|
|
БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ — ҚҰЛЫБЕК ҒАРЫШБЕК!«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның инженер-диспетчері асық атудан өткен республикалық турнирде екінші жыл қатарынан жеңіске жетіп, бас жүлде — автокөлікті иеленді.
БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ — ҚҰЛЫБЕК ҒАРЫШБЕК! «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның инженер-диспетчері асық атудан өткен республикалық турнирде екінші жыл қатарынан жеңіске жетіп, бас жүлде — автокөлікті иеленді. 27.10.2026 25 қазанда Қазақстан Республикасының Республика күніне орай Ақтөбе қаласындағы «Жекпе-жек» спорт сарайында ұлттық спорт түрі — асық атудан III республикалық «Respublica» турнирі өтті. Байрақты бәсекеге еліміздің 19 өңірінен 38 спортшы қатысты. Турнирдің басты жеңімпазы — «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Мұнай және мұнай өнімдерін өткізу басқармасының инженер-диспетчері Құлыбек Ғарышбек. Ол жоғары шеберлігі мен мергендігін, табандылығы мен төзімділігін көрсетіп, жарыстың бас жүлдесі — автокөлікті жеңіп алды! Құлыбек Ғарышбектің бұл жетістігінің орны ерекше. Ол аталған турнирдің бас жүлдесін екінші жыл қатарынан иеленіп, республикалық деңгейде өзінің жоғары спорттық шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Құлыбек Ғарышбек — асық атудан Қазақстан Республикасының спорт шебері, ұлттық құраманың мүшесі, республикалық және облыстық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы әрі жүлдегері. Ол көптеген жылдар бойы түрлі деңгейдегі жарыстарда Ақтөбе облысының намысын абыроймен қорғап, ұлттық спорттың дамуы мен кеңінен насихатталуына елеулі үлес қосып келеді. Әріптесіміздің белсенділігі мен бастамашылдығы спорттық жетістіктерімен ғана шектелмейді. Ол «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ еңбек ұжымдары арасында асық атудан жарыстар ұйымдастыруға атсалысып, төрешілік етеді, тәжірибесі мен білімін әріптестерімен бөліседі. Осындай игі істерінің арқасында ұлттық ойынымыз кәсіпорын қызметкерлері арасында кеңінен танылып келеді. Кәсіби қызметі мен спортты қатар алып жүрген Құлыбек Ғарышбек мақсаткерліктің, еңбекқорлықтың және ұлттық дәстүрлерге адалдықтың жарқын үлгісін көрсетіп жүр. Биылғы жылдың 4–6 желтоқсан күндері Ақтөбе қаласында жастар арасында асық атудан әлем чемпионаты өтеді. Алдағы халықаралық жарыста Құлыбек Ғарышбек Қазақстанның ұлттық құрамасы сапында ел намысын қорғайды. Бұл — спортшымыздың өміріндегі маңызды белес қана емес, бүкіл өңір мен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ еңбек ұжымы үшін де зор мәртебе. Әлемдік деңгейдегі жарысқа қатысу — үлкен құрмет әрі жауапкершілік. Әріптесіміздің чемпионатқа тыңғылықты дайындалып, халықаралық аренада лайықты өнер көрсетуіне қажетті жағдай жасауға компания тарапынан қолдау көрсетіледі деп сенеміз. Қазақстанның атын әлемдік аренада танытатын талантты спортшыларды қолдау — ұлттық спорт түрлерін дамытуға, еліміздің спорттық беделін нығайтуға және кәсіпорын абыройын арттыруға қосылған маңызды үлес. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Бас директор әкімшілігі мен қызметкерлердің Жергілікті кәсіподағы Сізді кезекті жарқын әрі лайықты жеңісіңізбен шын жүректен құттықтайды! Ақтөбе облысының абыройын асқақтатып, ұлттық спортты насихаттап, бүкіл еңбек ұжымын қуанышқа бөлеген жетістіктеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, кәсіби қызметіңізге табыс және спортта жаңа биіктерді бағындыруыңызды тілейміз
НАША ГОРДОСТЬ — ҚҰЛЫБЕК ҒАРЫШБЕК! Инженер-диспетчер АО «СНПС-Актобемунайгаз» второй год подряд становится победителем республиканского турнира по асық ату и завоёвывает главный приз — автомобиль. 25 октября, в преддверии Дня Республики Казахстан, во Дворце спорта «Жекпе-жек» города Актобе состоялся III республиканский турнир «Respublica» по национальному виду спорта асық ату. В соревнованиях приняли участие 38 спортсменов из 19 регионов страны. Главным триумфатором турнира стал наш коллега — инженер-диспетчер Управления сбыта нефти и нефтепродуктов АО «СНПС-Актобемунайгаз» Құлыбек Ғарышбек. Продемонстрировав высокое мастерство, меткость и выдержку, он вновь завоевал главный приз соревнований — автомобиль! Особенно примечательно, что Құлыбек Ғарышбек становится обладателем главного приза второй год подряд, подтверждая свой высокий спортивный класс и добиваясь выдающегося результата на республиканском уровне. Құлыбек Ғарышбек — мастер спорта Республики Казахстан по асық ату, член национальной сборной страны, многократный победитель и призёр республиканских и областных соревнований. На протяжении многих лет он достойно представляет Актюбинскую область на спортивных состязаниях различного уровня, внося значительный вклад в развитие и популяризацию национального спорта. Активная жизненная позиция нашего коллеги проявляется не только в личных спортивных достижениях. Он принимает участие в организации соревнований по асық ату среди трудовых коллективов АО «СНПС-Актобемунайгаз», выступает в качестве судьи, делится опытом и практическими знаниями с коллегами. Благодаря его инициативности национальная игра получает всё большее распространение среди работников предприятия. Успешно совмещая профессиональную деятельность с занятиями спортом, Құлыбек Ғарышбек служит достойным примером целеустремлённости, трудолюбия и приверженности национальным традициям. С 4 по 6 декабря текущего года в Актобе состоится чемпионат мира по асық ату среди молодёжи. На предстоящих международных соревнованиях Құлыбек Ғарышбек будет представлять Казахстан в составе национальной сборной команды. Это важное событие не только в спортивной биографии нашего коллеги, но и для всего региона и трудового коллектива АО «СНПС-Актобемунайгаз». Участие спортсмена в соревнованиях мирового уровня — большая честь и ответственность. Уверены, что поддержка со стороны компании станет важным вкладом в создание необходимых условий для подготовки и достойного выступления нашего коллеги на международной арене. Поддержка талантливых спортсменов, представляющих Казахстан на мировом уровне, способствует развитию национальных видов спорта, укреплению спортивного престижа страны и повышению авторитета предприятия. Администрация генерального директора и Локальный профессиональный союз работников АО «СНПС-Актобемунайгаз» от всей души поздравляют Вас с очередной яркой и заслуженной победой!
|
| Система энергетического менеджмента. Уведомления |
Информация для энергопотребителей |
Транспортировка товарного газа |
Водоотведение | CBK | Объявления | Информация для акционеров | Учредительные документы |





