МЕКТЕПКЕ ЖОЛ
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ мұнайшылары болашақ бірінші сынып оқушыларына мектеп сөмкелері мен оқу құралдарын сыйлады


МЕКТЕПКЕ ЖОЛ

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ мұнайшылары болашақ бірінші сынып оқушыларына мектеп сөмкелері мен оқу құралдарын сыйлады



13.08.2026

Жаңа оқу жылы қарсаңында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас ғимаратының үлкен залында биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттайтын Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешені мен «Октябрьскмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасы қызметкерлерінің балаларына арналған «Мектепке апарар жол» атты мерекелік іс-шара өтті.

Ізгі бастаманы аталған кәсіпорындардың бастауыш кәсіподақ ұйымдары ұйымдастырып, қаржыландырды.

Іс-шараға «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Тақталифум Саудович Есенгулов, ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі бас менеджер Абай Дидарович Сақтағанов, Жергілікті кәсіподақ төрағасы Самат Сатович Сатов, «Октябрьмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасының басшысы Шынболат Бекболатович Әбдіжами, Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешенінің басшысы Талғат Полатович Бейсенбаев, «Октябрьскмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Бақыт Советұлы Қауқағов, Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешені бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Сырлыбай Мұқтарұлы Қалменов және оның орынбасары Марат Зейнелғабиденұлы Кенетаев қатысты.

Қонақтар балаларды мектеп өміріне жасайтын алғашқы маңызды қадамдарымен құттықтап, оларға сәттілік, үздік оқу және жаңа жетістіктер тіледі.

Тақталифум Есенгулов өз сөзінде қазіргі әлемде білім мен жаңа технологиялардың маңызы артып келе жатқанын атап өтті. Ол жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың қарқынды дамуына ерекше тоқталып, бұл бағыттардың жас ұрпаққа жаңа мүмкіндіктер ашып қана қоймай, оларға жаңа талаптар қоятынын жеткізді.

«Жақсы білім алуға, заманауи технологияларды меңгеруге және заман ағымынан қалмауға ұмтылыңыздар. Болашақта білімдеріңіз бен қабілеттеріңіз еліміздің экономикасы мен өндірісін дамытуға қызмет етсін. Қазақстанның дамуына өз үлесін қосатын лайықты азамат болып өсіңіздер», — деді ол.





Іс-шара барысында балаларға бірінші сынып оқушысына қажетті негізгі оқу құралдарының барлығы жинақталған мектеп сөмкелері табысталды. Сыйлықтарды балаларға кәсіпорын басшылары мен кәсіподақ өкілдерінің өз қолдарынан табыстауы олар үшін ерекше қуанышты әрі есте қаларлық сәт болды.

Балалар үшін бұл сәттің маңызы ерекше еді. Олар ата-аналары еңбек ететін кәсіпорындардың басшылары мен еңбек ұжымдарының өкілдерінен өздерінің алғашқы мектеп сөмкелері мен оқу құралдарын алды. Бұл балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың болашақ туралы армандарына қанат бітірді. Білімді маман, білікті басшы болып, ел дамуына өз үлесін қосуға деген ұмтылысын арттырды.

Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі бас менеджер Абай Сақтағанов мұндай іс-шаралар балаларға көрсетілетін нақты қолдаудың жарқын үлгісі екенін атап өтті.

«Балалар — біздің болашағымыз. Бүгін сіздерге көрсетіліп отырған қолдау — ертеңгі күнге салынған инвестиция. Жақсы оқып, ата-аналарыңызды қуанта беріңіздер. Білімді, еліміздің дамуына өз үлестеріңізді қосатын лайықты азамат болып өсіңіздер», — деп тілек білдірді ол.

Шынболат Әбдіжами мен Талғат Бейсенбаев та балаларды мектеп өміріндегі алғашқы қадамдарымен құттықтап, білім жолында табыс тіледі.

«Мектеп — үлкен өмірге бастайтын алғашқы баспалдақ. Жақсы оқыңыздар, ұстаздарыңызды құрметтеңіздер, ата-аналарыңыздың үмітін ақтаңыздар. Білімді, тәрбиелі әрі еліне пайдасын тигізетін лайықты азамат болып өсулеріңізге тілектеспіз», — деді кәсіпорын басшылары.

Өз кезегінде Жергілікті кәсіподақ төрағасы Самат Сатов еңбек адамы мен оның отбасының әл-ауқаты әрдайым кәсіподақтың басты назарында екенін атап өтті.

«Біз әрдайым қызметкерлеріміздің балаларына көңіл бөлеміз. Еңбек адамы — біздің басты құндылығымыз. Сондықтан қызметкерлерді әлеуметтік қолдау және олардың отбасыларына қамқорлық жасау — кәсіподақ қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Бүгінгі бірінші сынып оқушыларына жақсы оқу мен үлкен жетістіктер тілеймін. Болашақта білімдеріңіз бен қабілеттеріңіз ел игілігіне қызмет етсін», — деді ол.

Мерекелік көңіл-күй концерттік-сауықтыру бағдарламасымен жалғасты. Ертегі кейіпкерлері мен алып қуыршақтар ән айтып, би билеп, балаларға түрлі ойындар мен байқаулар ұйымдастырды. Балалар бағдарламаға белсенді қатысып, көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды эмоцияларға бөленді.

Ата-аналар балаларымен бірге кәсіподақ ұйымдары мен Компания басшылығына көрсеткен көңілдері, қолдауы және балаларға осындай жарқын мереке сыйлағаны үшін алғыстарын білдірді.

Айта кетейік, бұл іс-шара «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ қызметкерлері мен олардың отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік қолдаудың игі дәстүрінің жалғасы болды. Бұған дейін Компанияның бас кеңсесінде Басқару аппараты, «Ақтөбемұнайсервис» басқармасы және Құрылыс басқармасы қызметкерлерінің биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттайтын балаларына арналған осындай іс-шара ұйымдастырылған болатын.





Дорога в школу

Нефтяники АО «СНПС-Актобемунайгаз» подарили будущим первоклашкам школьные рюкзаки и принадлежности

В преддверии нового учебного года в большом зале главного здания АО «СНПС-Актобемунайгаз» состоялось праздничное мероприятие «Дорога в школу» для детей работников Жанажолского нефтегазоперерабатывающего комплекса и Нефтегазодобывающего управления «Октябрьскнефть», которые в этом году впервые переступят порог школы.

Добрая инициатива была организована и профинансирована первичными профсоюзными организациями указанных предприятий.

В мероприятии приняли участие: Такталифум Садуович Есенгулов — первый заместитель генерального директора АО «СНПС-Актобемунайгаз», Абай Дидарович Сактаганов — главный менеджер по коллективной безопасности, Самат Сатович Сатов — председатель Локального профсоюза, Шынболат Бекболатович Абдижами —руководитель нефтегазодобывающего управления «Октябрьмұнай», Талгат Полатович Бейсебаев — руководитель Жанажольского нефтегазоперерабатывающего комплекса, Бахыт Советулы Каукаков — председатель первичной профсоюзной организации нефтегазодобывающего управления «Октябрьскнефть», Сырлыбай Муктарович Калменов — председатель первичной профсоюзной организации Жанажольского нефтегазоперерабатывающего комплекса, и Марат Зейнелгабиденулы Кенетаев — его заместитель.

Гости поздравили ребят с первым важным шагом в школьную жизнь и пожелали им успехов, отличной учебы и новых достижений.

Такталифум Есенгулов в своем выступлении отметил, что в современном мире возрастает значение образования и новых технологий. Особое внимание он уделил стремительному развитию искусственного интеллекта и цифровых технологий, которые открывают перед молодым поколением новые возможности и одновременно предъявляют новые требования.

«Стремитесь получать хорошие знания, осваивать современные технологии и идти в ногу со временем. В будущем пусть ваши знания и способности служат развитию экономики и производства нашей страны, а вы станете достойными гражданами, вносящими свой вклад в развитие Казахстана», — отметил он.

В рамках мероприятия детям вручили школьные рюкзаки, укомплектованные всеми основными учебными принадлежностями, необходимыми первокласснику. Подарки ребята получили из рук руководителей предприятий и представителей профсоюза, что стало для них особенно приятным и запоминающимся моментом.





Для детей этот момент имел особое значение. Свои первые школьные рюкзаки и учебные принадлежности они получили из рук руководителей и представителей трудовых коллективов предприятий, где работают их родители. Это не только подарило ребятам радость, но и вдохновило их мечтать о будущем — стать образованными специалистами, успешными руководителями и вносить свой вклад в развитие страны.

Главный менеджер по коллективной безопасности Абай Сактаганов подчеркнул, что подобные мероприятия являются ярким примером реальной поддержки детей.

«Дети — наше будущее. Поддержка, которую вы получаете сегодня, — это инвестиция в завтрашний день. Хорошо учитесь, радуйте своих родителей и становитесь образованными, достойными гражданами, которые внесут свой вклад в развитие нашей страны», — пожелал он.

Шынболат Абдижами и Талгат Бейсебаев также поздравили ребят с первым шагом в школьную жизнь и пожелали им успехов на пути к знаниям.

«Школа — это первая ступень на пути в большую жизнь. Хорошо учитесь, уважайте своих учителей, оправдывайте надежды своих родителей. Желаем вам вырасти образованными, воспитанными и достойными гражданами, приносящими пользу своей стране», — пожелали руководители.

В свою очередь, председатель Локального профсоюза Самат Сатов отметил, что человек труда и благополучие его семьи всегда находятся в центре внимания профсоюза.

«Мы всегда уделяем внимание детям наших работников. Человек труда — наша главная ценность. Поэтому социальная поддержка работников и забота об их семьях — одно из важных направлений деятельности профсоюза. Сегодняшним первоклассникам желаю хорошей учебы и больших успехов. Пусть в будущем ваши знания и способности послужат на благо страны», — сказал он.





Праздничную атмосферу продолжила концертно-развлекательная программа. Сказочные персонажи в исполнении аниматоров пели, танцевали, проводили для детей различные игры и конкурсы. Ребята с удовольствием участвовали в программе и получили массу положительных эмоций.

Родители вместе с детьми поблагодарили профсоюзные организации и руководство Компании за внимание, поддержку и возможность подарить детям такой яркий праздник.

Стоит отметить, что это мероприятие стало продолжением доброй традиции социальной поддержки работников АО «СНПС-Актобемунайгаз» и их семей. Ранее в главном офисе АО состоялось аналогичное мероприятие для детей работников Аппарата управления, управления «Актобемунайсервис» и Строительного управления.













Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»