«Ауыл тынысы» этно-байқауы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-дағы ұлттық дәстүрлер мен жастар бірлігінің жарқын көрінісі.

«Ауыл тынысы» этно-байқауы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-дағы ұлттық дәстүрлер мен жастар бірлігінің жарқын көрінісі.



20.05.2026

2026 жылғы 15 мамырда «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Әкімшілік департаментінің Тіл саясаты және аударма бөлімі «Мұнайшы» сауықтыру лагерінде Компанияның департаменттері мен филиалдарының жастары арасында кең ауқымды «Ауыл тынысы» этно-байқауын ұйымдастырды. Аталған іс-шара ұлттық құндылықтарды насихаттаудың, жас мамандардың шығармашылық әлеуетін ашудың және корпоративтік бірлікті нығайтудың маңызды алаңына айналды.

Байқаудың негізгі мақсаттары — қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ауыл өмірінің тыныс-тіршілігін дәріптеу, жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, этно-стильді заманауи үрдістермен үйлестіру, ұжымдағы командалық рухты нығайту, сондай-ақ «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ жас қызметкерлері арасында ұлттық мұраға деген құрметті қалыптастыру болды.

Этно-байқаудың салтанатты ашылуына «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Бас директоры Жу Шитао мырза мен Жергілікті кәсіподақ комитетінің төрағасы Сатов Самат Сатұлы қатысты. Компания басшылары қатысушыларды құттықтап, ұлттық мәдениетті сақтау, жастар бастамаларын қолдау және рухани құндылықтар мен салт-дәстүрлерге құрметке негізделген корпоративтік ортаны дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Байқауға Компанияның 75 жас маманы қатысты. Қатысушыларға қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс-тіршілігі мен ұлттық қолданбалы өнерінің ерекшеліктерін бейнелейтін тақырыптық тапсырмалар ұсынылды.

Қыздар бауырсаққа қамыр илеу және дайындау, бауырсақ пісіру, жүн түтіп, ұршықпен жіп иіру, құрақ құрау мен көрпе тігу, сондай-ақ ұлттық тағамдар әзірлеу бойынша бақ сынасты. Ал жігіттер қазан ыстау, тазалау, самаурын қайнату, арқан есу, малға ноқта жасау және мергендер сайысында өз шеберліктерін көрсетті.

Ұлттық қолданбалы өнер бағыттары қатысушылар мен көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды. Жастар атадан балаға мирас болып келе жатқан қазақ халқының дәстүрлі қолөнерін зор ынтамен насихаттады. Қатысушылар ұршықпен жіп иіру, құрақ құрау және көрпе тігу өнеріндегі шеберліктерін көрсетіп, ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетке деген терең құрметтерін танытты.

Байқау барысында қыздар жіп иіру тәсілдерін шебер меңгеріп, қазақы ою-өрнектерді пайдалана отырып ұлттық нақыштағы бұйымдар жасады, сондай-ақ көрпенің дәстүрлі тұрмыстағы маңызды орнын таныстырды. Ұлттық қолөнердің бұл түрлері жастардың ұлттық мұраға деген құрметін арттырып, біртіндеп ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерді келер ұрпаққа сақтап жеткізуге ықпал етті.

Іс-шараның жігіттер арасындағы сайыстары да ерекше тартымды әрі тағылымды болды. Жас мамандар қазақ халқының көшпелі мәдениетінде маңызды орын алатын ежелгі қолөнер түрлері — арқан есу мен малға ноқта жасаудағы шеберліктерін көрсетті. Қатысушылар жіп есіп, арқан дайындау тәсілдерін таныстырып қана қоймай, олардың күнделікті тұрмыстағы қолданылуы туралы жан-жақты баяндады.

Көрермендердің ерекше қызығушылығын малға арналған ноқта жасау үдерісі тудырды, бұл жерде жастар ата-бабаның қолөнер мұрасына деген құрмет пен дәстүр сабақтастығын айқын көрсетті. Мұндай байқаулар жас қызметкерлерге қазақ халқының тарихы, тұрмыс-тіршілігі мен өмір салтымен тереңірек танысуға мүмкіндік беріп, ұлттық бірегейлік сезімі мен мәдени жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.

Айта кету керек, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ жастары бұған дейін де Компанияның түрлі мәдени-көпшілік және зияткерлік іс-шараларына, соның ішінде КВИЗ-ойындарға, тақырыптық кештер мен танымдық кездесулерге белсене қатысып келеді. Жас мамандар үнемі жоғары шығармашылық белсенділікті, білімділікті, бастамашылдықты және командалық ұйымшылдықты көрсетіп жүр.

Іс-шараны ұйымдастырушылар Компания басшылығы мен Жергілікті кәсіподақ комитетіне мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор іс-шараларды өткізуге жағдай жасағаны, сондай-ақ жастар бастамаларын тұрақты қолдағаны үшін шынайы алғыстарын білдірді. Сондай-ақ ұлттық құндылықтарды насихаттауға, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және олардың мәдени белсенділігін арттыруға қосқан үлесі үшін ерекше ризашылықтарын жеткізді.

Компания басшылығы тарапынан көрсетілетін қолдау жас мамандар үшін қуатты ынталандыру болып табылады, ұжымның қоғамдық өміріне олардың белсенді қатысуына, өнер мен ұлттық дәстүрлерге қызығушылығының артуына және корпоративтік мәдениеттің нығаюына ықпал етеді.

«Ауыл тынысы» этно-байқауы ұлттық дәстүрлер, шығармашылық және корпоративтік бірлік заманауи өндірістік ортада табысты үйлесіп, жастарды ортақ рухани құндылықтар, тарихқа құрмет және туған мәдениетке деген сүйіспеншілік төңірегіне біріктіре алатынын айқын көрсеткен жарқын үлгі болды.





Этно-конкурс «Ауыл тынысы» — яркое воплощение национальных традиций и молодежного единства в АО «СНПС-Актобемунайгаз»

15 мая 2026 года Отдел языковой политики и переводов Административного департамента АО «СНПС-Актобемунайгаз» организовал в оздоровительном лагере «Мұнайшы» масштабный этно-конкурс «Ауыл тынысы» среди молодежи департаментов и филиалов Компании. Мероприятие стало значимой площадкой для популяризации национальных ценностей, раскрытия творческого потенциала молодых специалистов и укрепления корпоративного единства.

Основными целями конкурса стали популяризация казахских традиций и сельского уклада жизни, развитие творческих способностей молодежи, гармоничное сочетание этно-стиля с современными тенденциями, укрепление командного духа в коллективе, а также воспитание уважения к национальному наследию среди молодых работников АО «СНПС-Актобемунайгаз».

Торжественное открытие этно-конкурса состоялось при участии Генерального директора АО «СНПС-Актобемунайгаз» господина Жу Шитао и Председателя Локального профсоюзного комитета Сатова Самата Сатұлы. Руководители Компании поздравили участников и подчеркнули важность сохранения национальной культуры, поддержки молодежных инициатив и развития корпоративной среды, основанной на духовных ценностях и уважении к традициям.

В конкурсе приняли участие 75 молодых специалистов Компании. Для участников были подготовлены тематические задания, отражающие особенности традиционного казахского быта и народного прикладного искусства.

Девушки соревновались в замесе и подготовке теста для баурсаков, выпечке баурсаков, обработке шерсти и прядении на веретене, лоскутном шитье и изготовлении корпеше, а также приготовлении национальных блюд. Юноши демонстрировали мастерство в обжиге и чистке казана, кипячении самовара, плетении верёвки, изготовлении недоуздка для скота и состязании среди метких стрелков.

Особый интерес участников и зрителей вызвали направления национального прикладного искусства. Молодежь с большим энтузиазмом популяризировала традиционные ремесла казахского народа, передающиеся из поколения в поколение. Участники продемонстрировали мастерство прядения на веретене, искусство лоскутного шитья и изготовления корпе, отражающие глубокую связь с национальными традициями и культурой.

Во время конкурса девушки мастерски осваивали способы прядения нити, создавали изделия в национальном стиле, используя разнообразные казахские орнаменты, а также демонстрировали значение корпе как важного элемента традиционного быта. Эти виды народного ремесла способствовали укреплению уважения молодежи к национальному наследию и сохранению постепенно утрачивающихся традиций для будущих поколений.

Не менее зрелищной и познавательной частью мероприятия стали соревнования среди юношей. Молодые специалисты продемонстрировали навыки плетения верёвок и изготовления недоуздка для скота — древних ремесел, имеющих важное значение в кочевой культуре казахского народа. Участники не только показывали способы свивания нитей и изготовления арканов, но и подробно рассказывали об их практическом применении в повседневной жизни.

Большой интерес у зрителей вызвал процесс изготовления недоуздка для скота, в ходе которого молодежь продемонстрировала преемственность традиций и уважение к ремесленному наследию предков. Такие конкурсы позволяют молодым работникам глубже познакомиться с историей, бытом и образом жизни казахского народа, а также способствуют формированию чувства национальной идентичности и культурной ответственности.

Следует отметить, что молодежь АО «СНПС-Актобемунайгаз» и ранее активно участвовала в различных культурно-массовых и интеллектуальных мероприятиях Компании, включая КВИЗ-игры, тематические вечера и познавательные встречи. Молодые специалисты неизменно демонстрируют высокий уровень творческой активности, знаний, инициативности и командной сплоченности.

Организаторы мероприятия выразили искреннюю благодарность руководству Компании и Локальному профсоюзному комитету за создание условий для проведения содержательных и воспитательно значимых мероприятий, а также за постоянную поддержку молодежных инициатив. Особая признательность была выражена за вклад в популяризацию национальных ценностей, развитие творческого потенциала молодежи и повышение их культурной активности.

Поддержка со стороны руководства Компании служит мощным стимулом для молодых специалистов, способствует их активному участию в общественной жизни коллектива, развитию интереса к искусству, национальным традициям и укреплению корпоративной культуры.

Этно-конкурс «Ауыл тынысы» стал ярким примером того, как национальные традиции, творчество и корпоративное единство могут успешно сочетаться в современной производственной среде, объединяя молодежь вокруг общих духовных ценностей, уважения к истории и любви к родной культуре.

















Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»