үшін техникалар алынды. Мекеме басшыларының жұмысшы қызметкерлерге алғашқы видеоүндеулері жолданды. Барлық бөлімшелерде жобаның Ақпараттық тақтасы орнатылды, көшелерде жоба туралы үлкен-үлкен билбордтар қойылды. Осы уақыттарда бөлімшелерде "Тез жеңіске жету","Энергия көздерін оқшаулау" кіші комитеттері құрылды, мүшелері тағайындалып, ішкі ережелері әзірленіп, бекітілді. Бұл жобаларды енгізу үшін пилоттық нысандар таңдап алынды. Аталған нысандарда тазалау, сұрыптау, өндіріс талаптарына сәйкес талдау жасау, өндіріс талаптарына сәйкессіздік тізімі жасалып, жұмыс жоспарлары бекітілді. "Энергия көздерін оқшаулау" кіші комитетінің жұмыс жоспарлары бекітіліп,пилоттық нысандар таңдап алынып,блокираторларға сұраныс берілді.
Жұмыс жалғасын табуда
2013 жылы "Дюпон Қазақстан" ЖШС кеңесші-мамандарымен, "Өрлеу" жобасының кеңесші-мамандарымен жоспарланған жұмыстар екінші фаза бойынша әрі қарай жалғасты. Екінші фазаның мақсаты:
- Бірінші фазаға мониторинг жасау
- СНПС-АМГ өндірістік процестерді қауіпсіз басқаруына талдау жасау:
- өндірістік процестерді қауіпсіз басқарудың жолдарын оқытып үйрету;
- Екінші элементті енгізуге көмек көрсету.
"Өрлеу" жобасының құрамын енгізу шеңберінің екінші фазасында атқарылған жұмыстар: - Өндірістік процестерді қауіпсіз басқаруға дағдыландыру.
- Бөлімшелерде "Өндірістік қауіпсіздік жөніндегі ақпарат", "Қауіпті өндірістік факторларды талдау" кіші комитеттері құрылды. Осы кіші комитеттердің мүшелері тағайындалып, ішкі ережелері әзірленіп, бекітілді. Пилоттық нысандар таңдап алынды.
Үшінші фаза жалғасын тапты
Үшінші фаза 2014 жылы басталды. "Өрлеу" жобасының кеңесші-мамандарымен жоспарланған жұмыстар өз деңгейінде атқарыл-ды.
Үшінші фазаның мақсаты:
-Бірінші және екінші фазаға мониторинг жасау;
-"Оқиғаны тексеру" жолдары, "Бағалау-көтермелеу жүйесі" оқытып, үйрету;
-Екінші элементті енгізуге көмек көрсету.
"Өрлеу" жобасының құрамын енгізу шеңберінің үшінші фазасында атқарылған жұмыстар:
-"Оқиғаны тексеру" жолдарын,"Бағалау-көтермелеу жүйесін" жүргізу амалдары оқытылып, үйретілді.
- жоғарыда көрсетілген бөлімшелерде "Оқиғаны тексеру" жолдарының, "Бағалау-көтермелеу жүйесінің" біріктірілген басқару жүйесі құрылды.
- Бөлімшелерде "Оқиғаны тексеру" жолдары,"Бағалау-көтермелеу жүйесі" кіші комитеттері құрылды. Осы кіші комитеттердің мүшелері тағайындалып, ішкі ережелері әзірленіп, бекітілді.
- жоғарыда көрсетілген бөлімшелерде "Технологиялық өзгерістерді басқару","Өндірісті жіберу алдындағы қауіпсіздікті тексеру" біріктірілген басқару жүйесі құрылды.
- Бөлімшелерде "Технологиялық өзгерістерді басқару","Өндірісті жіберу алдындағы қауіпсіздікті тексеру" кіші комитеттері құрылды. Осы кіші комитеттердің мүшелері тағайындалып, ішкі ережелері әзірленіп, бекітілді.
- "Дюпон Қазақстан" ЖШС кеңесші-мамандары семинарлар өткізді. Оқыту сабақтары "Басшылық" тақырыбындағы "Линиядағы басшылардың тиімді жұмыс істеу тәсілдері" деп аталды. Семинарды цех, участок, қызмет басшылары және жоғарғы басшылық өткізді. "Өндірістік процестерді қауіпсіз басқаруға дағдыландыру"тақырыбында "Технология" бөлігіндегі "Өндірістік қауіпсіздік жөніндегі ақпарат","Қауіпті өндірістік факторларды талдау", "Өндірістік тәртіп", "Технологиялық өзгерістерді басқару", “Өндірістік нысандар" бөлігіндегі "Сапамен қамтамасыз ету", "Өндірісті жіберу алдындағы қауіпсіздікті тексеру","Механикалық бүтіндік", "Өндірістік нысандардағы өзгерістерді басқару", Қызметкерлер құрамы" бөлігіндегі" Оқыту және жұмыс тиімділігі","Мердігерлер", "Оқиғаны тексеру" ,"Мамандар ауысып өзгеруін басқару","апатты жағдайлардың алдын алу, іс қимылдар және апаттың зардаптарын жою", “Аудит өткізу" семинар сабақтары барлық деңгейдегі инженер техникалық қызметкерлермен өткізілді. Жылдың аяғында бөлімшелерде "Технологиялық өзгерістерді басқару","Өндірісті жіберу алдындағы қауіпсіздікті тексеру"өндіріске енуіне байланысты кіші комитеттері біріктіріліп,"Өндірістік процестерді қауіпсіз басқару" кіші комитеті болып өзгертілді. "Технологиялық өзгерістерді басқару","Өндірісті жіберу алдындағы қауіпсіздікті тексеру" әдістері "Өрлеу" жобасының кеңесші-мамандарымен "Оңтүстіктегі Газды жинау және тасымалдау жүйесінде және "Солтүстік Трува" кен орынында табысты жүргізілді.
СНПС- Ақтөбемұнайгаз компаниясының басшылығы жиырма жыл үздіксіз еңбек жылдарында жұмысшылардың қауіпсіздігі мен жағдайын басты орынға қойып келеді. Еңбек қауіпсіздігі – компанияның даму жолындағы СНПС – Ақтөбемұнайгаз АҚ басты стратегиясы.