Ардагерлерге құрмет – шахмат турнирінде жалғасын тапты


Ардагерлерге құрмет – шахмат турнирінде жалғасын тапты



06.05.2025

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы ардагерлерге арналған шахмат турнирін ұйымдастырды. Бұл – тек жарыс қана емес, сонымен қатар ұзақ жылдар бойы мұнай-газ саласында аянбай еңбек еткен жандарға деген терең тағзым мен алғыс белгісі.

Компания ардагерлерін әрдайым ерекше ықыласпен еске алып, олардың өмірлік жолына, кәсіби тәжірибесіне зор құрметпен қарайды. Мұнайлы өлкеге сіңірген еңбектерімен ел дамуына үлес қосқан ардагерлер – «СНПС-Ақтөбемұнайгаздың» алтын қорына айналған тұлғалар.








Турнирге қатысушылар шахмат үстінде өз шеберліктерін ортаға салып, интеллектуалды тартыс жүргізді. Бұл күні шахмат тақтасында – терең ой, дәл есеп, ұтымды тактика мен достықтың шынайы көрінісі орын алды. Ардагерлер арасындағы жылы жүздесулер мен естеліктерге толы әңгімелер іс-шараның ерекше атмосферасын айқындай түсті.

Жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы Самат Сәтұлы Сәтов барлық қатысушыларға алғыс айтып, жеңімпаздарға естелік хаттар мен қаржылай сыйлықтар табыстады. Турнир соңында ардагерлер бейформал әңгіме құрып, өткенді еске алып, бір-біріне ізгі тілектерін білдірді.

Компания атынан барша ардагерлерге зор денсаулық, ұзағынан сүйіндірер ғұмыр және жарқын көңіл күй тілейміз. Сіздердің өмір жолдарыңыз – кейінгі ұрпаққа үлгі!















Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»