|
Корпоративтік қауіпсіздік жөніндегі Бас менеджер Абай Сақтағанов Құрылтайға қатысты![]() 05.03.2025 Ағымдағы жылдың 28 ақпанында Астанада «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының VIII құрылтайы өтті. Құрылтайға ұйым мүшелері, тіл жанашырлары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, қоғам құрылтайшылары мен аймақтық филиал төрағалары қатысты. Соның ішінде, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамындағы Корпоративтік қауіпсіздік жөніндегі Бас менеджер, мекеме жанынан құрылған «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» бастауыш ұйымының төрағасы Абай Сақтағанов та болды. ![]() Жиынға мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. «Тілдің болашағына қатысты пессизмизмен арылу керек. Әрине, егемендік енді алған кезде тіл мәселесі күрделі еді. Сол уақытта тілді сақтап қалу жөнінде түрлі пікірталас болғаны анық. Бірақ одан бері заман оңалды. Қазір жағдайды ол кезбен мүлде салыстыруға болмайды. Барды бар деуіміз керек. Ана тіліміздің қолданылу аясы күн санап кеңейіп келеді. Бүгін дүниежүзінде 7 мыңнан астам тіл болса соның екі жарым мыңға жуығы жойылып кету қаупінде тұр. Қазақ тіліне қатысты мұндай қатер жоқ деп сенімді түрде айтуға болады. Ана тіліміз тұғыры мықты 80 тілдің қатарында тұр»,- деді Ерлан Қарин. ![]() Құрылтайда қоғамның былтырғы жұмысы қорытындыланып, алдағы жоспарлары сараланды. Атап айтсақ, қазақ тілінің қолданылу аясын одан әрі кеңейту, ұйымның жұмысы мен басқару тетіктерін жетілдіру сынды мәселелер қаралды. Сондай-ақ, жиын барысында тілді сақтау, оны ғылымның және озық технологияның тіліне айналдыру жолында мемлекет тарапынан қолға алынып жатқан шаралар туралы баяндады. Естеріңізге сала кетсек, мекемедегі бастауыш ұйым 2022 жылдың 30 наурызында құрылған болатын. Қазіргі таңда аталған бастауыш ұйымда 500-ден астам адам тіркелген. Ұйымға мемлекеттік тілді, мәдениетті, әдебиетті, Қазақстан тарихын зерделеуге, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтауға шын жүректен мүдделі қазақ және басқа ұлт өкілдері біріктірілді. Мұндағы мақсат - мемлекеттік тілдің қолданыс аясын одан әрі кеңейту, оның қоғамдағы рөлін арттыру, материалдық базаларын нығайту, электронды ресустарын дамыту. ![]() «СНПС-АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ» АҚ |
Система энергетического менеджмента. Уведомления |
Информация для энергопотребителей |
Транспортировка товарного газа |
CBK | Объявления | Информация для акционеров | Учредительные документы |