Тіл- достықтың алтын көпірі

Тіл- достықтың алтын көпірі


27.05.2024

Ағымдағы жылдың 24-мамырында Ақтөбе медициналық колледжі ғимаратында халықаралық «Қазақ тілі» қоғамындағы Ақтөбе облыстық ұйымының ұйымдастыруымен “Тіл- достықтың алтын көпірі” атты байқау өтті. Түрлі этнос өкілдері арасында ұйымдастырылған сайыстың іріктеу кезеңіне қатысушылар 11-сәуір күні ZOOM платформасында жиналып, әділқазы алқасының сұрақтарына жауап берді. Іріктеу кезеңнен 30-ға жуық үміткердің ішінен іркілмей өткен «СНПС –Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның қызметкері Галиев Денис Сергеевич байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды. Денис 2019- жылдан бастап «СНПС - Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамында электромонтер болып қызмет атқарады. Байқау шарттары бойынша Дениске өзі туралы сапалы видеоматериал дайындауға «Ақтөбеэнергомұнай» басқармасының инженер-химик маманы Таумар Әділет Нұқисаұлы үлкен көмек көрсетті. Біздің акционерлік қоғамнан мобилогроф маманының да табылғаны қызметкерлеріміздің жан-жақтылығының көрсеткіші.









Байқау қорытындысы бойынша Галиев Денис Сергеевич «Алғыс хатпен» марапатталды. Жоғарыда көрсетілген видеоматериалды «СНПС –Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның «Qazaq_tili_qogamy_» атты арнайы инстаграм парақшасынан көре аласыздар. Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңының 35 жылығына орайластырылған сайыс мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеріп, қолданыс аясын кеңейту бағытында этнос жастары арасында жүзеге асты. Тіліміздің жаңғыруына септігін тигізетін осындай байқауға оң көзбен қарап, түсіністік таныта отырып қызметкерлерді жұмыс уақытында босатқандары үшін Еңбек қорлары департаментінің директоры Чжао Эньцзе мырза мен Бас директордың көмекшісі- «Ақтөбеэнергомұнай» басқармасының бастығы Денис Базилевский мырзаға «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» бастауыш ұйымының атынан алғыс білдіреміз.

«СНПС-АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ» АҚ
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының»
бастауыш ұйымының төрағаның орынбасары Н.Нұртазин
















Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»