|
|
Новости
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні 01.06.2026 31 мамыр – Қазақстан халқы үшін терең тағылымы мен тарихи маңызы зор күн. Бұл күні халқымыз өткен ғасырдың зұлмат жылдарында саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық нәубетінің құрбаны болған миллиондаған жазықсыз азаматтарды ерекше құрметпен еске алады. Еліміздің барлық өңірлерінде тарихи жадыны сақтау және жазықсыз жапа шеккен жандардың рухына тағзым етуге арналған еске алу іс-шаралары өтуде. Осыған орай Ақтөбе қаласында «Түйетөбе», «Азаттықтың ақ таңы» ескерткіштерінде, сондай-ақ саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалда гүл шоқтарын қою рәсімдері өтті. Іс-шараларға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың өкілдері, еңбек ұжымдары және қала тұрғындары қатысты. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ атынан шараға қауіпсіздік жөніндегі бас менеджер Сақтағанов Абай Дидарұлы және жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы Сәтов Самат Сәтұлы қатысты. Олар ескерткіштерге гүл шоқтарын қойып, жазықсыз құрбан болған азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Бұл іс-шаралар тарихқа деген құрметтің, өткеннің қасіретті сабақтарын ұмытпау қажеттігінің және қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтаудың маңызды символына айналды. Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық халық тағдырында терең із қалдырды, сондықтан бұл тарихи кезеңді еске алу – әрбір азаматтың ортақ парызы. Бүгін біз жазықсыз құрбандардың рухына тағзым ете отырып, олардың есімі мен тағдыры халық жадында мәңгі сақталатынын тағы бір мәрте атап өтеміз. Тарих тағылымы бізді тәуелсіздікті, бірлікті және ел тұрақтылығын бағалауға үндейді. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына мәңгілік тағзым. Естелік – мәңгі. Тағзым – мәңгі.
31 мая – День памяти жертв политических репрессий и голода 31 мая — день глубокого уважения и исторической памяти для народа Казахстана. В этот день мы с особым почтением вспоминаем миллионы невинных людей, ставших жертвами политических репрессий и голода в трагические годы прошлого столетия. Во всех регионах страны проходят памятные мероприятия, направленные на сохранение исторической памяти и почтение к судьбам безвинно пострадавших. В городе Актобе состоялись церемонии возложения цветов у мемориалов «Түйетөбе», «Азаттықтың ақ таңы», а также у памятника жертвам политических репрессий. В мероприятиях приняли участие представители государственных и общественных организаций, политических партий, трудовых коллективов и жители города. От имени АО «СНПС-Актобемунайгаз» в церемонии приняли участие главный менеджер по безопасности Сақтағанов Абай Дидарұлы и председатель локальной профсоюзной организации Сәтов Самат Сәтұлы. Они возложили цветы к мемориалам и почтили память безвинно пострадавших минутой молчания.
Данные мероприятия стали символом уважения к истории, напоминанием о необходимости помнить трагические уроки прошлого, а также важности сохранения мира и согласия в обществе. Политические репрессии и голод оставили глубокий след в судьбе народа, и сохранение памяти об этих событиях является общим долгом каждого гражданина. Сегодня, склоняя головы перед памятью жертв, мы еще раз подчеркиваем, что их имена и судьбы навсегда останутся в народной памяти. Уроки истории призывают нас беречь независимость, единство и стабильность страны. Вечная память жертвам политических репрессий и голода. Память — вечна. Почтение — вечно.
Публикация подготовлена Локальным профсоюзом совместно с Администрацией Генерального директора |
| Система энергетического менеджмента. Уведомления |
Информация для энергопотребителей |
Транспортировка товарного газа |
Водоотведение | CBK | Объявления | Информация для акционеров | Учредительные документы |





