|
Ұлық болсаң – кішік болҰлық болсаң – кішік бол 29.03.2023 Адамдарға тән ізгі қасиеттердің бірі – кішіпейілділік. «Ұлық болсаң – кішік бол» деген қазақта жақсы мақал бар. Ол дегеніміз қандай лауазымда болса да қара жұрттан бөлектенбеуге, менмендікке бой алдырмауға жеке адамның жұрт мойындаған тәртіпке өз еркімен бағынуы, өзінің жеке бастық керек-жарағын сол қоғамдағы халықтың материалдық жағдайына сәйкес шектеуі, барлық адамға құрметпен қарап, өзінің ғана мүдделеріне қатысы бар жекелеген адамдардың ұсақ-түйек кемшіліктеріне төзімділік көрсетуі, сонымен қатар өзінің және басқалардың жетістіктері мен кемшіліктеріне сын көзбен қарауы. Ашықбаев Тоқтар Зайнуллаұлымен кездесе қалғанда көз алдыма сонау 2004 жылы орын алған оқиға есіме орала кетеді. Ол кезде мен Жаңажол газ өңдеу заутында ауысымда аға оператор болып жұмыс жасайтынмын. Түнгі ауысымды тапсырып, әкімшілік ғимаратындағы операторлар бөлмесінен бір топ жігіт дәлізге шығып әңгімелесіп тұрғанбыз. Сол мезетте ішке Жаңажол газ өңдеу кешенінің бас инженері Тоқтар Зайнуллаұлы кіріп, өзінің кобинетіне қарай беттегенін көріп, үндемей қалдық. Ал ол кісі өз кабинетіне емес бізге қарай келіп, бәрімізбен жылы амандасып, хал- жағдайымызды сұрады. Шынымды айтсам, үлкен бастықтың бізге арнайы келіп, қол алысып жылы амандасқаны сол кезде мен үшін дәреже көрінді. Ашықбаев мырзаның сол іс-әрекеті кішіпейілділіктің белгісі. Ал кішіпейілділік – биік адамгершілік қасиеттердің бірі. Кішіпейілділік, қарапайымдылық адамның барлық іс-әрекетінен, қимыл-қозғалысынан, өзін ұстауынан, мінез-құлқынан, тәртібінен, сөзінен, киген киімінен де аңғарылып тұрады. Кішіпейілділік жай нәрсе емес, ол – мінез, әлеуметтік мәртебе, көп қошемет тұтатын асыл қасиет болып табылады. Сол үшін де халық: «Кішіпейілділік – кішілік емес, кісілік» деп оның мәнін өте дұрыс айтып жеткізген. Қоғамға, адамзатқа қызмет қылуға өзін арнаған бірден бір түлға –Тоқтар аға бұл теңеуге әбден лайық. Ашықбаев Тоқтар Зайнуллаұлының еңбек жолына көз салсақ. Ол 1979 жылы Челябинскуголь көмір разрезіндегі, бұрғылау-жару учаскесінде 4-разрядты бұрғылау станогы машинисінің көмекшісі болып бастаған. 1980-1985 жылдары Свердловск Еңбек Қызыл Ту орденді В.Вахрушев атындағы тау-кен институтынң тау-кен машиналары мен кешендері бойынша инженер мамандығы алып шығып, оқуды бітіре салысымен Шилісай фосфорит кенішіне тау-кен цехының электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі шебері болып орналасқан. Ашықбаев мырза мұнай саласын 1990 жылы «Ақтөбемұнай» Октябрь өндірістік қызмет көрсету базасында - еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер қызметінен бастады. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-да әртүрлі қызметтерде жұмыс жасай отырып, Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешенінің бастығына дейін көтерілді. Мұнай саласында 34 жыл қызмет еткенде Тоқтар Зайнуллаұлының еңбегі еленіп «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның 25 жылдығында «Алтын» мерейтойлық медалімен, 2004, 2005, 2006, 2008, 2018, 2022 жылдары «Өндіріс үздігі» құрмет грамоталарымен марапатталды. Қазіргі таңда зейнетке шығып, бейнетінің зейнетін көруде. Бұл мақаланың негізгі міндеті Ашықбаев мырзаның еңбек жолын жастарға үлгі ретінде жеткізіп, кумирді алыстан іздеудің қажеті жоқ екендігін түсіндіру. Сондықтан, адам əр уақытта үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, қолынан келсе көмектесіп, əрқашан қарапайым бола білу керек. Елім- жерім деп жүретін азамат қана елінің елеулісі, халқының қалаулысы болары хақ. «Әркім Эверестке өзі үшін шығады, бірақ шыңға елінің Туын тігеді» деген екен даңқты Маргарет Тэтчер. Тоқтар Зайнуллаұлындай адал қызмет атқарар мына сіздердің де шығар шыңдарыңыз бен бағындырар белестеріңіз алда екеніне бек сенемін! МжМӨӨБ-ның Қ ж ЕҚ жөніндегі |
Система энергетического менеджмента. Уведомления |
Информация для энергопотребителей |
Транспортировка товарного газа |
CBK | Объявления | Информация для акционеров | Учредительные документы |