|
|
Болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған «Мектепке жол» акциясы салтанатты түрде өттіБолашақ бірінші сынып оқушыларына арналған «Мектепке жол» акциясы салтанатты түрде өтті 08.06.2026 5 маусым күні «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның үлкен мәжіліс залында дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы өтті. Іс-шара Басқару аппаратының, «Ақтөбемұнайсервис» және Құрылыс басқармаларының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өткізілді. Мерекелік шараға осы күзде алғаш рет мектеп табалдырығын аттайтын компания қызметкерлерінің 150-ге жуық баласы қатысты. Жалпы алғанда, 2026 жылы акционерлік қоғам бойынша шамамен 600 қызметкердің баласы бірінші сыныпқа барады. Бұл іс-шара жыл сайын өткізілетін «Мектепке жол» акциясының алғашқы кезеңі болды. Алдағы уақытта игі бастаманы қоғамның басқа да кәсіподақ ұйымдары жалғастырады. «Мектепке жол» акциясы көптеген жылдар бойы компания мен кәсіподақ ұйымдарының ең ізгі әрі маңызды әлеуметтік бастамаларының бірі болып келеді. Оның басты мақсаты – қызметкерлердің отбасыларына қолдау көрсету, болашақ бірінші сынып оқушыларына көтеріңкі көңіл-күй сыйлау және олардың мектептегі алғашқы қадамдарын жарқын әсерлермен бастауына мүмкіндік жасау. Биылғы іс-шараның ерекшелігі – мерекеге «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Бас директоры Жу Шитао мырзаның қатысуы болды. Ол балалар мен олардың ата-аналарын өмірлеріндегі маңызды кезеңнің басталуымен құттықтап, оқуда табысқа жетулеріне, білімге құштар болуларына, жақсы достар тауып, жарқын жетістіктерге қол жеткізулеріне тілектестік білдірді. Сонымен қатар Бас директор Жергілікті кәсіподақ ұйымына және Әкімшілік департаментіне іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғысын жеткізді. Сондай-ақ құттықтау сөз сөйлеген «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Жергілікті кәсіподағының төрағасы Самат Сәтов балалық шақ адам өміріндегі ең бақытты әрі алаңсыз кезең екенін атап өтті. – Дәл осы балалық шақта ең жарқын естеліктер қалыптасып, болашақ жетістіктердің негізі қаланады. Сондықтан компания басшылығы мен кәсіподақ ұйымдары қызметкерлеріміздің балалары қамқорлық пен мейірімге бөленіп, бақытты болып өсуі үшін барлық жағдайды жасап келеді. Қызметкерлердің отбасыларына қолдау көрсету – кәсіпорынның әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі, – деді ол. «Ақтөбемұнайсервис» басқармасының бастығы Анарбек Дүйсенбаев балалар мен олардың ата-аналарын құттықтап, оқушыларға білім жолында табандылық, ізденімпаздық пен белсенділік, ал ата-аналарға шыдамдылық пен балалар жетістіктеріне қуана білуді тіледі. Шара барысында балалар Бас директорға мектептегі жылдары, сүйікті пәндері мен өмір жолы туралы түрлі сұрақтар қойды. Жу Шитао мырза олардың сұрақтарына жауап бере отырып, жетістікке жетудің басты кепілі – жақсы оқу, тәртіпті болу, үлкендерді құрметтеу және алға қойған мақсатқа табандылықпен ұмтылу екенін атап өтті. Мерекелік бағдарлама қызықты ойындар мен танымдық сайыстарға толы болды. Болашақ бірінші сынып оқушылары логикалық және зияткерлік тапсырмаларға белсенді қатысып, өздерінің тапқырлығы мен білімдерін көрсетті. Мерекенің жылы атмосферасы балаларды, ата-аналарды және ұйымдастырушыларды бір арнаға тоғыстырып, барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Іс-шараның ең әсерлі сәттерінің бірі – сыйлықтар табыстау рәсімі болды. Әрбір болашақ бірінші сынып оқушысына оқу құралдарымен толық жабдықталған сапалы мектеп сөмкесі сыйға берілді. Оның ішінде дәптерлер, қаламдар, қарындаштар және басқа да қажетті кеңсе тауарлары болды. Ата-аналар компания басшылығына, Әкімшілік департаментке және кәсіподақ ұйымдарына көрсетілген қамқорлық пен қолдау үшін шынайы ризашылықтарын білдірді. Олардың айтуынша, мұндай іс-шаралар балаларды мектепке дайындауға көмектесіп қана қоймай, үлкен корпоративтік отбасының бірлігін нығайта түседі. «Мектепке жол» акциясы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның қызметкерлері мен олардың отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөлетінін тағы бір мәрте дәлелдеді. Өйткені балаларға жасалған қамқорлық – болашаққа салынған инвестиция. Ал бақытты балалар – еліміздің және қоғамымыздың жарқын келешегінің кепілі. Мерекелік іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына ерекше үлес қосқан Басқару аппаратының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Күлянда Тұрғанбаеваға қатысушылар мен ата-аналар өздерінің шынайы алғыстарын білдірді. Оның ұйымдастырушылық қабілеті мен жауапкершілігінің арқасында мереке мазмұнды әрі әсерлі өтіп, балаларға ұмытылмас көңіл-күй сыйлады. Акция «Дорога в школу» торжественно прошла для будущих первоклассников 5 июня в актовом зале АО «СНПС-Актобемунайгаз» состоялась традиционная благотворительная акция «Дорога в школу». Мероприятие было организовано на высоком уровне совместными усилиями первичных профсоюзных организаций аппарата управления, Управления «Актобемунайсервис» и Строительного управления. Участниками праздничного мероприятия стали около 150 детей работников компании, которым уже этой осенью предстоит впервые переступить школьный порог. Всего же в 2026 году в первый класс по всему акционерному обществу пойдут порядка 600 детей сотрудников. Данное мероприятие стало первым этапом ежегодной акции «Дорога в школу». В ближайшее время добрую инициативу продолжат и другие профсоюзные организации общества. Акция «Дорога в школу» на протяжении многих лет остается одной из самых добрых и значимых социальных инициатив компании и профсоюзных организаций. Ее главная цель — поддержка семей работников, создание праздничного настроения для будущих первоклассников и помощь в подготовке детей к новому важному этапу их жизни. Особым событием нынешнего года стало участие в праздничном мероприятии генерального директора АО «СНПС-Актобемунайгаз» господина Жу Шитао. Обращаясь к детям и их родителям, он поздравил будущих первоклассников с началом нового жизненного этапа, пожелал им успехов в учебе, стремления к знаниям, верных друзей и ярких достижений. Также генеральный директор выразил благодарность Локальному профсоюзу и Административному департаменту за высокий уровень организации мероприятия. С приветственным словом выступил председатель Локального профсоюза АО «СНПС-Актобемунайгаз» Самат Сатов. Он отметил, что детство является самым счастливым и беззаботным периодом в жизни человека. — Именно в детстве формируются самые светлые воспоминания и закладывается фундамент будущих успехов. Поэтому руководство компании и профсоюзные организации делают всё возможное, чтобы дети наших работников росли в атмосфере заботы, внимания и поддержки. Забота о семьях работников всегда была и остается одним из важных направлений социальной политики предприятия, — подчеркнул он. Начальник Управления «Актобемунайсервис» Анарбек Дуйсенбаев также поздравил детей и их родителей, пожелав школьникам настойчивости, любознательности и уверенности на пути к знаниям, а родителям — терпения, мудрости и радости от успехов своих детей. Особый интерес у ребят вызвало живое общение с генеральным директором. Дети задавали вопросы о его школьных годах, любимых предметах и жизненном пути. Отвечая на вопросы, господин Жу Шитао отметил, что успех приходит к тем, кто хорошо учится, соблюдает дисциплину, уважает старших и настойчиво идет к поставленным целям. Праздничная программа была наполнена увлекательными играми, конкурсами и интеллектуальными заданиями. Будущие первоклассники активно участвовали в логических и познавательных викторинах, демонстрируя свою смекалку, эрудицию и командный дух. Теплая атмосфера праздника объединила детей, родителей и организаторов, подарив всем участникам множество ярких эмоций и хорошее настроение. Одним из самых ожидаемых моментов мероприятия стало вручение подарков. Каждый будущий первоклассник получил качественный школьный рюкзак, полностью укомплектованный необходимыми канцелярскими принадлежностями: тетрадями, ручками, карандашами и другими школьными аксессуарами. Родители выразили искреннюю благодарность руководству компании, Административному департаменту и профсоюзным организациям за внимание и заботу о семьях работников. По их словам, подобные мероприятия не только помогают подготовить детей к школе, но и укрепляют атмосферу единства и сплоченности в большом коллективе предприятия. Акция «Дорога в школу» в очередной раз подтвердила, что АО «СНПС-Актобемунайгаз» уделяет особое внимание социальной поддержке работников и их семей. Ведь забота о детях — это вклад в будущее, а счастливые дети являются главной ценностью и надеждой завтрашнего дня. Особые слова признательности участники мероприятия и родители адресовали председателю первичной профсоюзной организации аппарата управления Кулянде Турганбаевой. Благодаря её высокому профессионализму, организаторским способностям и ответственному отношению к делу мероприятие прошло на высоком уровне, подарив детям незабываемые впечатления, радость и праздничное настроение. Публикация подготовлена Локальным профсоюзом совместно с Администрацией Генерального директора |
| Система энергетического менеджмента. Уведомления |
Информация для энергопотребителей |
Транспортировка товарного газа |
Водоотведение | CBK | Объявления | Информация для акционеров | Учредительные документы |





