Новости


Кандидаттардың «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» еңбек ұжымымен сайлауалды кездесу өтті



09.11.2026

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясында «Әділет» партиясының өкілдері мен мәслихат депутаттығына кандидаттардың қатысуымен еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырылды. Жиын барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, қалалық инфрақұрылымды жетілдіру және тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесуге «Әділет» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Қазбек Алишев, қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Мадияр Қабыл және партиялық тізім бойынша облыстық мәслихат депутаттығына кандидат, әріптесіміз Абай Сақтағанов қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – алдағы 29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының сайлауы қарсаңында кандидаттарды таныстыру, партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын түсіндіру және еңбек ұжымының ұсыныс-пікірлерін тыңдау. Кандидаттар өз сөздерінде Ақтөбе облысын дамытудың алдағы кезеңіне арналған жоспарларға тоқталып, өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін кеңейту және қоршаған ортаны қорғау бағыттарындағы міндеттерді атап өтті.

Сонымен қатар қалалық ортаны дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мәселелерді шешу, жолдар мен қоғамдық көлік сапасын жақсарту, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүйелі жүргізудің маңыздылығы айтылды. Партия бағдарламасында халықпен тұрақты байланыс орнату, азаматтардың өтініштерін қарау және жергілікті атқарушы органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелеріне де назар аударылған.





Кездесу барысында компания қызметкерлері де белсенділік танытып, өздерін толғандырған сауалдарын ортаға салды. Атап айтқанда, қаланың абаттандырылуы, қоғамдық кеңістіктердің жай-күйі, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру және мемлекеттік органдардың өз міндеттерін орындауына қоғамдық бақылауды күшейту мәселелері көтерілді.

Жұмысшылардың пікірінше, қаланың дамуы тек жаңа нысандар салумен шектелмей, қолданыстағы инфрақұрылымның сапалы күтіп ұсталуымен, тұрғындардың өтініштеріне уақытылы назар аударылуымен және қабылданған шешімдердің орындалуымен де тығыз байланысты.

Кандидаттар қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстардың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен тікелей кездесулер қоғамдық сұранысты зерделеуге, өзекті мәселелерді анықтауға және оларды шешу жолдарын талқылауға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Ашық форматта өткен кездесу өзара пікір алмасуға ұласып, өңірдің дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселені талқылауға мүмкіндік берді. Мұндай кездесулер азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге қатысуын арттырып, халық пен өкілді органдар арасындағы байланысты нығайтуда маңызды рөл атқарады





В АО «СНПС-Актобемунайгаз» состоялась встреча кандидатов с трудовым коллективом В АО «СНПС-Актобемунайгаз» состоялась встреча представителей партии «Әділет» и кандидатов в депутаты маслихатов с трудовым коллективом компании. В ходе встречи были обсуждены вопросы социально-экономического развития региона, совершенствования городской инфраструктуры и решения актуальных проблем, волнующих жителей.

Во встрече приняли участие председатель Актюбинского областного филиала партии «Әділет», кандидат в депутаты областного маслихата Казбек Алишев, кандидат в депутаты городского маслихата Мадияр Кабыл, а также кандидат в депутаты областного маслихата по партийному списку, наш коллега Абай Сактаганов.

Основной целью мероприятия стало представление кандидатов, ознакомление работников компании с ключевыми направлениями предвыборной программы партии на 2026–2031 годы, а также обсуждение предложений и вопросов трудового коллектива в преддверии выборов депутатов маслихатов, которые состоятся 29 ноября.





В своих выступлениях кандидаты остановились на приоритетных направлениях развития Актюбинской области, обозначив задачи по повышению качества жизни населения, совершенствованию инфраструктуры населённых пунктов, обеспечению общественной безопасности, развитию социальной сферы и улучшению экологической обстановки.

Отдельное внимание было уделено вопросам благоустройства городской среды, модернизации жилищно-коммунального хозяйства, улучшения состояния дорог и качества общественного транспорта, озеленения и развития общественных пространств. Также были затронуты вопросы открытости деятельности государственных органов, рассмотрения обращений граждан и усиления общественного контроля за исполнением принимаемых решений.

В ходе встречи работники компании активно включились в обсуждение и задали кандидатам интересующие их вопросы. В частности, были подняты темы благоустройства города, состояния общественных пространств, создания комфортных условий для жителей, а также повышения эффективности контроля за деятельностью государственных органов.

Участники встречи отметили, что развитие городской среды предполагает не только строительство новых объектов, но и надлежащее содержание уже существующей инфраструктуры, своевременное реагирование на обращения жителей и контроль за исполнением принятых решений.





Кандидаты ответили на поступившие вопросы и подчеркнули важность предложений, озвученных трудовым коллективом. По их словам, подобные встречи позволяют непосредственно знакомиться с общественным запросом, выявлять наиболее актуальные проблемы и обсуждать возможные пути их решения.

Встреча прошла в формате открытого диалога и стала площадкой для обмена мнениями по вопросам дальнейшего развития региона. Такие мероприятия способствуют укреплению обратной связи между населением, представителями общественности и депутатским корпусом, а также позволяют учитывать мнение граждан при обсуждении социально значимых вопросов.











Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»