«Мектепке жол» акциясы

«Мектепке жол» акциясы


01.09.2023

Бірінші қыркүйек - білім күні, барлық балалар үшін мереке. Жаңа 2023-2024 оқу жылы басталады. Көп бала тәрбиелеп отырған отбасыларда, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларда тәрбиеленіп отырған балаларға көмек көрсетіп, қуаныш сыйлау мақсатында еліміздің әр өңірінде «Мектепке жол» Республикалық акциясы қарқынды жүріп келеді. Дәстүр бойынша, акция «CNPC-AMG» АҚ-да өз жалғасын тауып отыр. Ағымдағы жылдың тамыз айының 29-шы жұлдызында «CNPC-AMG» АҚ бас директоры Ли Шуфэн мырзаның және «Кеңқияқмұнай» МГӨБ басшысы Акманов Р.Ф. мырзаның тапсырмасымен, Кеңқияқ ЖОББМ, Құмсай негізгі орта мектебі, Шұбарши мектеп-бөбекжай-балабақшасы, Сарыкөл ЖОББМ және Шұбарши ЖОББМ мектептерінде білім алатын бірқатар балаларға мектепке керекті оқу-құралдар, мектеп формалары, спорттық киімдер, аяқ киімдер табысталды. «Кеңқияқмұнай» МГӨБ басшысының орынбасары Арзукулов У.У. мырза балаларға ақ тілегін білдіріп, жылы лебізімен бөлісті. Бүгінде балаларымыз жаңа оқу жылына дайын.

Өскелең ұрпақтың өрге өрмелеуі – біздің қолымызда! "Кеңқияқмұнай" МГӨБ жыл сайын "Мектепке жол" Республикалық қайырымдылық акциясына қатысып келеді. Акцияның мақсаты – тұрмысы төмен, көп балалы отбасылардың балаларына, жетім балаларға және Қазақстан Республикасының Заңнамасымен анықталған басқа да санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз. Балалар - мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі.
























Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»