|
|
Бірлікте — біздің күшіміз: «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Қазақстан халқының бірлігі күнін кең көлемде атап өтті
Бірлікте — біздің күшіміз: «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Қазақстан халқының бірлігі күнін кең көлемде атап өтті 04.05.2026 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-да түрлі ұлт өкілдерінің достығы мен ынтымағын, өзара құрметі мен бірлігін дәріптеген ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бүгінде компания ұжымы түрлі мәдениет пен дәстүрді ұстанатын, әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған. Дегенмен барлығын біріктіретін ортақ құндылықтар бар — өзара сыйластық, қолдау, адал еңбек және Қазақстанға деген сүйіспеншілік. Кәсіпорында ұлтына немесе діни көзқарасына қарай бөліну деген жоқ. Мұнда татулық пен сенімге негізделген шынайы бірлік қалыптасқан. Мерекелік бағдарламаның ерекше бөлігінің бірі Әкімшілік департамент ұйымдастырған «Бір шаңырақ астында: “Бірлік бар жерде — тірлік бар, Ынтымақ бар жерде — ырыс бар”» атты бейнежоба болды. Жоба қазақ халқының даналығы мен ел бірлігін, татулық пен өзара құрметті насихаттайтын ұлттық құндылықтарға негізделді. ![]() Бейнежоба барысында түрлі ұлт өкілдері өз отбасыларының тарихымен бөлісіп, ата-бабаларының қазақ жеріне қалай қоныс аударғанын, қазақ халқының оларды қалай құшақ жая қарсы алғанын және Қазақстанның өздері үшін туған Отанға айналғанын әңгімеледі. Қатысушылар балалық шақтағы естеліктерін, халықтар арасындағы достықты, ұлттық дәстүрлерге деген құрметті және еліміздегі көпжылдық татулық пен келісімнің маңызын ерекше ықыласпен жеткізді. Көпшілігі бүгінде Қазақстанды өзінің туған жері әрі ортақ Отаны ретінде қабылдайтынын атап өтті. Бейнематериал ерекше әсерлі әрі шынайы шықты. Түсірілімдер жұмыс орнында да, табиғат аясында да жүргізіліп, қатысушылардың шынайы эмоцияларын, халықтар достығы мен ел бірлігінің маңызын кеңінен көрсетуге мүмкіндік берді. Жобаны ұйымдастыру мен шығармашылық жұмыстарға Әкімшілік департамент бөлімінің басшысы Тұрғанбаева Кулянда үлкен үлес қосып, продюсер әрі үйлестіруші қызметін атқарды. Ал сапалы бейнетүсірілім мен шығармашылық безендіру жұмыстарын Туребеков Нұршат кәсіби деңгейде жүзеге асырды. ![]() Мерекелік іс-шараның қорытындысында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Есенғұлов Такталифум Сәдуұлы сөз сөйлеп, еңбек ұжымын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады. Өз сөзінде ол еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің өзара сыйластығы мен қолдауының арқасында Қазақстанда бейбітшілік пен тұрақтылық сақталып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстанның бүгінде әлемге татулық пен көршілік қарым-қатынастың, ұлтаралық келісімнің үлгісі болып отырғанын жеткізді. Мерекелік жиында сондай-ақ «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ жергілікті кәсіподақ төрағасы Самат Сәтов құттықтау сөз сөйлеп, барлық қызметкерлерге зор денсаулық, отбасыларына амандық пен береке тіледі. Ол ұжымдағы ауызбіршілік пен өзара қолдау кәсіпорынның табысты дамуы мен елдің өркендеуінің басты негізі екенін атап өтті. Іс-шара барысында мерекелік бағдарламаға белсенді қатысқан үздік қызметкерлер арнайы алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен және ақшалай марапаттармен марапатталды. Бұл мерекелік шара Қазақстанның басты күші — халық бірлігі, татулық пен ортақ жауапкершілік екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Осындай құндылықтар «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ ұжымында күн сайын нығайып келеді. Мұнда түрлі ұлт өкілдері тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен өркендеуі жолында бірлесе еңбек етуде. ![]() В единстве — наша сила: в АО «СНПС-Актобемунайгаз» ярко отметили День единства народа Казахстана В преддверии 1 мая — Дня единства народа Казахстана — в АО «СНПС-Актобемунайгаз» прошло масштабное праздничное мероприятие, посвящённое дружбе, взаимному уважению и сплочённости представителей разных национальностей, работающих на предприятии. Сегодня коллектив компании объединяет людей различных культур, традиций и национальностей. Однако всех их связывают общие ценности — уважение друг к другу, взаимопомощь, стремление к созидательному труду и любовь к Казахстану. На предприятии царит атмосфера доверия, поддержки и настоящего единства, где не существует разделения по национальному или религиозному признаку. ![]() Особое место в праздничной программе занял видеопроект под названием «Бір шаңырақ астында: “Бірлік бар жерде — тірлік бар, Ынтымақ бар жерде — ырыс бар”» («Под единым шаныраком: “Где есть единство — там есть жизнь, где есть согласие — там есть благополучие”»), организованный Административным департаментом. Представители разных национальностей поделились личными историями своих семей, рассказали о том, как их родители и предки когда-то прибыли на казахскую землю, как их встретил гостеприимный казахский народ и как Казахстан стал для них родным домом. В своих воспоминаниях участники с теплотой говорили о детстве, дружбе между народами, уважении к традициям и той атмосфере согласия, которая на протяжении многих лет сохраняется в нашей стране. Многие отметили, что сегодня искренне считают Казахстан своей настоящей Родиной. ![]() Видеоматериал получился особенно душевным и атмосферным. Съёмки проходили как в рабочей обстановке, так и на природе, что позволило передать искренние эмоции участников и подчеркнуть красоту дружбы и единства народа Казахстана. Большую организационную и творческую работу при подготовке проекта провела начальник отдела административного департамента Турганбаева Кулянда, выступившая в роли продюсера и координатора проекта. Значительный вклад в создание качественного видеоматериала внёс Туребеков Нуршат, обеспечивший профессиональную видеосъёмку и творческое оформление проекта. Итоги праздничного мероприятия подвёл первый заместитель генерального директора АО «СНПС-Актобемунайгаз» Есенгулов Такталифум Садуович. В своём выступлении он поздравил трудовой коллектив с Днём единства народа Казахстана и подчеркнул, что именно благодаря согласию, взаимному уважению и поддержке представителей всех национальностей в нашей стране сохраняются мир, стабильность и уверенность в завтрашнем дне. Он отметил, что Казахстан на протяжении многих лет остаётся примером добрососедства, мира и межнационального согласия, а любовь к Родине объединяет всех граждан независимо от их национальности и культурных особенностей. ![]() С поздравительной речью также выступил председатель локального профсоюза АО «СНПС-Актобемунайгаз» Самат Сатов. Он пожелал всем работникам крепкого здоровья, благополучия, мира и согласия в семьях, подчеркнув, что единство коллектива и взаимная поддержка являются основой успешной работы предприятия и процветания страны. В рамках мероприятия лучшие участники праздничной программы были награждены почётными благодарственными письмами, памятными и ценными подарками, а также денежными поощрениями за активное участие и вклад в укрепление корпоративной культуры и дружбы народов. Праздничное мероприятие стало ещё одним ярким подтверждением того, что главная сила Казахстана — в единстве народа, взаимном уважении и общей ответственности за будущее страны. Именно такие ценности ежедневно укрепляются в коллективе АО «СНПС-Актобемунайгаз», где представители разных национальностей трудятся плечом к плечу во благо независимого и процветающего Казахстана. |
| Система энергетического менеджмента. Уведомления |
Информация для энергопотребителей |
Транспортировка товарного газа |
Водоотведение | CBK | Объявления | Информация для акционеров | Учредительные документы |











