|
Тіл мәртебесі – ел мәртебесі!Тіл мәртебесі – ел мәртебесі! 23.09.2024 Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Оның мәртебесін көтеру – ортақ мүдде. Осы орайда, 20 қыркүйек күні «СНПС-АМГ» АҚ-ның мәжіліс залында Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы А.Қонақбаевтың, «Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» бірлестігінің Ақтөбе облыстық ұйымының төрағасы Роман Рахиевтің, «Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» бірлестігінің Ақтөбе қалалық ұйымының төрағасы Н.Алдашевтің, Тілдерді оқыту орталығының директоры К.Серғазинаның және Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Қ.Сағынбаеваның және тіл жанашырларының қатысуымен, «Қазақ тілі - ұлттар бірлігінің ұйытқысы» тақырыбында семинар өтті. Семинар барысында алдымен, қоғам төрағасы, «AMANAT» партиясынан сайланған Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Абай Сақтағанов мекеме жанынан құрылған бастауыш ұйымның 2023 жылы атқарған жұмыстарын баяндап, содан соң алдағы жоспарларды атап, арнайы тоқталып өтті. Содан соң, келген қонақтарымыз бүгінгі қазақ тілінің тағдыры, облыста тіл мәртебесін көтеру, оның қолдану аясын кеңейту мақсаты мен қолданылуы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы, атқарылған шаралар мен туындаған мәселелерді дер кезінде әрі оңтайлы шешу мәселесі туралы айтты. «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмытумен бірдей» дейді Бауыржан атамыз. Бұл сөздің мағынасын әрбір қазақ ұғынса, біздің тіліміздің жағдайы дәл қазіргі қалпынан да жоғарылап, мәртебесі артып, абыройы асқақтары анық. Қазақ тілі тек қазақ халқының тілі емес, Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп санайтын әрбір азаматтың тілі. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі әрқашанда биік болсын! |
Система энергетического менеджмента. Уведомления |
Информация для энергопотребителей |
Транспортировка товарного газа |
CBK | Объявления | Информация для акционеров | Учредительные документы |