«Бір шаңырақ астында» — бірлік құндылыққа айналған сәт

«Бір шаңырақ астында» — бірлік құндылыққа айналған сәт



30.04.2026

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-да Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында түрлі ұлт өкілдерін біріктірген «Бір шаңырақ астында» корпоративтік байқауы өтуде.

Байқау достық, өзара құрмет пен келісім құндылықтарын нығайтуға, этностардың мәдени дәстүрлерін насихаттауға, сондай-ақ қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған. Қатысушыларға бірлік тақырыбын ашатын бейнероликтер дайындау ұсынылды: өзін таныстыру, ұлттық салт-дәстүрлерді көрсету, мәдениеттер сабақтастығын бейнелеу, сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиетіне жүгіну арқылы. Жұмыстар Instagram әлеуметтік желісінде жарияланып, жеңімпаздар көрермендердің белсенділігі — лайк пен пікір саны бойынша анықталады.

Қатысушылардың жарқын үлгілерінің бірі — Экономикалық қызметті бақылау және ревизия департаментінің директоры Ли Шуанның бейнеролигі. Ол Қазақстанда 25 жылдан бері өмір сүріп, еңбек етіп келеді. Өз сөзінде ол ел мәдениетіне деген құрметін көрсетіп, көпұлтты ортадағы өзара түсіністік пен кәсіби бірліктің маңыздылығын атап өтеді.

Бұл бейнеролик байқаудың негізгі идеясын айқын көрсетеді — бірлік формалды ұғым емес, ол құрметке, ынтымақтастыққа және ортақ құндылықтарға негізделген күнделікті өмірдің ажырамас бөлігі.

«Бір шаңырақ астында» — бұл жай ғана байқау емес. Бұл ұжым мен қоғамда қалыптасатын шынайы бірліктің көрінісі.

Бірлік мерекесі құтты болсын!

«Бір шаңырақ астында» — когда единство становится ценностью

В АО «СНПС-Актобемунайгаз» в преддверии Дня единства народа Казахстана проходит корпоративный конкурс «Бір шаңырақ астында», объединивший сотрудников разных национальностей.

Конкурс направлен на укрепление ценностей дружбы, взаимного уважения и согласия, популяризацию культурных традиций этносов, а также развитие творческого потенциала работников. Участникам предложено подготовить видеоролики, раскрывающие тему единства: через самопрезентацию, демонстрацию национальных обычаев, связь культур и обращение к казахскому языку и литературе. Работы публикуются в социальной сети Instagram, где победители определяются по активности аудитории — количеству отметок «нравится» и комментариев.

Одним из ярких примеров участия стал видеоролик директора Департамента контроля экономической деятельности и ревизии Ли Шуан, которая уже 25 лет живет и работает в Казахстане. В своём выступлении она демонстрирует уважение к культуре страны, подчеркивая важность взаимопонимания и профессионального единства в многонациональной среде.

Этот видеоролик отражает главную идею конкурса — единство не как формальность, а как ежедневную практику, основанную на уважении, сотрудничестве и общих ценностях.

«Бір шаңырақ астында» — это больше, чем конкурс. Это отражение реального единства, которое формируется в коллективе и обществе.

С праздником единства!













Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»